«Математикалық би» кештегі жаңа бір ойын түрі болып саналады. Оның мәні мынада: билеушілердің бір бөлігіне алдын-ала дайындалған картон фигуралар таратылады- бірінші фигураларға есеп жазылаған, ал екінші бөлігіне олардың жауабы жазылған.Есеп өзінің жауабымен билеуі керек. Геометриялық фигураларды квадрат, ромб, үшбұрыш, дөңгелек түрінде дайындауға болады. «Математикалық би» деп жариялағанда олар жетондарды дайындау керек, ойнаушылардың біріншілерінің әрқайсысы өзінің жұбын табу керек. Өз жұбын таппағандар «кінәлі» болады. Билерге «Квадраттар вальсі», «Қисықтар тангосы», «Аудандар полкасы» деп атаулар беруге болады.