Математиканы оқытуда математика ғылымынан мағлұмат алып, математикалық әдістерді меңгеріп, математикалық ойлауын дамытуға міндетті түрде қажет деп саналатын математикалық білім таңдап алынады.
Математиканы оқытудың мазмұны мынадай себептермен өзгеруі мүмкін:
оқыту мақсатының кеңеюі, қоғамның дамуы және оның техникалық- экономикалық қажеттеріне байланысты мектеп оқушыларының дайындығына қойылатын талаптардың өзгеруі, математикалық білім, білік және дағдыларының деңгейіне де әсер етуі;
математика ғылымының үздіксіз дамуы, математиканың ішінде жаңа пәндердің пайда болуы, оқу материялының мазмұнын жаңарту қажеттілігі;
қоғам даму үрдісінде оқушылардың жалпы даму тенденциясы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау нәтижесінде оқу материалының мазмұнын ертерек оқу қажеттігі;
педагогика ғылымдарының дамуы, математика әдістемесінің дамуы, оқытудың озат жетістіктерін енгізу сабақ беруді жеңілдету.
Математиканы оқыту функциялары білім беру қолданбалы эстетикалық
ақпараттық тәрбиелік дамытушылық болжамдық Білімді игеруді және дүниетанымды қалыптастыруды анықтайды
Оқу қызметіне деген қызығушылықты және тұрақты уәждемені (мотивация) қалыптастыру
Тұлғаның танымдық психикалық процестері мен қасиеттерін, ақыл-ой әрекетінің логикалық әдістерін қалыптастыру. Даму функциясының құрамдас бөлігі эвристикалық: эвристикалық әдістерді оқыту
Математика материалында эстетикалық талғамды тәрбиелеу
Математиканың өткені, бүгіні және болашағы және оның қолданылуы туралы қажетті ақпарат алу
Нақты әлем құбылыстарын математикалық зерттеу қабілетін қалыптастыру
Болжамдық дағдыларды қалыптастыру: шешілмеген мәселелерді анықтау, гипотеза жасау, мәселенің басқа шешімін көру
бақылау-бағалау Білім мен дағдыларды бақылауды, бағалауды жүзеге асыру