Материалдары



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Алаш партиясы

Әдебиеттер
1. 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995.-228 б. 
2. 
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-19 б. 
3. 
Омарбеков Т. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы// Ақиқат.-1994.-№9-Пб. 
4. 
Субханбердина Ч. Қазақ. Алаш.-Сарыарқа. Алматы, 1993.- 36 6.б 
5. 
Ахметов Ғ. Алаш алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42 б. 
6. 
Мухаметов М, Сатершинов Б, Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.-Алматы, 2002.-53 б. 
7. 
Құл-МұхаммедМ.Алашқайраткерлері:саясиқұқықтық көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1998.-64 б. 
8. 
Пірманов Ә, Қопаева А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119 б. 
9. 
Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың.-Қазақстан-2030, Алматы, 1998.-259 б. 
10. 
Сұлтанов Қ. Алаш өкіметіне -90 жыл//Оңтүстік таңы, 2007. 7 б.  
 
 
Неля РУШАНОВА,
философия және саясаттану факультетінің PhD докторанты 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Зиялылардың ел, ұрпақ алдындағы міндеті қоғамға адал, елдің рухани дүниелеріне қамқор 
болуында. Ұлттың рухани дүниелері ұрпақтан ел азаматы болуды, адалдық пен білімді талап етеді. 
Осы екі нәрсені қадірлей білген адам ғана ұлт руханиятының өрісіне еніп, қасиетін иелене алады. Ой 
өрісі кең, діни сауаты мол, санасы биік, түсінігі терең адамның қадір-қасиеті жөнінде әл-
Фараби: «Білім, яғни ғылыми мұра қалдырған адам өлгеннен кейін өз қамы үшін ғана қарекет еткен 


134
адамнан қадірлі, білгіш, көреген болады. Өйткені, көп мал, мүлік күйттеу ғылымға кесірін тигізеді. 
Сондықтан, мұра қалдыру дүниеауи қам-қарекетке қарағанда абзал да қадірлі, ол ғылымға кесірін 
тигізбейді», – деп жазған еді. Мәдениетті елдерде рухани мүдде, тарих, дін, философия, ғылым кез 
келген адам жақындай бермейтін, жауапкершілігі зор дүние. Әл-Фараби айтқандай, халыққа пайдасы 
мол ғылыми мұра қалдыру ғылыми атақ алып, атақты болу емес. Ұлттық санасы биік, қабілетін ерте 
шыңдаған тарихтың тағылымын білу арқылы жан-жақты білім мен ақыл-парасатқа ие кез-келген 
адамның іс-ізденісі, жазған дүниелері ғылыми мұра болып саналады. Қай уақытта болса да елдің 
зиялылардан талап ететіні халыққа жөн сілтеп, басын біріктіретін идея мен ортақ тұжырым [1]. 
Фарабидің философиясы өзінің өміршеңдігін, дұрыстығын нақтылы ғылыми зерттеулерден тауып, 
принциптері, қағидалары одан әрі кемелденіп отырды. Оның ғылыми ойлау жөніндегі тапқан әдісі 
жеке, дербес заттарды, құбылыстарды нақтылы қарастыру, бақылау жасау арқылы дедуктивті-
аксиоматикалық теория жасаумен ұштастырылады. «Бақытқа жол сілтеу» трактатында әл-Фараби 
Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады.
Фараби өзінің дүниеге көзқарасын әлеуметтану, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып, 
жүйелендіре, нақтылай түседі. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету туралы» 
трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті 
әкімнің бейнесі туралы ой толғайды. Сондай-ақ, Фараби «Бақыт жолына сілтеу» еңбегінде көркемдік 
адамның денесі мен рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп 
санайды. Ол бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Оған жету үшін адам рухани 
құндылықтарды бойына сіңіре отырып, өзін-өзі үнемі жетілдіріп жүруі керек дейді. Жетілдірудің өзі 
ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деген түйін жасайды. Ол, ең әуелі өзі өмір 
сүріп отырған қоғамның құрылымын талдайды. Адамдар қауымының өмір сүрі ортасы ретінде қала 
халқын алады. Қалаларды жік-жікке бөле келіп,ол кемел де үлгілі құрылым ретінде «Ізгі қаланы» 
таңдайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын 
«қажеттілік қаласы» деп қарайды. Фараби әрі қарай «алыс-беріс қаласы» (саудагерлер мен 
алыпсатарлар мекені), «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» (ұры-қарылар, арамтамақтар мекені) 
бөліп ажыратады [2]. Осыдан түйетініміз, сонау түркі ойшылдарын толғандырған тарих беттеріндегі 
елдік, рухани тәрбие мәселелері алаш зиялыларының да санасында болған. Сол тарих жөнінде алаш 
зиялылары: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда 
тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі 
жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса оның артынша өзі де 
жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымым 
құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс» [3]. 
Қазақ халқы – жауынгер халық. Алғашқыда қолына қару алып, жауға шапса, уақыт өте келе рухани 
санаға бет бұрды. XX ғасырдың басында ұлттық интеллигенцияның рөлі артып, халық санасының 
оянуы шарықтау шегіне жеткен. «Интеллигенция» латын сөзі, қазақ тілінде маманданған, ой еңбегімен 
шұғылданатын, әлеумет мүддесіне қызмет ететін, шығармашылыққа ие адамдар тобы, яғни зиялы 
қауым өкілдері деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар латынның intelligens сөзі қазақ тілінде 
түсінетін, ойлай білетін, парасатты деген түсінікке ие. Демек, интеллигенция ұғымының мәні тарихи 
тұрғыда, рухани негізде халық даналығымен ұштастырылып, кеңінен қарастырылуы тиіс. Ұлттың 
өмірлік тәжірибесі арқылы жүйеленген зиялылардың ұлттық мүдде мен халықтық рух деңгейіндегі 
озық идеялары, қазақ қоғамының мәңгілік даму жолын жоспарлап кеткен. Мәселен, М.Дулатовтың 
1918 жылы «Абай» журналында жарық көрген «Алашқа» деген мақаласы – соның айғағы. Бұл 
мақаладағы қазақ зиялысының елге айтқан сөздері бүгінгі күні де талапты, ерікті, саналы адам үшін 
өшпес рух, салмақты ой [2]. 
Алаш зиялыларының жүйелі ізденістері, ортақ көзқарастары ұлттық білімді, ұлттық сананы 
күшейтіп, өткен ғасыр басында халықты қауіп-қатерден сақтауға қызмет етті. Алаш зиялылары 1913 
жылы «Қазақ» газетінің алғашқы сандарында жарияланған «Қазақ тарихы» жөнінде жазылған 
мақалада, «Қазақ ішінде әр үйдің отағасысы, әр ауылдың ақсақалы тұрған бір шежіре. Бұрынғы өткен 
кеткеннен естіген білгені болса кейінгі жастарға соның бәрін айтып отырады» – деп ұлттық тәрбие 
ісінде әрбір қазақ қоғамындағы ата-ананың міндетін атап көрсеткен [4]. Адамның қоғам алдындағы 
жаупкершілігі отбасындағы тәрбиеден басталады. Тарихи білім арқылы жастың санасын, ой-өрісін 
қалыптастыру ата-ананың мемлекетке тигізер көмегі болып есептелмек.
Рухани сана қоғам кеңістігінде ұлт болмысының және ел мүддесінің қажеттіктеріне сай шындық 
пен жалғанды ажыратып, халық ішінен нағыз талант иелері мен білімділерді шығарып, оларға бағыт 
көрсететін құбылыс. Рухани санаға қатысты Міржақып Дулатов былай деп жазып кеткен: «Бір кісі бір 
іске жарайтын болса да, аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрі бір. Депутат бол, газет 


135
шығар, бала оқыт...өзгеміздің бәрі сай болып жалғыз депутатқа қарап тұрған іс жоқ. Халқың надан 
болса, мың депутатың болсын онан пайда тағы жоқ. Депутаттықты таңсық көріп, атағына қызығып яки 
бәсеке үшін баратын кісі болмасқа тиіс. Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болса, онан тапқан 
абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осыны әркім ескерсе екен» [4]. Халықтың жағдайын, елдің 
қажеттігін биіктен қарағаннан, халықтың ішінде жүріп көрген ұтымды. Әлеуметтің, әлеумет мүшесі 
әрбір адамның көңіл күйі халықтың ішінде ғана жүргенде білінеді. Биікте тұрып қоғамда болып жатқан 
нәрсені адам көрсе де, оның ішкі жағдайына үңіле алмауы мүмкін. Осы себептен, тарихта қазақ 
зиялылары халықтың ішінде жүріп, тікелей елдің мәселесін көтеріп, оны шешудің оңтайлы жолын 
халықпен бірлесіп іздеген. 
Әрбір тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі халыққа оның қызметі арқылы тікелей бетпе-
бет көрініп отырады. Ұлт ісіне келгенде зиялылар арасында бақ таласы деген жоқ, олар халыққа үлгі 
болу үшін өздерін елдің алдында кіші санаған және кішілікті кісілігімен көрсете білген. Осының 
салдарынан мемлекетке, елге жақын болу дәстүрге айналады, жастар қашанда зиялылардың соңына 
ереді. Тарихтағы қазақ жастарында сенімі, түсінігі, сезімі арқылы қоғамнан оқшаулану, әлеуметтік 
ортада өгейлену жоқ. Себебі, халықтың ұлттық санасы зиялылардың қызметімен нығайып отырған. 
Сілтеме керек. Тәкәппарлық тарих түгілі, халыққа да жүрмейді. Халық игілігіне бағытталған кез-
келген істің басында тұлғаның елдігі ашық түрде көрініп, халықтың ішкі дүниесіне жеткенде қана 
қоғамға деген сенім, жанашырлық, өмірге деген білім қалыптасады. Алаш зиялылары ұлттық сананы 
көтеру арқылы жұрт ісін дамытуды көздеді. Олардың ұғымында кез келген ел игілігіне бағытталған іс 
жүзеге асу үшін алдыменен әлеуметтік ортада ұлттық идеяның жалғасуына, ел болмысының бойына 
тарауына ықпал ететін интеллектуал адамдар болуы қажет. Халық өзінің төл дүниелерін иеленіп, өзі-
өзіне келгеннен кейін ғана жаңашылдыққа бейімделіп, жаңа дүниелерді қабылдай алады. Жүсіпбек 
Аймауытов «Ұлтты сүю» мақаласында: «Кейбір оқығандар да қара халықтан бойын аулаққа салғысы 
келіп, қызыққа салтанатқа салынғысы келетін салқындық ірілік мінездердің ұшығы сезіледі. Адам 
шалдуар нықысының әнімен кетсе, өзін-өзі тергеуге алмаса, жаман мінезінен тыйылып, жақсы жағын 
тәрбие қылмаса, бұзылып кетуі оп-оңай. Меніңше, қара халықтан жиренгендік, ірілік – ұлтын сүюге, 
мұқтажын, сырын білуге жиһат қылмағандық деп білемін. Бұл мінез Николайдың шенуніктеріне 
еліктеген болып табылады. Орыстың білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу – 
дұрыс та, кәпірлігін, мақтаншақтығын, рақымсыз, қызықшыл, қалташыл, антшыл, «суық» шенеунік–
тігіне еліктеу, ақсүйек болуға, салтанат түзеуге, тұрмысын, жүрісін, үй ішін жат түрге салып, қазақтан 
қашыртуға еліктеу – үлкен мін, кемшілік. Бұ жағынан оқығандар арына төрелетіп, сақ болуы керек. 
Осындай әдетті күшейтуге себеп болатын күншығыс халқының табиғатында тағы бір мінез бар. Ол: 
антқұмар, зина құмар, әйелшілдік, адымын алыстатпайтын ұсақтық, қайратсыздық, жалқаулық. 
Көңілдегісі болмаса біздің тұқымдар тез табаны қайтып, қажып қалады. Мақсатының жолына құрбан 
болуға шыдамайды. Ақтығында айтпағым: оқығандар өзін өзі тәрбие қылу керек. Қара халықтан 
жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өз ұлтын сүюге, халыққа өзін 
сүйгізуге жиһат қылу керек» [3] – деп тұжырымдаған еді. 
Рухани, ұлттық санасы биік ел бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарып үлкен жетістікке 
жетеді. Елдігімен біріккен халыққа, саналы әрекеті мол ұрпаққа мұратына жету оңай. Себебі, бұндай 
қоғамда елді аяғынан шалатын кері тартпа әдеттер болмайды. Тарихпен ой бөлісетін, ұлттан өзін кіші 
санайтын, ұлттың дүниелеріне жауапкершілікпен қарап әрекет ететін жастар қатары көп болады. 
Тарихтың тағылымын қадірлеп, одан керегін ала алатын, діні мен діліне адал жұрт қоғамының 
болашағын өз болашағым деп қабылдайды [1]. 
Тарихқа тереңірек үңілген адам қазақ болмысының шеңберінде ұлттың дүниесіне айналған тарих, 
дін, дәстүр, мәдениет, әдебиет, тәрбиенің бір-біріне қарсы келмегендігін жете түсінеді. Ұлт ісіне 
қызмет етуден жалықпаған, еткен еңбегі үшін есептеспеген, барлық дүниесін ұрпағына тарту еткен 
қазақ тұлғаларының бойында рухани тереңдік жатыр. Бұл тереңдіктің басында ұлттық сананы кемел 
биігіне жеткізген имандылық пен діни білім бар. Қазақтың ұлттық деңгейінен қарасақ, ұлттық сана 
дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) 
қатар иеленіп, қоғамында орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен 
қарайтын, жеке басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел 
болашағына ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-
әрекетін айтамыз. Елге пайдасы мол істерді тындырып, ұрпақтың басын біріктіріп, ұлттық мүддеге 
жұмылдыратын идеяларды (мұраларды) қалыптастырған зиялылардың рухани деңгейі (интеллектісі) 
уақыт өте ұрпақтың ұлттық санасына айналып отырады. «Дүниедегі әділ сыншы халық пен тарих» деп 
алаш зиялылары жазып кеткендей, құбылмалы, жалған әрі жасанды нәрселерді тарих қабылдамайды. 
Тарих қабылдамайтын нәрсені кейінгі буынның танымы да қабылдай бермейді. Сондықтанда, рухани 


136
сана әр ұрпақтың ұлттық мүдде деңгейіндегі ойлау жүйесі, ұрпақты ұлт ретінде біріктіруші құбылыс, 
даналық білімдердің, тәжірибелердің, құндылықтардың ұлттың рухани әлеміндегі бірігуі [1]. Осыған 
байланысты әл-Фараби мемлекетіне қызмет ететін адамның бойында болуы тиіс қасиеттерді былайша 
сомдаған: «болмыс мінсіздігі, әлеуметтік ортаға бейімділік, түсінік, ел жағдайын түсіне білетін және 
зерделей алатын қабілеттің, есте сақтау қабілетінің болуы. Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, 
ақылды болу, сөзге шешен, өнер, білімге құштарлық, жалықпайтын, іздене білетін, еңбекқор, 
қиындыққа төзімді, барлығын ақылмен зерделеп, сабырмен қабылдайтын мінез, ұқыптылық, үлгерімді, 
қанағатшыл, ар - намысы, ұяты мол, иманды, шыншыл, рухы биік, елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, 
тарихты білетін, ізгі нәрселерге ғана ұмтылатын, оңай олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы, 
қайрымды, рақымшыл, ақ көңіл, зұлымдығы жоқ, кез- келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін, 
батыл, ержүрек адам» [5]. Ғұлама жоғарыда аталған қасиет-сапаға ие адамдар қана зиялылар қатарынан 
көрінетіндігін айтып кеткен. Ойшыл зерделеген, жеке адамды, халықты жақсылыққа бағыттайтын игі 
қасиеттерді қазақ ұлтының ұлттық тәрбиесінің, тарихы мен тұлғаларының бойынан табамыз. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ұлттың төл тарихы өткен дәуірдегі халықтың адамгершілік 
қасиеттерінен, қабілет пен даналықты қадірлеген ұрпақтың рухани қызметінің рухынан туындайды. 
Рухани сана сақталған ортада ғана осы игі қасиеттер ел өмірінде жалғасады. Ал, мемлекет болмысының 
рухы осы игі қасиеттерден күш алары даусыз. Қоғамды әлсірететін, жастарды қоғамнан оқшаулайтын, 
халықтың сенімін жоятын теріс нәрселер ұлттық санасы биік қоғамда өмір сүрмейді. Тарихи уақыттың 
аумалы төкпелі жағдайына, құбылмалы мінезіне қарамай қазақ елінің басын біріктірген, ұлттың рухын, 
қоғамның ішкі рухани өрісін сақтап отырған әл-Фараби сомдаған кісілік қасиеттердің, ұлттық сана 
негізінде жеке адам мен ел болмысының бойында ұялайтындығын ескерген жөн. Ұлттық тәрбие, 
көркем мінез, халықты, тарихты, ұрпақты құрметтеу, дінді таза ұстау, білімді, еңбекқор, адал болу 
сынды игі қасиеттер дінімізде де айтылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Хадистерінде айтылған 
даналықты қазақтың әрбір жанұясы парыз деңгейінде түсінген: «Балаларыңызды құрметтеңіздер, 
олардың әдептерін жақсартыңыздар, оларды жақсы тәрбиелеңіздер», «Ешбір әке баласына жақсы 
тәрбиеден артық сыйлық берген болмайды», «Кісінің баласын жақсы тәрбие етуі, садақа бергеннен 
жақсы». 
Тарих, дәстүр, дін, мәдениет, өнер қоғамдық ортада адам болмысының мемлекеттің мүддесіне сай 
қалыптасуына қызмет етеді. Ұлттық мүдде талабына сай өмір сүруге дайын адамның өз болашағы, 
қоғам, жаңа уақыт алдындағы міндеті қоғамына қажетті, оның игілігіне айналатын білім түрлерін 
иеленіп, құндылықтарды қалыптастыра білу. Бұл қазақ жырауларының да, ойшыл ғалымдарының да 
негізгі ұстанымы болды [1]. 
Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Қазақ күнелту жағының мәдениетінен 
мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда рух мәдениетіне кенде емес... 
Қазақтың жерінің астында асыл қазына, кен байлығы мол деп аңыз қылысады. Сондай мол қазына қазақ 
елінің ішінде де жатыр. Ол не десеңіз әдебиет, ән-күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып, үйрене 
беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруе болмайды. Алса да, халықтың көкейіне 
көпке дейін қонбайды. Ендеше өзімізде бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек» 
[
6]. Елдің басын біріктіретін ұлттың төл мәдениеті, құндылықтары. Мемлекеттің басты байлығы ұрпақ, 
халық болса, халықтың байлығы руханият. Мыңдаған жылдар бойы халықтың рухани қасиеттерінің, 
қызметінің негізінде қалыптасқан дүниелері. Өзіңде бар дүниені игеріп, заман талабына сай іздене білу 
қоғамыңды өркениетке жеткізеді. 1918 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» журналында жарық көрген 
«Қазіргі қазақ күйі» атты мақаласында: «Қазақтың ішінде арқалы жуан бар, әлсіз нашар бар. 
Зорлықшыл, жылатып жүрген қиянат, тізе жуанды көріп жылап жүрген бар. Осы күйлердің бәрін 
басшы жаттап алып, әр қашан естен шығармауына керек. Қиянатшыл, көптігін, жуандығын құрал 
қылатындарға оқыған басшының еш рахымы болмауы керек. Шын ел болатын көпті бауырға тарту, 
есеге жеткізу керек. Қашан болсын, жұрттың жұрттыққа шығуына әуелі сол жұрттың өз ішіне тәртіп 
кіріп, бұрынғы жаманы жойылып, орнына жақсы жаңалықтар кіруіне керек», – деп жазған еді 
[7]. 
Рухани сана ұрпақтан ауызбіршілікті, еңбекқорлықты, адамгершілікті, терең білімді, адалдықты 
талап етеді. Ұрпақтың мәдениеті мен тарихи дүниелеріне, діліне ие болып әрі заман талабына сай 
икемделіп (ғылымды меңгеруді) өмір сүруін қалайды. Тарихтағы қазақ тұлғаларының тағылымы 
ұлттық санасы жоғары, рухы биік адамның елдің абыройын ойлағандығын дәлелдейді. Барға қанағат 
етіп, арға ұмтылу, өмірдің мәні адамгершілікте, еңбекте, білімді болуда деп түсіну зиялыларымыздың 
ізгі қасиеттерінің бірі. Осы бір келелі мәселені тереңнен ұғыну бүгінгі ұрпақ алдында тұрған міндет. 
Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей: «Қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ 
болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс 
тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды» [3]. 


137
Алаш зиялыларының мұраларынан түйеріміз, жаңашылдыққа ел болып жұмылған дұрыс. Бірақ, 
елді жаңашылдыққа жетелейтін, қоғамда ғылымның дұрыс дамуына, жастардың ғылым жолына 
түсуіне ықпал ететін зиялы ғалымдардың ел ішінен тәрбиеленіп шығатындығын ескерген жөн. Рухани 
санасы биік, терең білімді адам ғана ел игілігіне қызмет етеді. Рухани сананы биіктететін тарих 
даналығы [1]. Ұлттық мәдениет ұлттық интеллигенция өкілдерінің кейінгі ұрпаққа жетіп отырған 
рухани-әлеуметтік қызметінің жемісі. Сол себепті де, ұлт зиялыларының әлеуметтік тұлғасын ұлт 
мәдениетінен ажыратып түсіну мүмкін емес. Қоғам мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Кез 
келген әлеуметтік мағынаға ие тұлғалық құбылыс мәдениеттен ғана орын иеленбек. Тарих осы 
тұлғалық құбылыстың әлеуметтік шындығын сақтаушы. Тұлғалық істің өзегі руханилық болса, рух 
оның әлеуметтік-мәдени көрінісі. Қай уақытта да қазақ қоғамы алдымен ұрпақтар арасынан шыққан 
зиялылармен айқындалып, мәдениетті ерекшелей түскен. Жүсіпбек Аймауытов жазғандай: «Қазақ 
күнелту жағынан мәдениеттен мешеу қалса да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілімен айтқанда, 
рухани мәдениетінен кем емес...». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет