Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары



бет22/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
«Пікірталас» ойыны

Ойынның шарты: Сынып оқушылары 8 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне ат қояды. 3 топқа бірдей 5 сұрақ қойылады. Оқушыларға дайындалуға 15-минут беріледі. Ортаға жүргізуші 3 топтан, 3 оқушыны шақырады. Ортаға шыққан оқушылар әуелі бір сұраққа алма-кезек жауап береді. Егер жауап бере алмаса, өзінің тобына барып ақылдасып, қайтып келуіне болады. Жүргізуші әр сұраққа жауап бергеннен кейін қорытындылап, келесі сұрақты қойып, бағалап отырады. Оның соңында әр ойыншыға топқа жиналған ұпай бойынша баға қойылады.

Ойын сұрақтары.


  1. Екі сыныптың оқушылары бірігіп, 1435 түп ағаш отырғызды. Бірінші сыныптың екі күнде отырғызғанын, екінші сынып үш күнде отырғыза алады. Әр сынып оқушылары қанша ағаш отырғызған?

Шешуі:

2х+3х = 1435

5х = 1435

х =247.


2*287 = 574

3*287 = 862.



  1. Фермада барлығы 1000 қоян және тауық бар. Олардың аяқтарының саны 3150. Фермада қанша тауық және қанша қоян бар?

Шешу: х-қоян бар деп алсақ, онда 1000-х тауық болады.

2 (1000-х)+4х = 3150

2х = 3150-2000

х = 575 қоян,

1000-575 = 425 тауық.

3) а мен в оң сандар, ал m мен n теріс екендігі белгілі. Қай теңсіздік тура, қайсысы тура емес? Қандай жағдайда сұраққа жауап беру мүмкін емес?

аm вm mв

ао mn ва

во аn оn

вn nо оn

4)Мына рационал сандардың ішінен 2,3,4,5,6, 0, -2, -2,5

а)бүтіноң сандарды; б) бүтін теріс сандарды; в) бүтін сандарды; г) бөлшек сандарды бөліп жаз.

«Хан талапай» ойыны

Ойын шарты: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, ойын 3турдан

тұрады. Әр турда сұраққа дайындалуға екі минут, жауап беруге үш минуттан беріледі. Қорытындылау бес минут беріледі. Ойынға он бес сұрақ дайындалып, әр топқа бес сұрақ конвертке салынып, нөмірленіп беріледі. Әр топта бірден беске дейін нөмірленген асық беріледі. Асықты жүргізуші ортаға тастайды, ойыншылар қай нөмірлі асықты алса, сол конверттерді бір- біріне алмастырып ойналады. Жауап бере алмаған ойыншының орнына басқа жауап беріп, ұпай жинайды.

Рольді ойындар

Рольді ойындардың маңызы оқушы өзі үшін бейтаныс болған, әртүрлі характерлі адам кейпінде жүректен беріліп ойнайды. Ойында негізінен оқушыларға таусылмаған мәселелі жағдай рольдері беріледі. Оқушылар осы мәселелі рольдерді тәуелсіз түрде соңына жеткізіп, роль ойнаулары қажет.

Рольді ойындар оқушыларды мейірімді болуға, басқа адамдарды түсінуге үйретеді. Өзі үшін бейтаныс болған, әртүрлі мінездемелік рольдерді ойнаулары негізінде, олардың дүниеге көзқарастары, ой-пікірлері, не жайында ойнаулары, олардың нәзік табиғаты жайында оқушылар кең түсінікке ие болады және адамдардағы сезімдерді қабылдау қабілеті пайда болады. Осы әдіс оқушыларды тәуелсіз пікір жүргізуге, өмірде қандай жағдайда болса да өзін ұстай білуге, тәрбиеленуге және тәуелсіз өмір сүргенде өзінің көзқарастарын негіздеп бере алатын адам түрінде қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет