тапсырма. Геометриялық есептерді шешу әдістерімен танысыңыздар. Төменгі сыныптарда геометрия курсы бойынша осы әдістердің қайсысы кең қолданылады?
тапсырма. Төменде берілген есептерді шешудің әдістемелік жұмыс нұсқаларын көрсетіңіздер:
Параллелограмның қабырғалары 10 см-ге және 3 см-ге тең. Үлкен қабырғаға ірегелес жатқан екі бұрыштың биссектрисалары қарама- қарсы қабырғаны үш кесіндіге бөледі. Осы кесінділерді табыңыз.
Тік призманың табаны-тең бүйірлі үшбұрыш. Оның тең қабырғаларының арасындағы бұрыш α-ға тең. Жоғары табанының төбесінен тең бүйірлі жақтарының диагональдары жүргізілген, олардың арасындағы бұрыш β-ға тең. Пизманың бүйір бетін табыңыздар.
тапсырма. 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Мұнда қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Оқу материалының үлестірімі қандай? Қанша бақылау жұмысы қарастырылған. Емтиханға дайындақ мақсатында қайталау материалдары қалай жоспарланған?
тақырып. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі
Негізгі сұрақтар: 1) математикадан сыныптан
тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері; 2) сыныптан тыс жұмыстың жүйелері; 3) математикадан факультативтік сабақтар және оның өткізу әдістемесі.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 7, 9, 10, 11, 13, 15, 21, 23, 25, 43, 47, 52]
тапсырма. Математика мұғалімінің барлық оқу – тәрбие жұмысы сынып және сыныптан тыс жұмыстарды белгілі бір дәрежеде ұйымдастыруға бағытталуы тиіс. VІІІ сыныпқа арналған сыныптан тыс жұмыстардың