Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


-апта №11 дәрістің тақырыбы



бет42/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

6-апта

11 дәрістің тақырыбы: Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру
Сағат саны: 1
Мақсаты: Студенттерді оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Жоспар:
  1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері


  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдері.

  3. Математика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

    1. Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі.

    2. Әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек.

    3. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі.

    4. Оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

    5. Білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

    6. Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

    7. Мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

    8. Бағаны әділ қойылуы;

    9. Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

    10. Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

    11. Бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

Білімді тексеру әдістері екіге бөлінеді:

  1. Ауызша тексеру әдісі

  2. Жазбаша тексеру әдісі

Ауызша тексеру әдісі: Жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада математикалық формулалары, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.
Білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.
Жазбаша тексеру әдісі:Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.
Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді құралдардың көмегімен оқушылардың түрлі жаттығу жұмыстарын орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.
Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі-баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
12 дәрістің тақырыбы: Математиканы оқытудың сабақтастығы. Математиканы оқыту процесіндегі пәнаралық байланыс. Пән ішіндегі байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет