I. Пәннің мазмұны мен құрамы туралы жалпы міндеттер: 1) мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету;
2) математика курсынын, мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.
Сөйтіп, бұл міндеттерді шешу — математика пәнінің мазмұнын анықтау мен жасаудың ғылыми негіздеріне тіреледі.
II. Пәннің мазмұны мен құрамы жөніндегі дербес міндеттер: 1) мектепте математиканы оқытудың қазіргі таңдағы міндеттері мен мақсаттарын анықтап, осыған сай пән мазмұнының ғылыми дәрежесін көрсету;
2) математика пәніне керекті ғылыми материалдарды іріктеп алу принциптерін көрсету және оларды оқыту ретін анықтау;
3) шетелдік мектептердегі математика пәнінің мазмұнын зерттеу және кәдеге жарайтындарын пайдалану;
4) оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың және оларды одан әрі жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау болып табылады.
III. Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттер: 1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
2) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу;
3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау;
4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту процесіне икемдеу және практикаға енгізу техникасы мен әдістемесін жасау.
Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, практикада сыннан өткен оқыту әдістемесі мен әдістерін мектеп өміріне енгізу болып табылады.
IV. Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер: 1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;
2) оқушылардың білімін бағалау және оқытудын, жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;
3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;
4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен әдістемесінің принциптік негіздерімен қаруландыру.