Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Математикалық машықтарды қалыптастыруға арналған есептер



бет39/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
5. Математикалық машықтарды қалыптастыруға арналған есептер. Математикалық машықтар есеп пен жаттығулардың тұтас жүйесін орындау арқылы калыптастырылады. Себебі, есеп шығарудың әдіс-тәсілдерің жолдарын бірнеше мәрте қайталап, іскерлікті үйреншікті іс-қимылға айналдырып, дағды дәрежесіне көтереді, яғни есеп шығарудың техникалық орындалуы ойлау қызметіне көмектеседі. Мәселен, а2-b2=(а-b) (а+b) теңдігін кез келген оқушы білуі тиіс. Ал осы тендіктің сол жағы а — b түрінде берілсе, екінің бірі оны көбейткіштерге жіктей алмайды. Ендеше, көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыратын жаттығулар жүйесін жасау қажет. Ол жүйе мынадай болуы мүмкін.
А) ;
ә) ;
б) ;
в) ;
г) ;
ғ) .
Дегенмен мұндай жаттығулар мен есептер жүйесін оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай принципімен орындаған жөн. Және де машықты аз уақыт ішінде қалыптастыруға қол жеткізу керек. Бұл үшін бұрын қалыптасқан іскерліктер мен машықтардысарқа пайдаланады.
6. Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлауға арналған есептер. Математиканың қайталап оқылатын ұғымдарына, заңдарына, әдістеріне оқушылардың зейінін аударады. Мұнда есептер оқушыларға проблемалық ахуал туғызу арқылы теоремаларды дәлелдеуге даярлайды. Мәселең квадрат теңдеулерді оқып үйренуге бағытталған проблемалық ахуал туғызатын
Есептерді қарастырайық.
1 – е с е п. Қайсыбір санның квадратының төртке көбейтіндісі 625. Сол санды табыңдар.
Егер ізделетін санды х деп белгілесек, онда есептің шарты бойынша 4х2 = 625, яғни есепті шығару квадрат теңдеуді шешуге әкелді. Бұл есепті шығару квадрат тендеуді егжей-тегжейлі қарастыруға себеп болады.
Көрсеткіштік функция такырыбын оқытуға даярлық кезінде мынадай есепті қарастыруға болады.
2 – е с е п. Бағасы 7200 сом «Жигули» автомашинасы үсталуына қарай жыл сайын 3% арзандайды. 2 жылдан кейін оның құны қанша сом болады?
Бұл есепті шығару формуласына әкеледі, берілген есепке сәйкес мұнда с = 7200, р = 3%, t=2. Сонда сом.
Осы тәріздес есептер көрсеткіштік функцияны түбегейлі оқып үйрену проблемасын туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет