Математиканы



бет29/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#128398
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
Силлабус 2ББ

Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің бірі. Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Бұл кештердің білім беру, үйрету бағытымен қоса тәрбиелік мәні болуы тиіс, яғни оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етуі керек. Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет. Кешке арналған оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер сайысын ұйымдастыру керек, сондай–ақ оқушылардың өздері жасаған фигуралардан, қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады. Кештерді
көбінесе эстафеталық түрде өткізген жөн. Параллель сыныптардың, не жарысқа қатысушы жақтардың өз бағдарламасы, өзіндік ерекшеліктері, құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болған жөн. Міндетті түрде әрбір кештерде кеш болатын жерде
«Білімінді тексер!», «Ауызша есептеп үйрен!», «Сен білесің бе?!», «Бірден сызып шық», т.б. тақырыптарда газеттер, викториналар ілінеді. Кештің қызықты мазмұнды өтуіне зор мән берген жөн. Қызықты математика кештері әсіресе, V-IX сынып оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге, ғылыми мәліметтерді уағыздаудың маңызды құралы болуы тиіс. Қызықты математика кештерінің бағдарламасы әдетте көркемделген, әр алуан айшықты материалдарды қамтиды және мұнда қысқаша хабарламалар, викториналар, математикалық жұмбақтарға кең орын беріледі.
Математикалық олимпиада оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын, қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады. Олимпиадалық есептерді үнемі шығару арқылы оқушылардың өзіндік жұмыстар жүргізуіне, ғылыми көпшілік әдебиеттерді пайдалана білуге бейімделіп, білім–білік дағдысы артады. Математикалық олимпиада математиканы оқытудың жалпы деңгейін жақсартады, оқушылардың алған білімінің сапасының артуына мүмкіндіктер жасайды.
Математикалық олимпиадалар – дайындығы неғұрлым жоғары оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда белгілі табыстарға жету үшін алдын ала даярлық жұмысын жүргізген жөн. Мәселен, алғашқы кезеңде бұрынғы олимпиадада пайдаланылған есептер мен жаттығулардың мазмұны ілінеді және сол есептер мен жаттығулар бойынша ұдайы кеңестер жүргізіледі. Сонымен бірге, жалпы мектептік математикалық олимпиадаларға оқушыларды дайындау кезеңінде арнайы қабырға газетін шығарып, бұрынғы олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен сұрақ–жауап кешін ұйымдастыруға болады. Оқушыларды бұрынғы жылдардағы олимпиада есептерінің шешілу әдістерімен таныстыру олардың жалпы математикалық білімін және жергілікті жердегі олимпиадаға дайындығын жақсартады. Тапқырлықты талап ететін әр түрлі есептерді шығарған оқушылардың кеңістік түсініктері, абстрактілі ойлау қабілеттері арта түседі. Оқушыларды олимпиада есептеріне қызықтыру математика мұғалімдері үшін оңай жұмыс емес. Сондықтан, ең алдымен сыныпта өткізілетін математика сабақтарының сапасын арттырған жөн. Дұрыс ойластырылған, ғылыми жағы басым, математикадан жұргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды есеп шығаруға қызықтыратыны сөзсіз. Олимпиадаға дайындықты төмен сыныптан бастап оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Онда жүйелі түрде бүкіл математиканың мектептік курсының қиындау және бағдарламада аз қарастырылатын тарауларынан, өзіндік ақыл – ой күшін қажетсінетін есептерді әр жылға бөліп шығартуға болады. Олимпиада есептері мазмұны жағынан әр алуан болады. Алғашқы жылдардағы жаттығу есептерінің қиындығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек. Дайындығы аз оқушылардың математикаға деген сенімін жоғалтпау үшін ең
болмаса бір оңайлау есеп алу керек. Ал қалғандары сынып ерекшелігіне қарай әр түрлі қиындықта болғаны жөн. Олимпиада жүлдегерлерін мектеп басшыларының қатысуымен мадақтау, сыйлықтар беру оқушыларды ынталандыратын тәрбиелік мәні бар іс. Олипиаданың келесі турына алғашқы турында жеңіске жеткен оқушылар қатыстырылады. Мұның жеңімпаздары аудандық (қалалық) олимпиадаларға жіберіледі.

    1. Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілеттерін дамыту, математиканың әр алуан қолданымдарын көрсету, олардың пәнге ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары орта мектептерде арнаулы сыныптарға енгізіліп, оқушылардың жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады. Факультативтік курс математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой - өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға ынта – ықыласын ескеру керек. Сонымен бірге олардың ой - өрісі мен дербестігіне де назар аударған дұрыс. Әдетте факультативтік курстардың дәріс, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия үйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады. Факультативтік курстың кейбір материалдарын дәріс түрінде өтілуі мүмкін. Мұндағы мақсат – оқу материалының ішінен ең өзектілерін баяндау, есептер шешудің ең нақты әдістерін көрсету, оқушыларға материалды өздігінен оқып үйренудің жолын нұсқау. Дәріс сабақтарында оқушылардың тыңдау және ой түю машықтарын шыңдауға бағытталғаны пайдалы. Дәріс барысында оқушылармен жеке мәселелер бойынша, қайсыбір ұғымының тууы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есеп

түрінде қойылуын қысқаша әңгімелеудің рөлі зор.
Факультативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының бірі – практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс. Берілетін практикалық тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс нәтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек. Мәселен,
«Көпжақтар» тақырыбы бойынша практикалық жұмыс жүргізгенде көпжақтардың эскизін, олардың жазбалары мен модельдерін салу керек. Дұрыс көпжақтардың модельдерін әр оқушы жеке, ал күрделі көпжақтарды 2-3 оқушы бірлесіп орындағаны дұрыс. Мұның өзі ұжымдық еңбекке баулиды. Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының бірі – күрделі есептерді эвристикалық жолмен шығару. Алайда, есептерді оқушылардың ынта – ықыласына сай іріктеп алса, оның тиімділігі арта
түспек. Алдымен даярлық есептер оқушылардың өздігінен шығармашылық қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс.

Математиканың бірегейлік сипаты бұл ғылымның өзінің ішкі болмысынан туған; шынында да математика бүкіл дәл жаратылыстану ғылымының негізі. Ал математиканың осынша биік мәртебелі ролін кемел орындауы үшін, келешек ғасырда оның жолына данышпан шеберлер мен көптеген ізгі талапты жастар келе беруін тілейік.
Гильберт Д.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет