Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі



бет11/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеологиялық бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, әр түрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары т. Б.) арасындағы сабақтастықтарды, оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды, оқушылар білімінің саналылығы мен баяндылығын қамтамасыз етеді.
Математиканы оқытудын, арнайы әдістемесі оқушылардың жасына, оқу материалдарының мазмұн ерекшеліктеріне сәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін
қарастырады. Арнайы әдістеме белгілі бір тақырыпты (мысалы векторлар) немесе программаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нүсқау береді, оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап, оқутылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді, оқыту процесінің жеке мәселелерін (мысалы, мектеп математикасындағы геометриялық шамалар туралы ұғым) қарастырады.
Математиканы оқытудың нақты әдістемесінде
1) жалпы әдістеменің жеке мәселелері (мысалы, математика сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру; V класс математикасының сабақтарын жоспарлау және т. Б.);
2) арнайы әдістеменің жеке мәселелері (мысалы, «Үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау, т.б. қарастырылады.
Сонымен бірге, математиканың пропедевтикалық (дайындық) және жүйелі (негізгі) курстарын оқыту әдістемесі де бар.
Математиканы оқытү әдістемесінің методологиялық негізі – философия мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ілім.
Объективті дүниені тану процесі оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын танып білуді де қамтиды. Оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарының мән-мағынасын түсіну танымның диалектикалық әдістері негізінде жүзеге асырылады.
Диалектикалық әдістерді әдістемелік зерттеулерге қолдану педагогикалық құбылыстарды өзара байланыста, дамыта отырып жан-жақты зерттеуді, сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге көшуді талдауды, қарастырылып отырған құбылыстардың ішкі қайшылықтарын анықтауды және алынған фактілерді материалистік тұрғыда түсіндіруді талап етеді.
Сондай-ақ, тарихи-әдістемелік және салыстырмалы-әдістемелік зерттеулер қарқынды дамуда. Тарихи-әдістемелік зерттеулердің негізгі бағыты — математика пәні мен оның әдістемесінің даму ағымы. Ал салыстырмалы-әдістемелік зерттеулер пәні — шетелдерде математиканы оқыту әдістемесі. Бұл зерттеулердің математиканы оқыту әдістемесінің өрістеуіне көмектесетіні сөзсіз.
Әдістеменің басты міндеті — білім беру. Сондықтан программа жасағанда, оқулықтар жазғанда, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар шығарғанда, сабақ тиімділігін арттыруға бағытталған техникалық және көрнекі құралдар жасағанда алған білімді ескерудің зор практикалық маңызы бар.
Сонымен бірге, әдістеме мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді, оқытудың әдістерімен және түрлерімен, оқыту құралдары жүйесімен, кластан тыс жұмыстардың мазмұны және жүргізу әдістерімен, тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерімен қаруландырады.
Дегенмен, әдістеменің дамуына практика да зор әсер етеді. Әдістемелік идеялар мен жетістіктер практикалық қажеттіліктен, мүғалімдердің төл тәжірибелерінің негізінде жасалып, әдістемелік ұсыныс ретінде мектеп практикасына енгізіледі.
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің міндеті математиканы оқыту процесін зерттеу, заңдылықтарын ашу және оны пән ретінде оқыту теориясын жасау болып табылады.
Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің жалпы міндеттерін көрсете отырып, оның мынадай дербес міндеттерін атап айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет