ә) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету
бет 2/8 Дата 01.03.2023 өлшемі 411,9 Kb. #70776
Байланысты:
Дәріс 3 МПМ ә) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету; в) оқушыларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру (еңбек сүйгіштік, патриоттық сезім, әдемілікті сезіну); г) математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке , бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, жауапкершілікке т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; д) оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Математиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты а) оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге , практикалық (экономикалық, қоршаған ортаға байланысты) есептерді шығаруға; ә) математиканы физикаға, химияға, информатика , т.б. жаратылыстану пәндерінде қолдана білуге үйрету; б) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалануға баулу; в) оқушылардың өз бетінше білім алуына көмектесу (оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен жұмыс). Математиканы оқытудың дамытушылық мақсаты ә) математикаға ықыласын, өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту; в) математикалық объектілерді, қатынастарды , амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілетіне баулу; г) сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3.2 Мектеп математика курсының жалпы сипаттамасы Орта мектептің математика курсының мазмұны осы заманғы орта мектеп бағдарламасының негізі: Сандар жүйесі. Шамалар. Теңдеулер мен теңсіздіктер. Математикалық өрнектерді теңбе - тең түрлендіру. Координаталар әдісі. Функциялар. Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық түрлендірулер. Векторлар. Математикалық анализ бастамалары . Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Достарыңызбен бөлісу: