Материалдары



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Алаш партиясы

Алаш оқулықтары – бұл салыстырмалы түрде өте кең ұғым. Бұған Алаш тұсындағы оқу 
құралдарыда (мысалы Тұрғанбайұлы М. Пайғамбар заманы. Бастауыш мектептің соңғы жылы үшін-
Оренбург: Ғ.Ғ. Хусайнов уә ширкәсінің мәтбәгәсі, 1915.-51 б). Алаш қайраткерлері жазған оқу 
құралдары да кіреді. Мұның ішінде, мысалы, «Медресе Ғалия» шәкірттері жазған дүниелер де бар 
(Қазақ уә қырғыз балалары үшін осул саутия илә жазылған әліппе яки төте оқу. 
Әйгілі Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925ж. арасында 7 рет 
қайта басылып, ұлтты ағартуға үздіксіз қызмет етті. 1926ж. ағартушы «Әліпбидің» жаңа түрін жазды. 
Қайраткер «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулығы 
арқылы қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытуды мектепте белгілі пәні арқылы да 
үйретуге болатынын дәлелдеді. А.Байтұрсынұлы Халық ағарту комиссары (министр) болып тұрғанда 
оқулық жазу ісі біршама жүйеленді. Авторлар жоқ кезде «білікті оқығандарға жаздырту» (тапсырыс) 
деген ұғым шықты. Ахмет Байтұрсынұлының, Қошке Кемеңгерұлының лингвистика, тарих, 
әдебиеттану, методика; Міржақып Дулатұлының, Әлімхан Ермекұлының, Сұлтанбек Қожанұлының 
математика; Жүсіпбек Аймауытұлының психология; Мағжан Жұмабайұлының педагогика; Елдес 
Омарұлының физика, геометрия; Жұмақан Күдеріұлының биология; Х.Досмұхамедұлының зоология, 
лингвистика, анатомия; Телжан Шонанұлының тарих, тіл; Мұхтар Әуезұлының әдебиет; Жұмағали 
Тілеуліұлының медицина ғылымына байланысты оқу-құралдары жарық көрді. Әлихан Бөкейхан 
бастаған енді бір топ ғалым орыс тіліндегі дүниелік ғалымдарды танитын оқулықтарды, ғылыми 
еңбектерді қазақ тілінде аудара бастады [3, 107-110-160, 47]. 
Ал А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе 
мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің 
табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап 
ұсынған, алфавитті негізге жазған алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде қолданыла 
бастады. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен(жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және 
бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері 
де қолдана бастапты.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени дүниесінде 
үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа 
жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А.Байтұрсыновтың бұл 
тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі тұтып, олар да өз 
жазуларына реформалар жасай бастады [4, 176-18]. 


154
Бұл арада зиялыларымыздан келе жатқан ұлылар даналығының ұрпақтан ұрпаққа сарқылмас мұра 
болып жалғаса беретінін тағы бір зерделеп, ой легінен өткізгендей болдық. Демек, Алаш қайраткерлері 
жазып қалдырған оқулықтардың білім нәрімен сусындаған жас жеткіншектеріміз үшін мәні мен 
маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет