^ Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертiп мазмұндау. Мұнда бiрiншi жақта баяндалған мәтiндi үшiншi жақта, өткен шақта құрылған мәтiндi келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.
^ Дайын әңгiме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi түрi – ықшамдап мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде берiлген мәтiннiң айтылайын деген негiзгi ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негiзгi, түпкi ойды жазады.
Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi қосымша детальдардан түйiндi ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажеттi материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн ширатуға септiгiн тигiзедi.
^ Дайын мәтiн бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi бiр түрi – толықтырып мазмұндау. Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керiсiнше берiлген әңгiме мазмұнын толықтырып, кеңейтетiн, ұсынылған ойға тың пiкiрлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргiзiледi. Мұнда оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсат етiледi.
Жұмыстың бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берiлген ойды күшейтетiндей детальдар қосып, мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерiн дамытып, тiлiн ширатады.
Мазмұндаманың бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген, етене таныс зат, құбылыс оқиға және iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселiп кетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |