Мазм ұ н ы кіріспе Мәтін туралы түсінік Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі. Көркем мәтіннің зерттелуі мен талдау жолдары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі116,5 Kb.
#123880
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ìàçì ? í û ê³ð³ñïå Ì?ò³í òóðàëû ò?ñ³í³ê Ê?ðêåì ì?ò³í òàáè?àòû, å

1. Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі.
Мәтін - лингвистикалық тұрғыдан сипатталуы өте қиын, күрделі нысан. Оның мән-мағынасы лингвистикалық нақты бірліктермен қатар сол кезеңдегі түрлі экстралингвистикалық факторлармен де байланыста болады. Мәтінді түзуші элементтер қалай болса солай орналаспайды, олардың арасында белгілі бір байланыс болады да, әрқайсысы мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етуде арнаулы қызмет атқарады, яғни мәтіннің барлық элементтері автордың ниетіне сай іріктеліп, таңдалып алынады да, адресатқа сол ниетке сәйкес, дәл, толық ақпар жететіндей түзіледі.
Әрбір мәтін қоғам мүшелері үшін түрлі қызмет атқарады, оның ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық, кумулятивтік мүмкіндіктері адам, уақыт және кеңістік сияқты әмбебап санаттармен тығыз байланысты. Белгілі бір геосаяси, әлеуметтік-мәдени қауымдастық мүшелерінің әр сипаттағы коммуникациясын жеңілдету, жеделдету және түсінікті ету үшін бәріне бірдей ортақ мәтіндер түзіледі. Бұл мәтіндерді функционалды сипатына қарай ресми, ғылыми, публицистикалық және көркем мәтін деп бөлуге болады. Бұлардың әрқайсысының түзілу формасы, қолданылатын тілдік құралдары, қалыптасқан құрылымы, мақсаты болатындықтан, мәтін нормасы пайда болды. Ал мұның өзі функционалдық сипатына қарамастан мәтіндердің ортақ заңдылықтар негізінде туындайтынын көрсетеді [9, 8-9].
Көркем мәтін тіл қолданысы, пішіні мен мазмұнына қарай басқа мәтіндерден өзінің семантикалық көп қатпарлылығына, эмоционалды-экспрессивтілігімен, коннотативтілігімен, субъективтілігімен ерекшеленеді. Көркем мәтін жай ғана күрделі тілдік бірлік емес, өнер туындысы, яғни аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе ретінде өзіндік ерекшеліктерге, ортақ заңдылықтарға ие болғандықтан, оқырманның да оқырманның қабылдауы позициясымен бірлікте қарастырылуын қажет етеді.

Көркем мәтін жалпы мәтінге тән құрылым заңдылықтарына ие болумен қатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Осы даралықты көптеген факторлар қалыптастырады, атап айтқанда қолданыс аясы тарихи, саяси, мәдени-әлеуметтік ортасы, әдеби бағыты, мәтіннің стилі және жанры, автордың дүниетанымы, көркем-тілдік шеберлігі, даралығы, жалпы коммуникативтік жобасы, мәтін модальдылығы. Барлығы көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің құрылымдық жүйесін ұйымдастырып, құрылымдық коммуникативті ұйымдасқан тұтастықты қатаң түрде сақтайды. Сонымен қатар шығарма жанры, модальдылық, тұтас шығарманың көркем мәтін түзуде маңызы зор.


Көркем мәтін имплициттілігі — көркем мәтінді басқа мәтін түрлеріне батыл қарсы қоятын фактор болып табылады. Көркем мәтін авторына тән қасиет — тілдік қолданыста оған жоғары дәрежеде еркіндіктің берілуі, яғни «қайталанбаушылық», ал көркем мәтіннен басқаларға «шаблондық» тән, автормен бірге ойлайтын тілдік пікірлес оқырманға есеп жасалады, Д.Н.Шмелев автордың мәтінін қабылдау мәселесі оқырман үшін берілу мәселесіне қарағанда екінші кезектегі процесс деп есептейді. Көркем мәтін тілінің ерекшелігі ондағы поэтикалық лексиканың бар болуымен емес, функционалды-коммуникативті бағытпен анықталған әр түрлі тілдік тәсілдердің ерекше ұйымдасуында екенін ғалымдар баса айтады [10, 81].
Көркем мәтіннің өзіне тән ерекшелігі – жалпы адамға қатысты орталықтығы (антропоцентричность), яғни дүниетаным мен оның көрінісі ең алдымен, адамның танымына бағытталады, ал берілген көркемдік оқиғалар оның жан-жақты көрінісінің тәсілдері болып есептеледі. Мысал, ертегі жанрларының өзінде барлығы адамзат дүниесінің заңдары бойынша үлгіге түседі, адамдық «мен» арқылы беріледі. Көркем мәтінде жазушы өз идеясын, көзқарасын жеткізуде оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп оқитындай тілдік бірліктерді қолданады. Сол арқылы прагматикалық аспектілер – дискурс, жасырын мән, астарлама мән мәселелері анықталады. Көркем әдебиет стилистикасын терең зерттеген ғалым көркем әдебиет стилистикасы пәнін аралық ғылым саласы, аралық пән ретінде тани отырып, оның мәнісін былай түсіндіреді: “...көркем әдебиетті стилистикалық тұрғыдан зерттеудің әдіс-тәсілдері жөніндегі ғылыми көзқарастардың ала-құлалығы, ғалымдардың пайымдауынша, сайып келгенде, көркем әдебиеттің ерекшелігіне, оны толық ұғынып-меңгерудің қиындығына байланысты”.
Әр оқырманның көркем мәтіннен қабылдайтын мағыналық және эстетикалық ақпаратының көлемі де әртүрлі болады. Көркем мәтін ақпаратын қабылдап шығарма мазмұнын талдау оқырманның білім деңгейіне, жеке талғамына және қызығушылығына байланысты. Көркем әдебиетті оқу – шығармашылық процесс, кейіпкерлерді, нақты, бірегей және ерекше батыл әрекетінен оларды дерексіз, жалпы танымға апарады, бұл қасиет тек адамға ғана тән, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді.
Белгілі бір шығарманы әр кезеңдегі оқырман әр түрлі қабылдайды және талдайды. Автор оқырманға баға беруге, қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Кез келген көркем мәтіннің инварианттық діңі болады, ол мәтінді басқаша түсінуге жол бермейді. Көркем мәтіннің бірнеше қызметі болуы мүмкін; атап айтқанда эстетикалық және философиялық, эстетикалық және тарихи. Прагматикалық тұрғыдан келгенде көркем мәтінді зерттеуде адам факторын ескермеуге болмайды, себебі көркем мәтін прагматикасы тілдік қарым-қатынас субъектісіне қатысты, соған сүйенеді. Автор коммуникативтік мақсатқа жету үшін тілдік көрсеткіштер кешенін таңдайды, олар автордың лингвистикалық нұсқаушылары болып табылады. Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет