Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Оқыту әдістері жайында жалпы түсінік



бет7/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

1. Оқыту әдістері жайында жалпы түсінік. Мектепте оқыту ісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімнің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.
«Әдіс ең кең мағынада — мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір тәртіппен реттелген қызмет» .
Оқу-тәрбие ісіне қатысты оқыту әдісі оқу процесінде мүғалім мен оқушылардың өзара әрекеттеріне байланыстыра анықталады.
Оқыту әдісі дегеніміз — шәкірттердің белсенді танымдық қызметін қамтамасыз ететін, мұғалім мен оқушының нысаналы, бірлескен әрекеттерінін, нақты түрі.
Оқытудың әдістері мен принциптерін, түрлері мен тәсілдерін зерттеу дидактиканың объектісі екені мәлім. Бірақ, әр пән әдістемесінің міндеті — оқытудың жалпы әдістерін өзіне икемдеп қолдану. Алайда оқытудың өзі мүғалім мен окушының бірлескен қызметі болғандықтан, олардың әрекеттерінің ара қатысын анықтау дұрыс. Оқыту процесінде оның екі қырын: сабақ беру мен оқуды (оқып үйренуді) анықтап алған жөн.
Сабақ беру — мұғалімнің атқаратын қызметі, ол материалды баяндауды, оқушылардың оқылатын нәрселер мен құбылыстарды бақылауын ұйымдастыруды, оқушылардың оқып үйрену және білімін қолдана білу жөніндегі жұмысына жетекшілік етуді, олардың меңгерген білімін, икемдіктері мен машықтарын тексеруді қамтиды.
Оқу (оқып үйрену) — мүғалімнің жетекшілігімен орындаларын оқушылардың саналы қызметі, ол белгілі бір нәрселер мен процестерді олардың қабылдауын және мұғалімнің түсіндіруін тыңдауын, оқылатын фактілерді, нәрселерді, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды ұғып алуды, қабылданған фактілерді қорытындылауды, мұғалімнің тапсырмасы бойынша алған білімін пысықтауды және қолдана білуді қамтиды
Бұдан оқыту әдістері сабақ беру әдістері мен оқып үйрену әдістерін қамтитынын байқаймыз.
Оқыту әдістері әр алуан және жыл өткен сайын кемелденіп, жетіліп тұрады, себебі оқыту процесі ұдайы дамып, оқытудың жана құралдары қолданылады, қоғамымыздың дамуына сәйкес оқушылардың да өркендеу деңгейі жоғарылайды. Сондықтан оқыту әдістерін ұдайы жүйелеу және сараптау қажеттігі туады. Әдістерді сараптау салыстырмалы сипатта болады, өйткені іс жүзінде әдістер өзара бірлікте, комплексті түрде қолданылады.
Практикалық мақсаттарға сараптау қолайлы, бірақ ол оқушылардың танымдық кызметтерінің сипатын толық қамти алмайды. Оқушылардың танымдық қызметтерінің дербестік дәрежесіне қарай, оқыту әдістерін сараптай отырып, М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оларды:
1) түсіндірме-иллюстрациялық немесе информациялық—нұсқау;
2) қайта жаңғырту;
3) проблемалап баяндау;
4) эвристикалық немесе ішінара іздену;
5) зерттеу әдістерін айырып көрсетеді .
Оқыту әдістерін сараптау негізіне маңызды үш белгі алынады, олар: негізгі дидактикалық мақсаттар (жаңа материалды оқып үйрену, білімді баяндандыру және кемелдендіру, білімді тексеру), білім көздері және оқушылардың танымдық қызметінің сипаты.
Оқыту әдістерін білімдік, тәрбиелік және дамытушылық сипаттары бойынша сараптауға болады. Сонымен бірге, оқыту әдістерінің жеке топтарының дербестік сипатын бөліп көрсетуге болады. Олар окушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және іске асыру әдістері, мұнда оқушылардың танымдық қызметін сезімдік қабылдау бойынша ұйымдастыру, оқу-информациясын логикалық таразылау, жаңа білім іздестіруде дербестік сипат үстем танымдық қызметке дем берушілік және мотивтендіру әдістері, мұнда дем берушілік — дәлелділік, реттеушілік және коммуникативтік сипат үстем; оқу-танымдық қызметін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері, мұнда бақылау-бағалау сипаты үстем
Сонымен, оқыту әдісі — білім беру және білім, іскерлік және машықтарды игеруге, азаматтық тұлға қалыптастыруға бағытталған оқушылардың танымдық және практикалық қызметтерін ұйымдастыру тәсілі.
Белгілі бір білім қорын меңгеруге бағытталған мүғалім мен оқушының күллі қызметі оқытудың әдістеріне, түрлеріне, құралдарына және тәсілдеріне негізделеді. Сондықтан оқу процесінде қолданылатын әдістердің, түрлердің және тәсілдердің ара қатысын анықтап алу керек.
Кейбір әдістемелік әдістерде оқыту әдісі мен оқыту түрі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Оқыту әдістері біздің жағдайға, математикаға қатысты алғанда, мұғалім мен оқушы қызметінің сипатын айқындату тәсілдері екені мәлім.
Ал оқытудың түрі мұғалім мен оқушының қызметтерін тағайындалған ретпен және белгілі бір тәртіпте сәйкестендіру болып табылады. Басқаша айтқанда, оқытудың түрлері мүғалім мен оқушының бірлескен қызметін белгілейді, дербес оқыту мен коллективтік оқытудың ара салмағын, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігі мен мұғалімнің жетекшілік ету дәрежесін анықтайды .
Оқыту құралдарына көрнекі құралдар мен техникалық құралдар жатады. Сонымен бірге «педагогикалық құралдар» деп аталатын термин де жиі пайдаланылады. Ол педагогикалық тәсіл, педагогикалық шара, педагогикалық әсер сияқты ұғымдарды біріктіреді.
Оқыту мен тәрбиенің әдістемелік түрі мен әдістемелік айласының ара қатысын айырған маңызды. Түр де, айла да мұғалім қызметінің тәсілі. Бірақ, айла — түрдің элементі, құрамдас бөлігі. Түр неғүрлым жалпы, кең педагогикалық проблемалармен, ал айла дербес әдістемелік мәселелермен байланысты. Айла түрді жүзеге асыруға көмектесетін қосымша кезең. Түр айлалардың жиынтығын, жүйесін қамтиды.
Оқыту процесінде жұмыстың бір түрі түр ретінде де, айла ретінде де көрінуі мүмкін. Мысалы, есеп шығару сабағында әңгімелесу сол сабақты өткізудің әрі түрі әрі айласы ретінде көрінеді. Ал жаңа материалды түсіндіргенде әңгімелеу — түр де, әңгімелесу — айла.
Мүғалім мен оқушылардың қызметінің арасындағы айырмашылық тұрғысынан да оқыту әдістерін сараптауға болады. Мұнда оқыту әдісі сабақ беру әдісіне (мүғалімнің қызметіне) және оқып үйрену әдісіне (оқушылардың қызметіне) жіктеледі .
Сабақ беру әдісіне информациялық әдістер мен оқушылардың іздену қызметін басқару әдістері жатады. Бұл әдіске әңгімелесу, әңгіме, мүғалімнің түсіндіруі және лекция, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың окулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т. Б.
Оқып үйрену әдісіне оқу материалын танып-білу, қайта жаңғырту және білім алу әдістері жатады.
Оқыту формалары сабақ беру әдісі мен математиканы оқып-үйрену әдісін қамтуы мүмкін . Мәселен, оқушылардың лабораториялық жұмысын, олар тек мұғалімнің нұсқауымен орындайтындай етіп (мысалы, геометриялық денелердің көлемін модельдері бойынша есептеуді) ұйымдастыруға болады. Мұнда оқып үйрену әдісі бой көрсетеді.
Педагогика әрбір сабақ беру әдісіне белгілі бір оқып үйрену әдісі сәйкестендірілуі тиіс деп үйретеді. Яғни, бұл қағида бойынша, егер әрбір сабақ беру әдісі бір оқып үйрену әдісіне телінсе, онда ол оқыту әдісі болып табылады.
Алайда іс жүзінде оқыту әдісін сабақ беру әдісі мен оқып үйрену әдісінен айыру оңай емес. Мысалы, оқытудың түсіндіру-иллюстрациялық әдісінен сабақ беру әдісін — оқып үйрену объектісін көрсетуді және осы объектіні оқып үйрену әдісін — байқауды айырып алуға болады. Ал, шындығында, оқыту процесінде сабақ беру әдісі мен оқып үйрену әдісі өзара сіңісіп, бірігіп кетеді.
Сондықтан оқыту процесінде қайсыбір әдісті қолдану үшін, мұғалім сол әдісті жете меңгеруі тиіс. Ол үшін:
а) осы әдістің мәнін түсіну және оқытудың нақты жағдайларында оны қолдана білу керек;
ә) оқыту процесінде қайсыбір әдістің неғұрлым жиі (анық немесе жанама) кездесетін түрлерін білу керек;
б) осы әдісті қолданудың оқыту процесінде көрінетін жағымды және жағымсыз жақтарын білу және оның тиімділігін бағалай білу қажет;
в) мектеп математикасы курсының қандай мәселелерін осы әдіспен оқыту қолайлы екенін білу керек;
г) оқушыларды оқу материалын осы әдіспен оқып үйренуге машыктандыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет