Үш деталдың салмағы 2,86кг 1-ші және 2-ші деталдардың салмағын қосса 2,16кг, ал 2-ші мен 3-ші деталдардың салмағын қосса 1,9кг болады. 2-ші деталдың салмағын анықта.
Ауылдан 96 адам 3 автобуспен және бірнеше жеңіл машинамен театрға келді.Әр автобуста 27 адамнан, әр жеңіл машинада 5 адамнан бар болса,жеңіл көліктің саны қанша екенін тап.
Бір бумада 25, ал екіншісінде осындай 49 лоторея билеті бар. Екінші бумадағы билеттер құны біріншіден 1440 теңге артық. Осындай 9 билет қанша тұратынын анықта.