Материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Дербісалы Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995. //Қазақ  
тарихы, – 174 б. 
2. 
Рысбеков Т.З. Советы Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1998ж. - 151б
3. 3. http://www.mywebs.su/blog/history/1051.html 
Дастан ҚАСТАЙ, 
Журналистика факультетінің 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., доцент А. Рамазан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
ҚАЗАҚҚА БОЛЫСҚАН ҚҰНДЫ ҚАҒИДАЛАР 
Замана керуеніне иек артқан дәуір перзенттерінің жандануы, дамуы мен қолайлы орта тауып, өсіп-
өнуіне заңдық факторлардың тигізер ықпалын қарастыру міндеті бүгінгі күнде аса маңызды нысана. 
Себебі, біздің халқымыздың басына түскен тарихи бұрқасындар, көшпелі өмір концепциясы – қазақ 
атын дәуірден дәуірге жеткізіп, бүгінгі уақытта өз көшін тәуелсіздік кезеңіне әкеп орнықтырды. 
Тарихтан белгілі, де-фактологиялық сипатта ата-бабамыздың басын біріктіріп, ұлан-ғайыр аймақта 
қазақ атын танытуына септескен – көңілде қатталып, санада таңбаланған дала жарғылары еді. Қазіргі 
ғалымдар қыртысын жазып, тереңіне бойлап жатқан түрік қағанатының «Жарғы» дала-заңдар жинағы, 
қылыштың жүзімен әлемге әмірі жүрген Шыңғыс хан алып империясының «Жасасы», Қазақ 
хандығындағы айрықша мәнді-мағыналы Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», 
бертінгі Тәуке бабамыздың «Жеті жарғысы» әлемдегі жазылған, жазылып жатқан теңдессіз кодекстер 
мен конститутциялардың алғышарттары еді. Тіпті, көшпелі өмірінің ыңғайына қарамай бір орталыққа 
бағыну, жаугершілік кезеңдегі этностық сипаты бекем мемлекет болып құрылу – ұлттық болмыспен 
астасқан жарғылық қағидаттарымыздың басты мақсаты болатын. Зерделеп қарасақ, түркі халықтарына 
ортақ «Жарғы» – көшпенділердің бас бостандығын, өзара ымыраластықта күн кешіп, аласапыран 
замандардан сүрінбей өтуін бақандай 7 ғасыр қамтамасыз еткен екен: «Түріктердің ата заңдары 
бойынша, бүлік шығару, кісі өлтіру, біреудің әйелін зорлау, тұсалған аттың тұсамыс шідерін бұзып, ат 
ұрлау – өлім жасасымен жазаланған». Осылайша, бабадан мирас, өткеннен енші жарғы – дала 
перзенттерінің болмыс-бітімін, ождан-иманының қорғаны, сақтаушысы ретіндегі өз қызметін 
қалтқысыз атқарыпты. Көшпенділерден бізге жеткен тарихи әдебиеттерде адам баласының мығым 
ескеріп, ғұмырлық бағдаршамы етуге тиісті адами алты қағидасы жіті көрсетіледі. Олар: ата-анаңды 
құрметтеу, кісіні қажетсіз өлтірмеу (жаугершілік замандағы қағида), жолыңнан адаспау, ұрлық 
жасамау, өтірік сөйлемеу, қызғаныш танытпау [2]. Міне, осы қағиданы қатаң ұстанған мемлекетте ғана, 
адам құқығының ақ байрағы салтанат құрмақ. Әрине, тарих екшелеген ол замандағы адам құқығы аяққа 
аз тапталмады. Қазір біз кітаптардан ғана оқып жүрген: бай-бағланның әлеуеті төменді басынып, 
тоғышарлықпен талайсыз үкім айтуы – соның басты айғақтары екен. Бірақ ол дәуірде де адам 
құқығының тапталуына шектеу болмады емес, болыпты. Тек қажетті шеңберде ғана. Оның өзінде – 
кейбір мекендерде, кейбір хандықтарда салтанат құрған. Саяси әрі моральдік көзқарасы мығым біздің 
көшпенді бабаларымыз адам құқығының тарихи декларациясын алғашқы болып қабылдады. Орта 
Азияда ғана емес, бар әлемде. Оған өз кезеңінің құдіретті қолбасшысы, дарабоз батыр, сұңғыла 
сайыпқыран түсінігіндегі Шыңғыс хан қалыптастырған «Жаса» далалық заңдар жинағы басты дәлел 
еді. «Жаса» далалық заңдар жинағы Біріккен ұлттар ұйымы көтерген адам құқығы мәселесін неше 
ғасыр бұрын арқалады. Жарғы – құрамының басым бөлігін түрік тайпалары құраған, тегі түрік Шыңғыс 
хан империясының сенім кілтіне, ұлысты татулыққа ұйыстырар негізгі ұйытқысына айналды. 
«Жасада» адам құқығы туралы мынандай жолдар кездеседі: «Өтірік сөйлеу, ұрлық жасауға, 
зинақорлыққа жол беруге тыйым сала отырып, айналаңдағыларға құрметпен қарауға, олардың 
құқықтарын құрдым етпеуге, өз еріктерімен берілген қалалар мен қағандықтарға рақымшылық етіп, 
барлық алым-салықтан босатуға, шіркеулері мен құлшылық орындарын қадір тұтып, тұрғындарына 
теңқұқылы әрі олардың ділі, дініне құрметпен қарауды міндеттеймін [3] /Жаса. 1206-ж. Шыңғыс хан/. 
Рас, жарғының шартты құрылысының айырмашылығы қазіргіден шамалы ғана. Тәрізі, сол кезеңдердің 
өзінде тұлға құқығы, адам абырой-беделінің биік мансап, тұғырлы мінбермен теңестірілгені көңіл 


168
қуантады. Ал Еуропа?.. Еуропаны ол кезде феодалдық дәуірің үкімі қысып тұрған. Адамзат құқығының 
сақталуын қамтамасыз ететін жарғы оларға кейіннен, бергі ілкіде ғана жетіпті...
Қат-қабат құбылыстардың найзағайдай жарқ етіп, іңір көкжиекті нұрға бөлейтін құндылықтары 
болады. Сол секілді адам болмысының құм ішінде жайқалған қызғалдақтай бүр жарып, өлкесіне әсем 
өрнек, әдемі шырай беруінің басты факторларының бірі – құқық пен бостандықта жатыр. Бостандықта 
болмыс та бар, сүрлеусіз сипат та жетерлік. Сан алмағайыпта бостандық үшін күрестер мен күңкілдер 
жер-әлемді талмай шайқады. Бодандықтан күңіренген адамзат баласы бостандыққа ұмтылды. 
Бостандықтың «Утопия аралынан» ескен самалды иіскеп, рахатқа батып көргісі келді. Ал оны сәтінде 
қазаққа ұсынып, ұлт руханиятының алғашқы ақжолтайына айналған, ғұмырында үсті кеніш, асты 
бейіш Алаш елінің абыз-сұңғыласы болған ақын, аудармашы, заңгер, қайраткер, елімнің бұралаң 
бағына біткен перзент – Абай Құнанбаев еді. Хәкімнің 74 баптан тұратын «Қарамола ережесі» қазақ 
санасына сілкініс сыйлап, адам құқығы мен бостандығынның зобалаңдағы шырағын жақты. Еркіндік 
пен теңдікті көздеген ереженің қуатты тамыры «Есім хан салған Ескі жол мен Қасым хан қалаған Қасқа 
жолдан» нәр алып, ат ауыстырып мінген, кебіс ауыстырып киген зұлматта далалықтардың қорғанына 
айналды. Қағаз күйінде емес, шындығында дала ізбасарларының құқықтары мен бостандықтарын 
арқау еткен заң күшінде. Мәселен, 32-бап... Абай: «Егерде біреу әке-шешесін ренжітсе, әке-шешесінің 
ықтияры бойынша қазақ ғұрпына қарай жаза берілсін, егер молданы яки құрметті кісілерді ренжітсе, 
ат-шапанынан бір ат бастатқан тоғызға шейін айып береді. Тағы біреу біреуді қол жұмсап, ренжітсе, 
бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді, егер айып алушы кесілген айыпты алмаймын десе, бір айға 
абақтыға отырғызылады [4], – дейді. Әкімшілік, яки, азаматтық құқықтың қазақ қоғамына лайықталған 
бұрнағы әділетті формасы. Байқасақ, бұл жай ғана заң емес екен, Абайдың туған халқының мүддесі 
жолындағы күресте жеткен тарихи жеңісі, заң мен алаш қоғамы алдындағы перзенттік жауапкершілігі, 
егемендік еңсемізді тіктеген шақта қабылдаған қастерлі Ата заңымыздың «ата өсиеті» есебіндегі
ерекше нобайы болыпты. Шүкір, адамдық сұлу келбетін берік сақтаған халқым осы Абай өсиетімен 
талай тағдырлы өткелектен өтті. Ендігі бостандық алуға, толыққанды еркіндіктен барақат табуға деген 
ұмтылыстың артында – ұлы күрестер мен ауыр да азапты оқиғалар содан соң мәңгілік жарық күн күтіп 
тұрған. Жарық күннің, тәуелсіздіктің заңи келбетін сомдап, қалыбын жасаған, қазаққа болысқан 
заңдардың негізінде қазіргі Ата заңымыз жарыққа шықты. Қазіргі мемлекетіміздің берік іргетасына 
айналған Ата заңымызда, міне, осындай жауынгер әрі өршіл рухты бабаларымыздың қолтаңба-ізі 
сайрап жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет