Мазм ұ н ы кіріспе



бет7/17
Дата09.04.2023
өлшемі268 Kb.
#80723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Дип.-Ы.Алтынсарин-ұлы-Педагог-Ағартушы

Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді, олардың кейбіреулері өсе келе, тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мешандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін де қол созады.
«Мейірімді бала» әңгімесінде, 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала – шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан – аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл
27
әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі былай суреттейді:
«Сейіт орам – ораммен жүріп бара жатқанда, бір арбалы келіп аңдаусыз соғып кетіп аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып таңып жатқан да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып сынықшыға сыбырлап: «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді.
Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас алақанына салып аялап, тәлім – тәрбие беріп отырған ұлы анасы- Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің идеясы осы. Бұл әңгімені осылай түсінсек қана Сейіттің мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет