Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


ІІ-тарау. Математикалық тапсырмалар тізімінің жұптықтарда істеудегі әдістемелік мәні



бет33/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
ІІ-тарау. Математикалық тапсырмалар тізімінің жұптықтарда істеудегі әдістемелік мәні
ІІ.1. Математикадан өздігінен жұмыс істеуде жұптықтарда оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы
Қазіргі кезде ұстаз еңбегінің нәтижелі болуы тек жекеленген пәнді терең меңгерумен ғана емес, сонымен қатар педагогикалық технологияның негізін терең білумен де тығыз байланысты. Өйткені жеткіншектердің таным үрдісін: қабылдауы мен қиялын, ойлауы мен есіне сақтауын, ерік, жігерін, т.б. білмей тұрып, сапалы білім, сапалы тәрбие беру мүмкін емес.

Оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты-оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең кіші бірлігі, оқытудың негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық жақтан дұрыс ұйымдастыра білу аса қажет.

Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығуын ояту. Ол үшін мұғалім өзінің барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Мүмкіншілікті сабақтың міндеті айқындайды. Сабақтың міндетін дұрыс аша білген ұстаз нені және қалай оқыту мәселелерін шешуге тырысады. Ал нені оқыту керек, бағдарламада не беріледі, оны қалай оқыту қажет? Бұл мәселеде оқушының таным әрекетін туғызу оның жеке басын дамытумен тікелей байланысты.

Оқушының таным әрекетінің бірі – қабылдау. Ал қабылдау дегеніміз-заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығының қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Оқушы материалды дұрыс, толық, дәл қабылдауы үшін есте сақтауды талап ететін: талдау, синтез, теңеу, салыстыру, нақтылау, жалпылау сияқты белсенді ақыл-ой әрекет болу қажет.

Оқу материалдың қабылдау көрсеткіші-түсіну, ұғыну. Қабылдау заттың бастапқы бейнесі десек, ең алдымен құбылысты тану үрдісі жүреді. Құбылысты, тілдік фактіні тану арқылы оқушы оның мән-мағанасына, ішкі ерекшілігіне мән береді,оны белгілі бір топқа жатқызады. Ал таныс емес құбылысты қабылдауда оқушы оның таныс жақтарын іздей бастайды. Оқушы іздену арқылы құбылысты түсініп қабылдайды. Оқушы материалды түсініп қабылдауы үшін мұғалім олардың зейінін бір арнаға бағыттайды, нұсқау береді. Мысалы: психологиялық әдебиеттерде оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырудың, негізінен дайындық, нәтижелік, бекіту кезеңдері аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет