Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


ІІ.2. Жұптықтарда оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы



бет47/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
ҚАЛДЫБАЙ ДАНАГҮЛ

ІІ.2. Жұптықтарда оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы.
Оқу жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау, баға қою және есепке алу. Олар оқу тәрбие жүйесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда бақылау жұмысын белгілі талаптарға сай жұптарда жүргізілуі тиіс. Осылай педагогикаға жұптықтарда оқыту технологиясы кіріп келді.

Жұптықтарда оқыту дегеніміз не? Бұл сұраққа көптеген педагог ғалымдар атсалысып келуде. Олардың көпшілігі мектептерде бұл технологиядан пайдалану тиімсіз деп есептесе, кей біреулері оның өте құнарлығын айтады.

Біздің пікіріміз бойынша жұптарда оқыту қандай мектепте болса да керек. Себебі әр бір қимыл іс-әрекетті жаттығуларсыз амалға асыруға болмайды. Жаттығуларды орындауға жұптарды бейімдеп алу, оқушылардың көңіл- күйін оқуға бейімдеу негізгі мәселе деп есептейміз.

Ең алғаш рет оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере ортырып, жұптарда оқыту технологиясының ерекшеліктерін санап өтуі тиіс. Олар :

а) Сабақтың жаңа моделі, сабақтың жаңа құрылымы:

б) Оқушылардың жұмыс істеу түрлері:

в) Оқу материалының диффенциалдануыны сай оқушы жұптықтарын бейімдеу көрсеткіштері:

г) Есептік -тапсырмалар немесе жаттығулар блогы:

д) Оқушылардың өзін- өзі бақылау варианттары:

е) Оқытушы мен жеке жұмыс және қорытынды бақылау т.б.

Жұптықтарда оқыту технологиясының сәйкес сабақтың құрылымына мысалдар келтірейік. Әрбір сабақта әрбір оқушының өзіндік жұмысы (ӨЖ), үйдегі өзіндік жұмысы (ҮӨЖ), жеке жұмыс (ЖЖ), сабақтағы жалпы оқушылардың ұжымдық жұмысы (ҰЖ), оқытушы мен оқушының жеке жұмысы (ООЖЖ) түрлері айқындалады. Осылай бір сағаттық (45 минут) жоспар түзіледі.

Мысал: 42:3 түріндегі бөлу сабағының жұптықтарда оқыту технологиясы.

Оқытушы 2 сыныпта өтілетін бұл сабақтың құрылымын төмендегідей түзуі мүмкін болады.

1. Оқытушының оқытуы.(ОО)

Оқытушы өтілген тақырыптарды қайталап береді:Мысалы:

Көбейту және бөлу кестесі;

Ондықтарды санға көбейту және бөлу 10*2, 10*3, 20:2, 30:3, 40:4

Қосындыны санға бөлу 26:2=(20+6):2, (30+6):3; 48:4, 39:3

2. Барлық оқушылардың бір уақыттағы жұмысы (Ұ Ж):

9*8 10*5 24:2 48:2 42:3 48:3

3.Оқушылардың өзіндік жұмысы (Ө Ж):

Көпшілік оқушылар 42:3 немесе 48:3 есептерді шығара алмай қиналады, бірақ оқытушы жәрдемін көрсетпейді. Оның орнына бөлуді орындау мазмұнына сәйкес болуы мүмкіндігін айтады. Озат оқушылар бұл бөлуді төмендегідей орындайды. (42 санақ шөп алып, оларды үшеуден байлап ажыратты. Сонда 42:3=14)

4.Жұптықтарда жұмыс орындалады (Ж Ж О):

Үздік оқушылар өздерінің тәсілін басқа оқушыларға (жанындағы жұптықтарға) түсіндірді. Сонан соң оқытушы бұл тәсілдің өте қолайсыз екенін айтып басқа бағыт береді. Мысалы:

3-ке көбейту кестесін алыңдар. Сонан соң 42 санын қосынды түрінде жазыңдар деп айтуы мүмкін.

Төмендегі жазулар жұптықтарда пайда болады

42=3+39 42=15+27

42=6+36 42=18+24

42=9+33 42=21+21

42=12+30 42=24+18

42=27+15 42=30+12

5.Оқытушының оқытуы:

42:3=(3+39):3=3:3+39:3

42:3 =(21+21):3=21:3+21:3

Осылай ең қолайлы қосынды түрінде алу және қолайлы тәсілмен бөлуді өз бетінше оқушыларға орындатады.

6. Қорытындылау.

42:3 болу үшін ең қолайлы қосындыларға ажыратамыз. Ол қайсы ондық? ( 3 ондық ). Қалай қосынды (30+12). Сонымен 42:3=(30+12):3=30:3+12:3=10+4=14

Бұл жұптықтарда оқыту технологиясының кейбір элементерін қолдануға мысал бола алады. Жұптықтарды оқытуда сабақтың түрі де ауысады. Сол сабақтарды құрастырудың кейбір әдістемелік сипаттамаларын қарастырайық. Жұптықтарда оқыту технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі- тақырыптық- күнтізбелік жоспарды құрастырудың өзіне тән өзгешелігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет