Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары



бет34/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Бірінші кезең - оқушының өз бетінше ойлауы мен қиялына тиімді жағдай жасау. Яғни қабылдау мен зейінді, есте сақтауды шоғырландыра алу.

Екінші кезең - ойлау мен қиялдаудың талдау-синтетикалық жұмысын ұйымдастыру, соның негізінде жаңа білім мен зерделік, іскерлік қалыптастыру.

Үшінші кезең - таным әрекетінің техникалық бөліктерін бекіту, дағдыға айналдыру, яғни сауатты жазу, мәнерлеп оқу, оқу мәтініне талдау жасату, кестелерді толтыру, т. б. жатады. Сонымен материалды толық түсініп қабылдау үшін құбылысты өзіне ұқсас мысалдармен салыстыру не үшін қажет екендігін түсіндіру, қандай нәтижеге жететініне оқушылардың көзін жеткізу, қорыту, тәжірибелік мәнін ашу, бағалау, негізгі маңызына тоқталу сияқты жұмыстар орындалады. Түсініп қабылдау бейне тұтастығымен бірлікте қаралады. Бейне тұтастығы білімді жалпылау, қайталау, қорытудан құралады. Соның нәтижесінде оқушыда пән туралы тұтас білім қалыптасады. Бұл үшін, шет ел технологиясынан қайта алынып жасалған білімнің интерактив әдістерінен кең пайдалану өте тиімді.

Шет ел және біріккен достық мемлекеттерінде тәлім -тәрбие беруде интерактив әдістері арқылы сабақ өту жүйесі дамуда. Бұл әдістер шет ел технологиясынан алынып, үйреніп, қайта тексеруден өтіп, Қазақстан мемлекетінде қолдануда. Бұл әдістерді барлық оқытушылар қолдады және әрбір оқушының белсенділігін, ой өрісін дамытуда, өзара қарым-қатынасын дамытуға көмек беретіні практикада дәлелденді. Әсіресе, жұптықтарда жұмыс істеу технологиясының маңызы зор екен.

Солардың кейбіреулерін қарастырайық:

Жазба жарыс

Оқушыларды өз сыныптарымен бірге және көпшілік ортада өз ойын толықтырып айту үшін диалогтар ұйымдастыру қажет. Жазба жұмыстары барлық оқушылардың бір қалыпты жазба түрінде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушылардың сол тақырыпты терең меңгергенін, ойлау қабілетін дамытады. Бұл кезде мұғалім бағалау үшін әрбір материалды тексеріп отырады. Бұл технологиядан пайдаланудың дидактикалық шарттарын ескеру тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет