Диплом жұмысының мақсаты Бастауыш мектептің әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтарында бағдарлама бойынша педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары, аудармашылық еңбектері жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай берілген.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылар бойына
3
жақсы қасиеттерді дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Міне осы
мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын – жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен кезде алдына мақсат етіп қою керек. Диплом жұмысымды жазуда Ыбырай Алтынсариннің шығармашылдық өмірі мен творчествосын оқытуда осы мақсатты негізге алдым.
Диплом жұмысының міндеті Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері Диплом жұмысын жазуда:
- лекциялық, сұрақ – жауап әдісі;
- талдау – жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
теориялық және әдістемелік еңбектер;
4
өзімнің іс – тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысанасы
Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту процесін жетілдіру;