Дәріс 3 Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
3.1 Математиканы оқытудың мақсаттары.
3.2 Мектеп математика курсының жалпы сипаттамасы.
3.3 Дамыту тенденциясы.
3.1 Математиканы оқытудың мақсаттары
Жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі мен қазіргі кезеңдегі математикалық білімінің рөлі мектепте математиканы оқытудың мақсатын анықтайды.
Математиканы оқыту мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі демократиялық қоғамның жан-жақты дамыған белсенді құрылысшысын қалыптастыру, білімнің дүниеге ғылыми көзқарас пен практиканың арасындағы байланыс жайындағы ілім болып табылады.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектепке қойылатын жалпы талаптар: мектеп оқушыларының бойына Отанға сүйіспеншілік, үлкендерді, ата-аналар мен мұғалімдерді сыйлау сезімін дарытуға, жеткіншек ұрпақты оқу мен еңбектің сапасы үшін, өздерінің мінез-құлқы үшін жоғары жауапкершілік рухында тәрбиелеуге, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, экономиканы басқаруы сол арқылы өзін де, қоғамды да байлыққа кеңелтуі керек.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары білім беру тәрбиелеу тәжірибелік дамытушылық
Математиканы оқытудың білім беру мақсаты
а) барлық оқушылар математикалық білімнің барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету;
ә) математикалық тілді меңгеруге үйрету;
б) оқушыларды бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге жәрдемдесу;
в) оқушыларды математикадан алған білім мен іскерліктерін оқуға және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;
г) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;
ғ) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.
Математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты
а) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру;