«Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй жұмысын тексереді.
Саралаудың « Диалог және қолдау көрсету» тәсілі бойынша "Миға шабуыл" әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қоямын. Сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақ туралы ББД тексеріледі.
Саралаудың «жіктеу» тәсілін басшылыққа ала отырып, «Визуалды айғақтар» әдісімен оқушылардың мүдделеріне қарай топтастырамын. «Фотосуреттер» арқылы іске асырамын. Өткен және жаңа тақырыпты байланыстырылып беріледі.
Топтық жұмыста оқушыларға өткен сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып трапецияның аудандарының формулаларын тұжырымдап, дәлелдемелер жасайды. "Пирамида" әдісімен топтар талқылап, тұжырымдама, талдау жасайды.
Саралаудың «тапсырма» тәсілі бойынша жеңілден күрделіге өту барысында «Партнер» әдісі арқылы жеке жұмыста қолдау көрсетіп және ынталандырып отырамын. Әр топқа кеспеде жазылған деңгейлік есептер беремін.
|