Математиканы оқыту әдістемесі



бет40/49
Дата11.06.2023
өлшемі313,26 Kb.
#100530
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
тапсырма. Мектепте математикалық кештерді өткізу әдістемесімен танысыңыздар. «Қазіргі кездегі математика» тақырыбы бойынша математикалық кешті өткізу жоспарын құрастырыңыздар және оған керекті әдебиеттерді көрсетіңіздер.

  • тапсырма. «Математика апталығын» өткізу жоспарын жасаңыздар.

    Онда оқушылардың ролі кандай?

      1. тапсырма. Мектепте математика кабинетінің жұмыс жоспары кандай? Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтаңыздар.

      2. тапсырма. Математикалық конференцияны даярлау және өткізу әдістемесі.

      3. тапсырма. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары, мазмұны және негізгі формаларына тоқталыныз.

      4. тапсырма. Математиканы оқытуда іскерлік ойындарын пайдалану.
    1. тақырып. Геометрияны оқыту әдістемесі




    Негізгі сұрақтар: 1) планиметрия курсын оқыту әдістемесі;

    1. геометрия есептерін шешудің әдістері; 3) стереометрия курсын үйрену әдістемесі.

    Әдебиеттер: [3, 14, 33, 35, 39, 45, 50, 51, 54, 55], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған оқулықтар.

      1. тапсырма. Геометрияны оқытудың негізгі кезеңдерін атаңыздар.

      2. тапсырма. Геометриялық материалды мазмұндау кезінде қандай әдісті қолдану басым болады? Мысал келтіріңіздер.

      3. тапсырма. «Сыбайлас бұрыштар» тақырыбындағы тапсырмаларды талдаңыздар. Олардың ішінен «сыбайлас бұрыштар» ұғымын енгізудегі дәлелдеуді болдыратын, оның мазмұнын ашатын және енгізілетін ұғымды бекітетіндерін атап көрсетіңіздер. Осы ұғымды бекітетін тапсырмалар қандай оқу жаттығу түрлеріне жатады?

      4. тапсырма. «Осьтік симметрия» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар. Түзуге қарағанда симметриялы, нүктелер ұғымын енгізу кезінде проблемалық ахуал туғызу мәселесін қарастырыңыздар.

      5. тапсырма. V және VI сыныптардағы геометриялық материалды баяндау әдістерінің салыстырмалы талдауын беріңіздер. Мысалдар келтіріңіздер.

      6. тапсырма. V және VI сыныптарда математиканы оқытуда фигуралардың ауданы мен көлемі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін сипаттаңыздар. Олар ұғымдардың қай түріне жатады?

      7. тапсырма. Келесі есептің шешу әдістемесін құрастырыңыздар: М нүктесінен (0;r) шеңберіне жанамалар жүргізілген. Дәлелдеңдер:

    а) А1 А2МО ; б)
    А1МО  A2МО , мұндағы
    А1 және
    А2 - әр кезеңдегі жанасу

    нүктелері: 1) есептің талдауы, 2) жоспар құру және есептің шешімін табу,

    1. жоспардың орындалуы, 4) зерттеу. Берілген есептің дидактикалық талдауын орындаңыздар.

    1. тапсырма. «Түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі» тақырыбы бойынша сабақтың жоспарын құрастырыңыздар.

    2. тапсырма. Стереометрияны оқу барысында көрнекілік құралдарды қолдану сұрақтарын қарастырыңыздар. Қандай жағдайда оларды қолдану пайдалы?

    3. тапсырма. «Призма» тақырыбы бойынша мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмысын талдаңыздар.

    Нұсқау: Жаңа материалды түсіндіру барысында мынаған көңіл бөліңіздер: а) призма анықтамасы, б) призма табанының теңдігі туралы теорема, в) призма түрлері.

    1. тапсырма. «Шардың көлемі» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар.

    2. тапсырма. «Кеңістіктегі түрлендірулер» тақырыбына логикалық және дидактикалық талдау жасаңыздар. Осы материалды баяндау кезінде қандай оқыту әдісі тиімді?



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет