Жарыстардың өткізу шарттары:
Оқушылар өткізілетін жарысқа үйде (немесе одан алдыңғы сабақтарда) дайындалуы тиіс. Жарыстың өту барысында мұғалім өткізілетін жарыс туралы қысқаша оқушыларға түсіндіріп береді. (Егер жарыс бірінші рет өткізілетін болса, онда түсіндіру өте қажет)
Мұғалім оқушыларды 2 топқа бөледі және сыныптың 2 жақ парталарына отырғызады және қай мәселені қорғауларын анықтап береді. (Мысалы: бір-біріне қарама-қарсы 2 топ құралады)
Одан соң мұғалім оқушыларды жұптайды және әрбір жұп топтың қарама-қарсылығы болу керек. Топтарды сан немесе әріптермен ат қояды. Егер класта оқушылар саны тақ болса, мұғалім бір топқа кіріп, қатысуы мүмкін. Мұғалім бір топқа белгілі бір рәміздерді таратады.
Оқушылар 2 бұрышта отырады да, екі-екеуден жазбаша түрде диалогтарды бастайды. Бір топқа өз диалогын түсіндіру үшін 5 минут уақыт беріледі. Дәлелдеу үшін, олар қағазға жазып алады. Бұл кезде 2 топта өз жұмыстарын дәлелдей алады.
Бір топ дәлелдемелері 2 топқа беріледі.Олар қарсы топтың жауабына қарсы болу үшін әр түрлі жауаптар іздейді.Ол үшін 8 мин беріледі.
Дәлелдеулер 2-3 қайталанады және әрбір оқушы өз қарсыластарының сұақтарын бұрысқа шығарып, өз ойларын айтады.Олардың білімдерін тексеру үшін 3-4 раунд жетеді. Соңғы бөлімде оқушылардың қорытындыларын тыңдап, жұмыстары ашып алынады.
Жарыстарды қорытындылаудың ең оңтайлы жолы 2 жаққа сұрақ қойылады.
Жұмыстарды мұғалім жеке және жұп түрінде бағалайды. Егер мұғалім бағалайтын болса, онда оқушыларды алдын-ала ескертуі тиіс.
6 х 6 х 6
6х6х6 әдісі бойынша 36 оқушы қысқа мерзім ішінде бір мәселені шешеді және топ мүшелерінің интеллектуалдық қабілетін біліп алу мүмкіндігіне ие болады.
6 топтағы (әр біреуінде 6 оқушыдан) оқушылар ортаға қойылған мәселені 6 минутта шешеді. Одан соң мұғалім жаңа 6 топ түзеді, сол топта алдынғы топтың 1-2 қатысушылары болады. Жаңа топ өз жұмыстарының қорытындыларын айқындап отырады.
6х6х6 әдісі топтың барлық мүшесінің белсенділігін арттырады. Олар 20 минут ішінде екі рольде ойнайды. Жаттығуларды 5, 6, 7 немесе үлкен топта өткізуге болады.Үлкен топтарда уақытты созуға болады. Үлкен топтарда бір немесе бірнеше мәселені шешуге болады.Екінші нұсқауда есептеу уақытын ұзарту керек.
6х6х6 әдісі топтарда жұмысты жүргізушінің әрі белсенді, әрі қызықты етіп өткізуін талап етеді. Жаттығулардың басында топтарға бөлуде біраз қиыншылықтар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |