тапсырма. Стереомертия курсында «Векторлар» тақырыбын баяндау жүйесін талдаңыздар. Жазықтықтағы векторлармен аналогияны қолдану жағдайы туралы сұрақты талдаңыздар.
тапсырма. Мына тұжырымдар дұрыс бола ма: а) төртбұрыш ромб болу үшін оның симметрия центрі болуы қажетті, б) төртбұрыш ромб болу үшін оның симметрия центрі болуы жеткілікті, в) төртбұрыш болу үшін оның симметрия центрі болуы қажетті және жеткілікті?
тапсырма. Келесі есепті шешудің әдістемесін жасаңыз:
«Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштарының биссектрисалары өзара параллель екендігін дәлелдеңіздер» Шешудің әр кезеңін ескеріп, есептің шешімін іздеуде есепті шешу схемасын қолдану керек пе? Шешу жабдықтарын ойластырыңыздар.
тапсырма. Тік призманың көлемін табу теоремасының дәлелдемесіне логикалық талдау жасаңыздар. Осы теореманы дәлелдеуде қандай қасиеттер көлемі қолданылады. Осы тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырыңыздар.
Негізгі сұрақтар: 1) сандар ұғымын дамыту; 2) математика курсындағы функцияны оқыту; 3) теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 15, 17, 26, 28, 29, 33, 46, 58], сонымен қатар алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдар.
тапсырма. «Натурал және бөлшек сандар» тақырыбына әдістемелік талдау жасаңыз (V сынып).
тапсырма. «Бөлудің қасиеттері» тақырыбын талдаңыздар (V сынып). Осы тақырыпты түсіндіруде мұғалімнің негізгі міндеті қандай? Аталған тақырыпты түсіндіру барысында қандай әдістемелік қиыншылықтарды байқайсыз? Осы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін қалай тексересіз?
тапсырма. «Теріс сандар» (VІ сынып) тақырыбын түсіндіру бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар. Оқушылармен жұмыс істеу барысында қандай әдістемелік қиындықтар туындауы мүмкін? Осыдан шығу жолы қандай?
тапсырма. VІІ – ІX сынып алгебра оқулығының құрылымымен танысыңыздар. Мектепте (алгебра бойынша) қандай теориялық материалдар оқытылады? Жаңа қандай ұғымдар қарастырылған. Теориялық материалдың мазмұнын беру қағидасы қандай?
тапсырма. «Ондық логарифм қасиеттері» (ІХ сынып) тақырыбы бойынша әр түрлі қиындық дәрежеде практикалық 6 карточка құрастырыңыздар.
тапсырма. Функция ұғымы математикалық ұғымдардың негізгісі болып табылады. Қазіргі оқулықтардағы функция ұғымы калай анықталған?
тапсырма. Функцияның анықталу облысын табу жаттығуларын орындау барысында оқушыларға қиындық туғызады. Мұғалімнің толық түсіндіруі өте қажет. Төмендегі функциялардың анықталу облысын қалай түсіндіресіз?
f( x)
1,
f( x) x,
f( x)
f( x)
x2 1.
f( x)
2 x;
f( x)
f( x)
x2 4
1 .
тапсырма. Функция және квадраттық функция қасиеттері бойынша оқушылардың білімін тексеру нұсқаларын қарастырыныздар.
тапсырма. Көрсеткіштік функция ұғымына кіріспе материалының құрылымымен танысыңыздар. Көрсеткіштік функция қасиеттерін түсіндіру (І нұсқа) және осы қасиеттерді бекіту (ІІ нұсқа) бойынша сабақ жоспарын құрып, өткізіңіздер.