Мазм ұ н ы кіріспе



бет5/17
Дата09.04.2023
өлшемі268 Kb.
#80723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дип.-Ы.Алтынсарин-ұлы-Педагог-Ағартушы

Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да бар.
Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И.И.Дмитриевтен «Екі шыбын», орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан – аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар.
Аударманың тарихи категория екені мәлім. Халықтың мәдени өмірі мен рухани тілегінің өсуіне байланысты аударма да дамып отырады. Аудармаға қойылған белгілі бір дәуірдегі талап, халықтың мәдени өмірі өсіп,
16
кемеліне келген екінші бір дәуірде қоғам тілегін қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сондықтан әрбір аудармаға (демек, Ыбырай Алтынсариннің аудармаларына да) баға бергенде өз дәуірінің талап – тілек дәрежесі тұрғысынан қарауға тиістіміз.
Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде оқитын оқушыны басқа бір тілде жазылған шығармамен таныстыру. Бұл таныстырудың өзі әр кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың «дәл шығу мөлшері аудармашының негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай оқушыға арналуына байланысты болған». Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде қазақ оқушылары үшін тәрбиелік күші басым, қысқа тартымды шығармалар пайдалы деп санады және осы мәндегі әрбір аудармалық шығарманың түсінікті, қарапайым түрде шығуын қадағалады. Бұл турасында хрестоматияның алғы – сөзінде ол былай деп жазған еді: «Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім. Сондықтан да ол үшін әңгімелерді таңдап алу аз қиындық келтірген жоқ. Әрбір жеке шығарма туралы жан – жақты ойлап қорытынды жасау қажет болды».
Ыбырай Алтынсариннің білім дәрежесі жағынан өте төменгі сатыда тұрған қазақ оқушыларына лайықты шығармалар іздеуі, басқа тілдегі кейбір шығармаларды олардың дүниетануы мен біліміне сәйкестендіріп аударуы дұрыс та еді. Ұлы сыншы В.Г.Белинский жастар үшін өзге тілден аударылған шығарманың оқушы өміріне жақын шығуын, оның дүниетанушылық ерекшелігіне толық үндесуін талап еткен болатын. Мұнсыз аудармаларды ол өлі еңбек деп санаған еді.
17
Реакциялық бағыттағы педагогтердің еңбектерін аудармай, дүниежүзілік мәдениеттің көрнекті қайраткерлері мен белгілі педагогтерден аударма жасауы Ыбырай Алтынсариннің айқын прогресшілдік бағытта болғандығын өз - өзінен – ақ дәлелдей алады.
Ыбырай Алтынсарин бұл ағартушылардың еңбектерін педагогикалық жұмысында да кеңінен пайдаланды. К.Д.Ушинскийдің жастарды тәрбиелеудегі принциптерін Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында тұңғыш рет қолданды. Олар ағартушының аудармаларынан да анық байқалады.
Ыбырай Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухында тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы Ыбырай Алтынсариннің қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Оның аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Бұл мәселелер Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сыйпатын танытады.
Ыбырай Алтынсарин әр шығарманы аударарда, ең алдымен, оның тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлді. Аудармашының бұл талабын кез – келген әңгіменің көтеретін мәселесінен – ақ байқауға болады, Л.Н.Толстой мен И.И.Паульсонның әлсіз шығармаларын аударуда да Ыбырай Алтынсарин осы біржақты талаппен келіп, ол шығармалардың жалпы мәнін байқай алмады, өйткені олар тәрбие мәселесін көтеруі жағынан бағалы да болатын: оқушыны әділдікке, қарапайымдыққа, тапқырлыққа баулуды көздейтін. Ыбырай Алтынсарин бұл әңгімелердің осы қасиеттерін жоғары бағалап, оларды қазақ тіліне аударды.
Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстойдың шығыс аңыздары мен ертегілері негізінде жазған әңгімелерін аударды. Ол бұл шығармалардың қазақ оқушылары үшін қай жағынан да айрықша қиындық туғызбайтындығын ескерген тәрізді.
Ыбырай Алтынсарин аудармаларының тақырыптарына қарап, олардың
18
түп нұсқаларын табу қиын, өйткені ол көптеген аудармаларының тақырыбын өзгертіп, өзінше алған. Оның бұл әрекеті шығарманың тақырыбын оқушының көңілін бірден аударарлықтай дәрежеге жеткізу талабынан туған және әңгіме идеясының тақырып арқылы айқын белгіленіп тұруын қадағалаған. Мысалы, ол И.И.Паульсонның хрестоматиясынан аударған «Вежливость украшает всякое состояние» деген әңгімені «Әдеп», «Первый русский гоф – малер»» әңгімесін «Талаптың пайдасы», «Сапожные гвозди» әңгімесін «Білгеннің пайдасы», «Два друга и медведь» әңгімесін «Ақымақ дос» деп алды т.б. Осы келтірілген түп нұсқалар мен аудармалардың тақырыптарына қарағанда, аудармалардағы тақырыптар әлдеқайда жеңіл және оқушысын тарта алатындай дәрежеде шыққан. Атап айтқанда, бірінші әңгіменің түп нұсқадағы тақырыбы тым ұзақ, шұбалаңқы, ал аудармада керісінше. Бірақ соның өзінде ол ұтымды, әңгіменің негізгі мәселесін дәл және тартымды жеткізіп тұр. Екінші әңгімеде түп нұсқа кейіпкердің атымен аталған, ал аударма әңгіменің идеясына байланысты аталған. Мұның себебі: аудармашының негізгі мақсаты – орыстың бірінші суретшісінің өмірін дәріптеу емес, оның зор талап арқылы үлкен нәтижеге жеткенін ғана айту, сол арқылы оқушыны талаптылыққа шақыру.
Ыбырай аудармалары дала өміріне қазақ жазба әдебиеті қалыптаспай тұрған кезде келіп, сол әдебиеттің тууына және идеялық жағынан нығая түсуіне жан – жақты әсерін тигізді. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы негізі болып саналатын Ыбырай Алтынсариннің өз шығармаларының осы аудармалар арқылы, басқаша айтқанда, орыс әдебиетімен тікелей танысуының нәтижесінде туғандығы белгілі. Ол орыс әдебиетімен шығармашылық байланыс жасай отырып, одан идеялық сабақ алды, аударма жасау үстінде өзінің жазушылық шеберлігін жетілдіре түсті, сөйтіп аударма өнері қазақ жазба әдебиетінің дамуына әсер етті, яғни Ыбырай Алтынсариннің аудармаларынан қазақ жазба әдебитінің қалыптасуына орыс әдебиетінің тигізген зор көмегін көреміз.
19
Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абайдың орыс әдебиетімен жалпы шығармашылық қарым – қатынасы арқылы, көркем аудармалары арқылы қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасында көптен өмір сүріп келе жатқан дәстүрлі әдеби байланыс бар екенін көреміз. Мұның өзі ауыр күндерде қалыптасқан халықтар арасындағы тарихи достықтың бір сабағы ретінде қаралуға тиіс және өз алдына зерттеуді қажет ететін мәселе, өйткені орыс әдебиеті қазақ әдебиетіне тек Октябрь революциясынан кейін ғана ықпал етіп қойған жоқ, онан бұрын да тамаша әсерін тигізді, оның дамуына жағдай жасады. Сондықтан да бұл екі әдебиеттің арасында әлі толық зерттелмей келе жатқан бір ғасырға жуық әдеби байланыс тарихы бар деп білеміз.
Ыбырай Алтынсариннің аудармалары қазақ әдебиетінде аударма өнерінің де өзіндік тарихы, өсу жолы барлығын танытады; олар бүгінгі өскелең аудармамыздың басқышы болып саналады. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары мен қазіргі аудармаларды салыстыра отырып, біз қазақтың тілі мен мәдениетінің, дүниетану парасатының дамығанын, сондай – ақ, аударма өнерінің де тарихи санат (категория) ретінде өсіп, жетіліп келе жатқанын анықтап білеміз.
20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет