Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


С.В.Ковалевскаяға арналған математикалық кеш



бет46/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
ҚАЛДЫБАЙ ДАНАГҮЛ

С.В.Ковалевскаяға арналған математикалық кеш

Кешті өткізу туралы пікір математикалық үйірме жұмысының отырысында қабылданады.Оқытушы VI- VII сынып оқушыларын София Васильевна Ковалевскаяның өмірі мен қызметі туралы қысқаша таныстырды. Үйірме жұмысының жоспарында С.В. Кавалевскаяға арналған кеш өткізу жоспарланды. Алдын-ала үйірме мүшелеріне Ковалевскаяның өмірі мен қызметімен жете танысу үшін ол туралы әртүрлі әдебиеттер таратылады. Ковалевскаяға арналған кешке төмендегідей бағдарлама құрылды:



1. Мұғалімнің алғы сөзі.

2. С.В.Ковалевскаяның өмірбаяны.

3. С.В. Ковалевская туралы естеліктер.

4. С.В. Ковалевскаяның қанаты сөздері.

5. Ғалымдардың Ковалевская туралы пікірлері.

6. Ковалевскаяның еңбектері. Ковалевскаяның «Воспоминания детства» кітабынан өлеңдер оқу.

Бұл материалдар үйірме мүшелеріне бөлініп беріледі. Ковалевскаяның өмірі мен қызыметіне арналған «Бірінші математик әйел» газеті шығарылды. Газеттің басына.

С. В. Ковалевскаяның айтқан мынадай сөз- пікірлері жазылады: «Кімде –кім өз уақыты үшін өмір сүрсе, ол барлық уақыт үщін де өмір сүреді». Газетте сонымен қатар С.В. Ковалевская туралы оқитын әдебиеттерді де ұсындық. Воронцованың «С. В. Ковалевская» кітабындағы туыстарының портреттерін пайдалана отырып, «С.В. Ковалевская» деген стенд және албьом дайындалды. Залды өрнектеу үшін Ковалевскаяның портретін, өзінің және ғылымдардың ол туралы пікірлерін ілдік, олар:

1. «Бойында ақындық қасиет болмаса, нағыз математик бола алмайсың. Себебі ақындар басқаның көре алмағанын көреді, математик те дәл сондай болуы керек». (С.В. Ковалевская).

2. «Өмірде ғылымнан жоғары нәрсе жоқ , сондықтанда сол үшін өмір сүру қажет» (С.В.Ковалевская).

3. «Ия, нағыз ғалым революция сияқты. Ол ескі ұғымдарды талқандап, жаңа ұғымдарды қуаттайды». (С.В.Ковалевская).

4. «Адамзат тарихында Ковалевскаяға дейін, оған математикалық таланты мен күші теңесер бірде- бір әйел болмаған».

5. «Ол туралы менде өте бір жылы естелік қалды, өмірге құштар, математика туралы бар ынтасымен әңгімелескен жан ретінде елестейді» (Н.Е. Жуковский, С.В. Ковалевская туралы).

Кешке арнаулы шақыру бйлетімен сол мектептің мұғалімдері мен оқушылары шақырылады. Кеште «Математикалық қармақ» викторина өте қызықты өтті, сонымен қатар параллель 7-ші сыныптар арасында «Математикалық эстафета» өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет