168
қуантады. Ал Еуропа?.. Еуропаны ол кезде феодалдық дәуірің үкімі қысып тұрған. Адамзат құқығының
сақталуын қамтамасыз ететін жарғы оларға кейіннен, бергі ілкіде ғана жетіпті...
Қат-қабат құбылыстардың найзағайдай жарқ етіп, іңір көкжиекті нұрға бөлейтін құндылықтары
болады. Сол секілді адам болмысының құм ішінде жайқалған қызғалдақтай бүр жарып, өлкесіне әсем
өрнек, әдемі шырай беруінің басты факторларының бірі – құқық пен бостандықта жатыр. Бостандықта
болмыс та бар, сүрлеусіз сипат та жетерлік. Сан алмағайыпта бостандық үшін күрестер мен күңкілдер
жер-әлемді талмай шайқады. Бодандықтан күңіренген адамзат баласы бостандыққа ұмтылды.
Бостандықтың «Утопия аралынан» ескен самалды иіскеп, рахатқа батып көргісі келді. Ал оны сәтінде
қазаққа ұсынып, ұлт руханиятының
алғашқы ақжолтайына айналған, ғұмырында үсті кеніш, асты
бейіш Алаш елінің абыз-сұңғыласы болған ақын, аудармашы, заңгер, қайраткер, елімнің бұралаң
бағына біткен перзент – Абай Құнанбаев еді. Хәкімнің 74 баптан тұратын «Қарамола ережесі» қазақ
санасына сілкініс сыйлап, адам құқығы мен бостандығынның зобалаңдағы шырағын жақты. Еркіндік
пен теңдікті көздеген ереженің қуатты тамыры «Есім хан салған Ескі жол мен Қасым хан қалаған Қасқа
жолдан» нәр алып, ат ауыстырып мінген, кебіс ауыстырып киген зұлматта далалықтардың қорғанына
айналды. Қағаз күйінде емес, шындығында дала ізбасарларының құқықтары
мен бостандықтарын
арқау еткен заң күшінде. Мәселен, 32-бап... Абай: «Егерде біреу әке-шешесін ренжітсе, әке-шешесінің
ықтияры бойынша қазақ ғұрпына қарай жаза берілсін, егер молданы яки құрметті кісілерді ренжітсе,
ат-шапанынан бір ат бастатқан тоғызға шейін айып береді. Тағы біреу біреуді қол жұмсап, ренжітсе,
бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді, егер айып алушы кесілген айыпты алмаймын десе, бір айға
абақтыға отырғызылады [4], – дейді. Әкімшілік, яки, азаматтық құқықтың қазақ қоғамына лайықталған
бұрнағы әділетті формасы. Байқасақ, бұл жай ғана заң емес екен, Абайдың туған халқының мүддесі
жолындағы күресте жеткен тарихи жеңісі, заң мен алаш қоғамы алдындағы перзенттік жауапкершілігі,
егемендік еңсемізді тіктеген шақта қабылдаған қастерлі Ата заңымыздың «ата өсиеті» есебіндегі
ерекше нобайы болыпты. Шүкір, адамдық сұлу келбетін берік сақтаған халқым осы Абай өсиетімен
талай тағдырлы өткелектен өтті. Ендігі бостандық алуға, толыққанды еркіндіктен барақат табуға деген
ұмтылыстың артында – ұлы күрестер мен ауыр да азапты оқиғалар содан соң мәңгілік жарық күн күтіп
тұрған. Жарық күннің, тәуелсіздіктің заңи келбетін сомдап,
қалыбын жасаған, қазаққа болысқан
заңдардың негізінде қазіргі Ата заңымыз жарыққа шықты. Қазіргі мемлекетіміздің берік іргетасына
айналған Ата заңымызда, міне, осындай жауынгер әрі өршіл рухты бабаларымыздың қолтаңба-ізі
сайрап жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: