Математиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы



Дата07.01.2022
өлшемі93,5 Kb.
#18954
Байланысты:
Математиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы


Математиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы

Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) – педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» – «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.

Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.

Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.

Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.

Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәірден басталып, біздің зманымызға дейінгі VI-V ғасырларға дейін созылды. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б.) қалыптасады.

Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зертеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.

Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған бұл дәірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтимаодықтар теориясы т.б.

Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады.

Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар.: өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі өз талабы. Математика өз тарапынан басқа ғалымдардың даму барысына да пәрменді әсер етіп отырады.

Математика мен математиканы оқыту тарихи тұрғыда қарбалас жүреді, өйткені адамзат қоғамының тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі – ұрпақтан ұрпаққа ғылым , білім ауысуы, яғни оқу, оқыту дәстүрінің қалыптасуы болып табылады. Бұл түптеп келгенде педагогика, әдістеме мәселелеріне саяды. Мысалы, біздің қолымыздағы ең ескі математикалық жазба ескерткіштер бұдан 4-5 мың жыл бұрын Египетте жазылған папитустар екені мәлім. Осы құжаттармен мұқият таныса келе олардағы арифметикалық, геометриялық есептермен қоса оларды шешудің әдістемелік қолайлы ережелерін де кездестіреміз, оқушылырдың ынтасын арттыруды көздеген қызық есептер де бар.

Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын еі күрделі мәселе – іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой – өрісіне, күш – қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:

а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық – экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;

ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар пайда болуы;

б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаң мүмкіндіктері мен қырларының ашылуы;

в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибелерін пайдалану. Мысалы, бұдан 25-30 жыл бұрын мектеп математикасы құрамында «арифметика», «тригонометрия» деп аталатын пәндер болатын, қазір бұлар дербес емес, олардың мазмұны басқа пәндерге енгізілген (бастауыш сыныптағы математика, жоғарғы сыныптардағы алгебра, геометрия, алгебра және анализ бастамалары). Бұлардың орнына көптеген ғылыми жаңа тараулар енгізілді (туынды, векторлар, координаттар, геометриялық түрлендірулер т.б.).

Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс:

1) Математиканы не үшін оқыту керек?

2) Нені оқыту керек және андай тәртіппен, ретпен оқыту керек?

3) Математиканы қалай оқыту керек?

Осыған сәйкес математика әдістемесі үш негізгі кешенді проблема туындайды. Олар:

1) мектеп (немесе басқа оқу орны) математика курсының мазмұны жайлы проблема;

2) осы курстың құрылымы туралы проблема;

3) оқыту әдістері жайлы мәселе. Осы проблемелардың мән – мағынасына қысқаша тоқталып өтейік.

Математиканы оқытудың көп ғасырлық тарихына қарап отырсақ, оның мазмұны өте ерте замандағы жай санау мен қарапайым фигурларды оқытудкн XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан математикалық пәндер жүйесіне дейін қалай өзгергенінің куәсі боламыз (көрнекі геометрия элементтері аралас келетін арифметиканың бастауыш курсы, арифметика, алгебра, планиметрия, стереометрия, және тригонометрияның жүйелі курстары).

XX ғасырдың басында орта мектептерде математиканы оқытуды кемелдендіру, жаңартуды көздеген реформа жүргізу үшін прогрессивті халықаралық қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыс XX ғасырдың екінші жартысында онан сайын күшейе түсті. Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізіліп жатқан математика курсының реформасы осының айғағы болып табылады. Ол толассыз іске асырылып отыратын үдіс: бір реформа аяқталысымен келесісіне ғылыми практикалық дайындық басталады. Осыған байланысты әдістеме алдына жалпы мектеп үшін математикалық ақпарат жүйесін іріктеу принциптерін негіздеу және дидактикалық өңдеу, талдау міндеті қойылады.

Математика пәнінде қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қарбалас, оларды қандай ретпен, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жеткізу проблемасы шешуін табу керек. Бұл үшін отандық және шетелдік психолог, педагог және әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелері есепке алынады. Мысалы, психология ғылымының қол жеткен табыстары бастауыш мектеп жасындағы балалардың қазіргі математиканың кейбір идеяларын игеруге бейім келетінін ашып отыр. Бұл жағдайда бастауыш мектеп математикасының құрылымы мен мазмұнын кемелдендіруде, өзгертуге еске алынуда.

Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет:

1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;

2) курстың мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;

3) бұл мәселелердің мектептегі математикалық білім берудегі мәнін анықтау;

4) материалды дидактикалық өңдеу, талдау, оның ұғымдылығын, қоғамдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.

Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаң әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстүрлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан соңғы кездерде сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістері кең қолданылуда.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру жолында әдіскер ғалымдарымыз толассыз ізденіс жұмыстарын атқаруда, олармен бірге мыңдаған математика мұғалімдері де күнделікті әрбір сабақ үстінде тәжірибелер жинақтап бұл іске өз үлестерін қосуда.

Сондықтан да жоғарыда көрсетілген математиканың қазіргі дидактикасының үш негізгі проблемасы арасында оқыту әдістерінің дәстүрлі проблемасы, бұл ғылымның ең басты проблемасы болып қала береді.

Математика пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуге тиіс екендігі мектеп математикасы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетілген.

Бағдарламалар мен жаңа мектеп оқулықтарына талдау әрбір сыныпқа арналған оқулықтарда, мұғалімдерге арналған қосымша кітаптарда келтіріледі. Ал «математиканы қалай оқыту керек» деген мәселе «математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің еншісіне тиеді. Оның жалпы құрылымын мынадай сүлбемен (схемамен) көрсетуге болады.

Мектептерде білім берудің және оны оқыту әдістемесінің дамуы

Математикалық оқыту әдістерінің қарапайым бастамалары өте ерте заманда алғашқы мектептердің пайда болу кезінен басталғанмен, математика педагогикасы дербес ғылым ретінде тек XX ғасыр қарсаңында қалыптасады.

Халықаралық мектептік білім бурудің XIX-XX ғасырлардағы дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда XIX ғасырда қалыптасқан дәстүрлі мектептік білім беру жүйесі.

XIX және XX ғасырлардың шекарасында пайда болған математиканы оқыту жайлы халықаралық реформалық қозғалыс.

Математиканы оқытудың қайта құру қозғалысының қазіргі кезеңгі математикалық білім беру жөнінде халықаралық реформа қазір де жүріп жатыр. 1968 жылы бұрынғы КСРО – да математикадан жаңа мектеп бағдарламасы қабылданды. Бұл реформаның басты ерекшеліктері:

а) мектепте өтілетін математикалық барлық курсты (бастауыш сыныптарды қоса) түбегейлі түрде өзгерту;

ә) төменгі сыныптарға алгебра элементтерін енгізу;

б) төменгі сыныптарда оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту;

в) IV-V сыныптарда арифметика мен алгебра бастамаларымен қатар қысқа геометриялық алдын ала дайындық курсын өт у;

г) геометрияның жүйелі курсының аксиоматикалық негізін күшейту;

д) геометриялық түрлендірулерді көбірек пайдалану;

е) геометрия курсына векторларды енгізу (7 – сыныптан бастап) және бұл аппаратты геометрияның жүйелі курстарында кеңінен қолдану;

ж) жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтерін енгізу;

з) жиын ұғымы және жиындарға амалдар қолдану элементтерін енгізу;

и) дифференциалдық есептеу элементтерін енгізу.

Бұлардан басқа VII-IX сыныптарда оқушылардың қалауы бойынша математикадан факультативтік курс өткізу көзделеді.

Жаңа бағдарламаны іске асыру математиканы оқыту әдістерін де өзгертуді қажет етеді, әсіресе оқушылардың оқу, үйрену барысында өзіндік белсенділігін барынша арттыру, оларды ғылыми зерттеу дағдыларын тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлуге тура келеді.

Математика бойынша жаңа бағдарламаға көшу 1974-1975 оқу жылында толық аяқталды. Қазір егеменді Республикамызда бағдарламалар мен оқулықтар қайта қаралып кемелдендірілу үстінде. Бұл өзгерістер үздіксіз жүре беретін табиғи үрдіс болып табылады.

Математикалық білім беру реформасының идеясын іске асыру әрекеттері қазір негізгі екі бағытта жүргізілуде.

Оқу пәні ретінде математика мазмұнын өзгерту, бұл өзгеріс ескі дәстүрлі «классикалық математика» негізінде емес, «қазіргі» математика негізінде жүргізілуі тиіс. Осыған сәйкес мектепте математиканы оқытудың жүйесі мен әдістерін қайта қарастыру қолға алынды.

«Классикалық» математиканың мәні ескірген кейбір мәселелерін алып тастап, оның орнына қазіргі математиканың кейбір тарауларынан негізгі мағлұматтар енгізу жолымен мектептегі математика курсын біртіндеп жаңарту. Мектептегі математикалық пәндер арасындағы және математика оқу пәнімен практика арасындағы байланысты күшейте түсу идеясы басшылықа алынды. Бұл да оқыту әдістерін талап етеді.

Математиканы оқыту методикасы пәні және оның міндеттері

Математиканы оқыту методикасы – математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Математиканы оқыту методикасы – педагогикалық ғылым, сондықтан да ол коммунистік қоғамның талаптарына сай, педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту методикасы математикалық материалдарды оқып үйренудің ерекшеліктеріне қарай, барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға негізделген.

Математиканы оқыту методикасы мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. Дегенмен, методика мұғалімге арналған ережелер мен тәлімгерліктің жиынтығы емес, математиканы оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейтін, мұғалімнің творчестволық ізденуіне бағыт беретін ғылым болып саналады.

Методика оқу пәнінің мазмұнын, оқытудың әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте, бір-бірімен байланыстыра зерттейді. Оның үстіне методика оқу жұмысының ұйымдастыру құралдары мен жабдықтарын анықтайды. Сөйтіп, математиканы оқыту методикасы мына сұрақтарға жауап іздейді:

а) Математиканы неге оқытады?

ә) Математикадан нені алып оқытады?

б) Математиканы қалай оқытады?

Математика «сандық қатынастар мен кеңістік формулалар» жайындағы ғылым, олай болса, оның өзіне тән оқыту әдістері мен түрлері және тәрбиелік мүмкіндіктері бар.

Математиканы оқыту методикасы шартты түрде үш салаға бөлінеді:

1) Математиканы оқытудың жалпы методикасы;

2) Математиканы оқытудың арнайы методикасы;

3) Математиканы оқытудың нақты методикасы.

Математиканы оқытудың жалпы методикасы мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеологиялық бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланстарды, әр түрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары т.б.) арасындағы сабақтастықтарды, оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды, оқушылар білімінің саналығы мен баяндылығын қамтамасыз етеді.

Математиканы оқытудың арнайы методикасы оқушылардың жасына, оқу материалдарының мазмұн ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы методика белгілі бір тақырыпты (мысалы векторлар) немесе программаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нұсқау береді, оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді, оқыту процесінің жеке мәселелерін (мысалы, мектеп математикасындағы геометриялық шамалар туралы ұғым) қарастырады.

Математиканы оқытудың нақты методикасында

1) жалпы методиканың жеке мәселелері (мысалы, математика сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру; V класс математикасының сабақтарын жоспарлау және т.б.);

2) арнайы методиканың жеке мәселелері (мысалы, «Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау т.б.) қарастырылады.

Сонымен бірге, математиканың пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі) курстарын оқыту методикасы да бар.

Математиканы оқыту методикасының методологиялық негізі – маркстік-лениндік философия мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі маркстік-лениндік ілім.

Объективті дүниені тану процесі оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын танып білуді де қамтиды. Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарын танып білуді де қамтиды. Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарының мән-мағынасын түсіну танымның диалектикалық әдістері негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық құбылыстарды тану процесі танымның лениндік теориясының «нақты аңғарудың абстракті ойлауға және одан практикаға көшу…» дейтін белгілі қағидасы негізінде құрылуы тиіс.

Диалектикалық әдістерді методикалық зерттеулерге қолдану педагогикалық құбылыстарды өзара байланыста, дамыта отырып жан-жақты зерттеуді, сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге көшуді талдауды, қарастырылып отырған құбылыстардың ішкі қайшылықтарын анықтауды және алынған фактілерді материалистік тұрғыда түсіндіруді талап етеді.

Сондай-ақ, тарихи-методикалық және салыстырмалы-методикалық зерттеулер қарқынды дамуда. Тарихи-методикалық зерттеулердің негізгі бағыты – математика пәні мен оның методикасының даму ағымы. Ал салыстырмалы-методикалық зерттеулер пәні – шетелдерде математиканы оқыту методикасының өрістеуіне көмектесетіні сөзсіз.

Методиканың басты міндеті – білім беру. Сондықтан программа жасағанда, оқулықтар жазғанда, мұғалімдерге арналған методикалық құралдар шығарғанда, сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған техникалық және көрнекі құралдар жасағанда алған білімді ескрудің зор практикалық маңызы бар.

Сонымен бірге, методика мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді. Оқытудың әдістерімен және түрлерімен, оқыту құралдары жүйесімен, кластан тыс жұмыстардың мазмұны және жүргізу әдістерімен, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерімен қаруландырады.

Дегенмен, методиканың дамуына практика да зор әсер етеді. Методикалық идеялар мен жетістіктер практикалық қажеттіліктен, мұғалімдердің төл тәжірибелерінің негізінде жасалып, методикалық ұсыныс ретінде мектеп практикасына енгізіледі.

Математиканы оқыту методикасының міндеті математиканы оқыту процесін зерттеу, заңдылықтарын ашу, оны пән ретінде оқыту теориясын жасау болып табылады.

Математиканы оқыту методикасының жалпы міндеттерін көрсете отырып, оның мынадай дербес міндеттерін атап айтуға болады.

Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер:

1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;

2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.

Сөйтіп, бұл міндеттерді шешу – математика пәнәнің мазмұнын анықтау мен жасаудың ғылыми негіздеріне теріледі.

Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттері:

1)Совет мектебінде математианы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтап, осыған сай пән мазмұнының ғылыми дәрежесін көрсету;

2) математика пәніне керекті ғылыми материалдарды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;

3) шетелдік мектептердегі матьематика пәнінің мазмұнын зерттеу және кәдеге жарайтындарын пайдалану;

4) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың және оларды одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады.

III. Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттер:

1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;

2) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;

3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау;

4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процесіне икемдеу және практикаға енгізу техникасы мен методикасын жасау.

Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, практикада сыннан өткен оқыту методикасы мен әдістерін мектеп өміріне енгізу болып табылады.

Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:

1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;

2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;

3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;

4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.

Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.

Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:

1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;

2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;

3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.

Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчестволық қызметі мен коммунистік көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.

Осыған орай жеке міндеттер:

1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;

2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;

3)теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;

4)оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;

5)оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;

6)кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.

Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы мен мақсаты

Математика мұғалімі әрбір адамның өмірі мен ісіндегі математикалық білімнің ұлы күшін терең түсінуі керек және өз оқушыларын оған сендіруге міндетті.

Математика қоғам мүшесіне тән қабілет пен творчестволық ізденіске не жаңалыққа жаны құмар азаматтарға қоршаған ортаны одан әрі жақсарту және жетілдіру сияқты қасиеттерді дарытуда ролі зор. Бұл қасиеттердің нышандары мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды.

Ғылым мен техниканың қарқындап өсуі «математикалық биология», «математикалық лингвистика», «математикалық экономика», «математикалық психология» сияқты пәндердің пайда болуына себепші болды. Математика жаратылыстану ғылымдарымен бірге, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс тапты.

Математиканың мектептік курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы мектепте оқыту:

а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді үйретеді;

ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;

б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;

в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;

г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпао жасайды;



ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды пролетарлық интернационализм рухында тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-атеистік тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет