Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


V. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер



бет13/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

V. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:
1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;
2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
3) математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.
Бұл мәселелерді шешу оқушылардың шығармашылық қызметі мен көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды менгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.
Осыған орай жеке міндеттер:
1) окушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;
2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3) теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;
4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;
5) оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;
6) кластан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармалық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.
Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оку процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.


2-апта
3 дәрістің тақырыбы: Мектеп математика бағдарламасының мазмұны мен құрылымына таңдау жасау
Сағат саны: 1
Мақсаты: Математиканың орта мектепке арналған бағдарламасының мазмұнын игеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет