Сізге ұсынылған Асхат Ӛмірбаевтың «Қарақұрт» әңгімесі тың



Pdf көрінісі
Дата20.06.2023
өлшемі299,75 Kb.
#102655


Сізге ұсынылған
Асхат Ӛмірбаевтың «Қарақұрт» әңгімесі — тың 
шығарма. Айтар ойы мен оқиғасы, бағдары бӛлек туындыны таңдауымыз 
бекер емес. Аталмыш әңгімені оқи отырып қазіргі қазақ жазушыларының 
қаламының қарымдылығын, ізденіс еркіндігін, шығармашылылық даралығын 
тани аламыз. 
Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Сізге ұсынылған Асхат Ӛмірбаевтың «Қарақұрт» әңгімесінің осы 
электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
 
 
 
Маң-маң басқан түйенің қос ӛркешіндей тау арасынан 
таң алакеуімде сығырайған күн шапағы сайын даланың 
ұйқысынан оята бастады. Құмырсқа атаулы тықырын 
білдірместен илеуінен шығып, еңбек майданына аттанды. 
Найза бойы кӛтерілгенде алтын шапақтың қуатты сәулесі 
сайын далада сағым ойнатты. Ӛрекпіген ыстық желдің 
ызыңы бұйрат құмдар мен бетегелі даланың үстінде әндетіп 
тұрып алды.


Бір кездері апортымен аты аңызға айналған зәулім шаһар 
мен талдан қорған қаланған қала бағытында кӛліктер ерсілі-
қарсылы жүйіткиді. Алып мегаполистегі арадай құжынаған 
адамдардың қарекетін кӛресің. Уақыт озған сайын 
кісімсінгендер арасындағы мейірімділік бұлағы суала 
бастағандай; базардың әр тұсынан бір-бірін кеу-кеулеген, 
бірі ащы айғайға басып жол сұраған арбакештерді кӛзің 
шалады.
Есбол ескілеу кӛлігімен жерұйық мекеннен ӛзге 
қалаларға жиі қатынайды. Тұрлаусыз күйбең тірліктің 
қамымен тасып, нәпақасын айырады. Құрқылтайдың 
ұясындай үйдегі жандар - ерінің қас-қабағына қараған әйелі 
мен балалықтың бақытты бағынан басын ӛмір базарына 
шығара қоймаған балақайлар. Тұлымшағы желбіреген үш 
қызының болашағына алаңдайды. Қылықтары балдан тәтті. 
Кішкентай қос ӛрімді бұрымдылар әкелері жұмыстан 
шаршап келгенде мойындарына асылып, «Әке, бізге 
сӛйлейтін қуыршақ әкеп берші!» деп қыңқылдайды-ай 
келіп. Мұндайда Әйтен шешесі: «Әкелеріңнің мазасын 
алмаңдар! Қуыршақтарың бар ғой, одан да әдемі кӛйлек 
алайық» деп тиып тастайды. Әйелі азға шүкірлік қылған 
жан, ысырапқа жол берген жері жоқ. Ӛзі үнемшіл еді, елдің 
тұрмысы нашарлай бастаған кезде әр тиынды орнымен 
жұмсауды үйренді. Кейде қыздарына жаңа киім әперіп
қуантып қойғанды ұнатады. Әйтеуір, қатарынан қалмаса 
екен дейді.
Талдықорғанның шетінде жаңадан салынған мӛлтек 
аудандағы кӛпқабатты үйдің біріне жуықта кӛшіп келген. 
Кӛзін ашқалы әке-шешесі, кейін ӛзі де пәтер жалдап 
кӛшпенділер секілді ғұмыр кешті. Жылдар бойы жылғадан 


аққан суды қос қолдап кӛшетке құйғандай, там-тұмдап 
жиғанына несиеге екі бӛлмелі пәтер бұйырды. Есболдың 
бала кездегі арманы ұстаз болу еді. Мұғалім атанып, 
тапқаны отбасын асырауға жетпеген соң қолды бір сілтеп, 
таксист болып шыға келді. Күндіз-түні құмырсқадай тыным 
кӛрмейді. Бірер күн үйде ауырып жатып қалса, тіршіліктің 
суық қолы тамағынан ала бастайды... 
Таңсәріде Алматыға адам жеткізген соң кӛлік ішінде бір 
жарым сағаттай дамылдып, кӛз шырымын алды. Есбол 
несие тӛлеуге үш күн қалғанын ойлағанда еңсесі езіле түсіп, 
ұйқысы шайдай ашылып кете берді. Тіз қатарынан тізілген 
кӛліктердің иелері кезектесіп адам жинап, байыз таппайды-
ау! Таңғы асына бірер самса мен қою күрең шайды қанағат 
тұтты. Қарын тойдырып ас ішуге ақшасын қимады. 
Мардымды жұмыс таппай, ар-намысты белге буып, адам 
тасығандардың қарасы кӛп екен. Кезекке тұрса, кешке дейін 
кӛлігін қаңтарып қоймақ. Уақыт шіркін зымырап ӛтіп бара 
жатқанын несие ұмыттырмайды-ау! Қаланың шыға берісіне 
тоқтап, «Талдықорған» деп жазылған тақтайшасын сермей 
берді. Бір кезде жанына орта бойлы, еңгезердей денелі, 
жасы елуді еңсерген, шиқан бетті, кӛзінің аласы кӛп, түкті 
қасты біреу жетіп келді.
- Такси...
- Иә, такси. Талдықорғанға барамыз...
- Салонды түгел аламын, жолдан ешкімді отырғызбайсың, 
– деп гүжілдеді әлгі жолаушы. Есбол болады дегендей, 
басын изеді. «Жақсы болды, адам жинап тұрмайтын 
болдым».
- Ақшасын тӛлесеңіз, үйіңізге дейін апарамын, - деді 
іздеген адамы табыла кеткеніне қуанып.


- Жүгім бар.
Таксист 
жүксалғышты ашты. Еңгезердей адамның 
жанында сырты әдемі қырық шақты қорап тұр екен. Әлгі 
адам бар жүкті кірпіштей қалап, сыйғызып жіберді. «Аяқ 
киім сататын саудагер ме?» деп ойлады таксист. 
- Жол ақысын қазір тӛлесеңіз, жанармай құю керек, - деді 
ол. Артқы орындыққа жайғасқан жолаушы жанқалтасынан 
портмонесін алып, екі он мың теңгелікті суырып, 
шопырдың жанындағы орындыққа тастай салды.
- Қалғаны ӛзіңде қалсын! 
«Жомарт жан екен, - деп ойлады Есбол, - Несі бар, қайта 
маған жақсы. Несиемді тезірек жабамын». 
Сағат онға тақап қалғанда кептелістен босаған «Ауди» 
кӛлігі алма иісі аңқыған қаладан ытқып шықты. Таксист 
жолды қысқартпақ болып: 
- Қай жақтан келесіз? – деп сауал қойып еді, шойын қара 
тіл қатпады. «Шаршап келе жатқан шығар, мазаламай-ақ 
қояйын» деді іштей. Ӛзі де маужырап келе жатқан соң 
сӛйлесуге құлықты болмады.
Күннің ыстығы мол жазға сыймай тұр. Жеңіл кӛлік 
жылдам жүйіткіген сайын әйнектің сызғыш еніндей 
саңылаудан ішке қапырық жалын ұрады. Жетпіс 
шақырымды еңсеріп тастағанда Қапшағай қаласы кӛрінді.
- Осы жерден тоқташы, - деді гүжілдеген дауыс. Желмен 
жарысқан жүрдек кӛлік мәре сызығын кесіп ӛткен 
тұлпардай арынын бәсеңдетіп, кілт тоқтады. Жолаушы 
кӛліктен түсті де, жүк салғышты ашып, бірнеше қораптың 
ауыздағы скотчты кеңсе пышағымен тіліп, жолдың 
жиегіндегі сайға домалатып жіберіп, қайта отырды.


- Кеттік! - деді бұйыра сӛйлеп. Есбол ерсілі-қарсылы 
жүйіткіген кӛліктердің дауысынан жолаушының жүк 
салғышты ашқанын да аңдамай қалды. Ол қарсы алдындағы 
айнаға қарады. Әлгі еңгезердей адам міз бақпаған күйі 
сұңғыла жанарымен айнаға тесіле қарап қалыпты.
Кӛкшіл түсті кӛлік қайта қозғалып кетті. Капшағай 
қаласы шетіндегі кӛзді арбаған ойынханалардың ортасымен 
зулап, зымырап келеді. Есболдың ұйқысы келді. Кеше күні 
бойы қаланы түгел шарлап, адам тасып, әбден шаршады. 
Ақшам жамырағанда таксистердің қарасы азайып, бір үйдің 
тӛрт адамы «Алматыға жеткізіп тастасаңыз» деп ӛтінген соң 
тынығып алмастан рӛлге қайта отырған. Міне, екі кӛзіне 
ұйқы тығылып, тынымсыз есінеп келеді. Ұйқыны ашады 
деп алған энергетикалық сусынды ішіп еді, тыңайып 
қалғандай болды. Осы құрғыр сусындар бүйректі 
отырғызып тастайды дегенді сан мәрте естіген, бірақ кӛлік 
айдап келе жатып ұйықтап кетпес үшін амалсыз алады.
Жаздың ми қайнатар аптабы сайын далада асыр салып, 
құрақ біткенді дірілдетіп, сары түске бояи түскен. Су мол 
шалғындық маңында шырылдауық шегірткелердің әні 
естілмейді. Аспанда бір шӛкім бұлт болсайшы. Жол 
бойында кепкен балық, қауын-қарбыз сатқан саудагерлер 
ұшырасты.
Бейтаныс жолаушының телефоны безілдеп қоя берді. Бұл 
кезде Кербұлақ ауданына жақындап қалған.
- Кӛлікті тоқтатшы! – бейтаныс жолаушы тағы гүж ете 
қалды. Жүз жиырма шақырымдық жылдамдықпен келе 
жатқан жеңіл кӛлік шиқылдап барып, жолдың жиегіне жер 
бауырлап тоқтады. Жолаушы кӛліктен түскен бойда 
жүксалғышты ашып, бірнеше қорапты кӛтеріп, терең сайға 


түсіп кетті. Ол қораптарды бірінен соң бірін ашып, тӛменге 
лақтыра берді. Беті ашылған қораптардан құжынап, 
қыбырлап шыққан жүздеген қарақұрт жан-жаққа бытырай 
жӛнелді. Қармауыш аяқтарымен белгісіз ӛлкенің тасы мен 
топырағын алғаш басып, жайқала ӛскен шӛптердің ішіне 
індете еніп кетті.
Есбол үлкен кісілердің қуығы ұзақ жолға шыдамайды 
дегенді естіген, беймаза жолаушының кӛлікті тоқтатқанына 
ренжіген жоқ. Дәрет сындыруға кеткен кісінің соңынан 
қарауға дәті бармады. Қарама-қарсы жолда алдынан шығып 
жүйіткіген шетелдік қымбат «Джип» кӛліктерге тамсана 
қарап: «Біз қашан осындай кӛлік мінер екенбіз?» деп 
қиялдап қойды. Кӛліктің есігі ашылып, жолаушы артқы 
орындыққа жайғасқан соң кідірмей жүріп кетті.
Алапат ыстық пәрменін кӛрсетті. Кӛкте қалықтаған құс 
кӛрінбеді. Жазғы қапырық кабина ішіндегі тымырсық ауаны 
тарылтып жіберген. Таксист ауа баптағышты қосайын деп 
еді, бензинді үнемдемек болып, ол ойынан айнып қалды. 
Есесіне кӛліктің терезесін молынан ашты. Кӛңілсіздікті 
сейілткісі келіп «Шалқарды» қосып қойды. Радиодан әнші 
Роза Рымбаева «Жазира, жасыл кілем ӛрнектеген, дариға, 
туған жерге жер жетпеген» деп әндетуде. Есбол қазақтың 
жұпыны тұрмысын және тобырдың қолындағы қазба 
байлықтар жайында ойланып кетті. Иә, сүйемдей жерге 
сүйегін қалдырған ата-бабалары мирас болып қалған киелі 
жер. Осынау қасиеті жерде қандай қазба байлық жоқ 
дейсің? Алтын, күміс, уран, мұнай, газ.... «Менделев 
таблицасындағы барлық метал, элемент бар» деп еді 
бұрынғы бір әріптесі. Кӛк ту желбірегелі жиырма бес жыл 


ӛтсе де, қазақтың жарымай жүргенін түсіне алмады. Бұл 
кезде кӛлік Кӛксуға таяп қалған.
- Кӛлікті тоқтат! – Бейтаныс жолаушының дауысы ӛктем 
шықты. «Музыкаға елігіп, естімей қалғам ба?» деп ойлаған 
такси жүргізушісі тежегішті баяулата баса берді. Жеңіл 
кӛліктің дӛңгелегі шиқылдай, асфальтқа үйкеліп, кілт 
тоқтады. Бейтаныс жолаушы сыртқа атып шығып, 
жүксалғышқа қос қолды салды. Іле бес-алты қорапты 
сыртқа алып шығып, сайдың ішіне қойып кетті. Есбол да 
дәрет сындырып алмақ болып, тал-терек кӛмкерген сайға 
түсті. Ыстық жалын бетке ұрады. Кӛліктен шыққан 
жанармайдың иісінен жүрегі лоблыды. Жоғары кӛтеріле 
бергенде 
жолаушының 
қораптардың 
сыртындағы 
скотчтарды кеңсе пышағымен тіліп жіберіп, сайға 
домалатып 
жібергенін 
кӛзімен 
кӛрді. 
Кӛрсе 
де 
байқағамансып, рулге қайта отырды. Басын небір ойлар 
шарлап кетті. «Бұл адам кім болды? Сырты әдемі қораптар 
қоқыс емес шығар? Оның ішінде не бар екен? Мүмкін, 
анаша... Иә, уәделескен адамдары осы жерден алып кететін 
шығар?».
Жүрегі дүрсілдеп кетті. Бұл жолаушы ту сыртынан 
пышақ сұғып, майып қылмасына кім кепіл?! Жолсерік 
қорқынышын сейілту үшін кӛңілді музыка қосып қойды. 
Кӛз қиығымен айнаға қарап қояды. Бейтаныс жолаушы 
кӛлікке қайта жайғасты.
Бейтаныс жолаушының ныспысы – Алжан еді. Ол бір 
жыл бұрын Алтайдың арғы бетінен атажұртты сағынып, 
кӛшіп келген. Арқа тӛсіндегі бір ауылға тұрақтады да, 
үкімет берген азын-аулақ ақшаның басын құрып, отыз 
шақты қой-ешкі сатып алды. Екі гектар жерді аукцион 


арқылы сатып алып, егін екті. Шүкір, шаруасы оңалып келе 
жатыр еді, кӛрші мемлекеттен жақын ағайыны хабарласып, 
мазасы кетті. Сол нағашы апасы Уәтай ашық күнде басына 
найзағай ойнатып: «Жаман ауруға душар болдым, санаулы 
күнің қалды дейді дәрігерлер. Отбасыңмен бірге тез жет!» 
деп тілдей жеделхат жіберіпті. Содан туысының кӛңілін 
сұрау үшін Алжан үйді, малды ағайын-туысқа тапсырып, 
отбасымен Алтай асып кете барды. 
Шетел вокзалынан әскери киім киінген адамдар Алжанды 
ұстап алып, оңаша бӛлмеде тергей бастады. Мұның кӛзін 
байлап, бір қараңғы жертӛлеге әкеп қамады. Әскерилер 
мұны итше тепкілеп, ас-су бермей, қорлық кӛрсеткен. Әйелі 
мен балаларын ел аяғы баспаған бір ормандағы лашықта 
ұстады. Сығыр кӛзді әскери шенді біреу келіп: 
- Сен бізге қызмет жасайтын боласың! Егер біздің 
айтқанымызды орындамасаң, мына екі ұлың мен әйеліңді 
кӛзіңше бауыздап тастаймыз» деп қоқан-лоққы кӛрсетті.
- Сонда не жасауым керек? – дейді қабағы жарылып, беті 
күптей болып іскен Алжан.
- Қазақстанға барып, біз берген қораптарды таратасың. 
Билікке елдің сенімі қандай? Қазақстаннан қандай қазба 
байлықтар шығады? Қандай қару-жарағы бар? Қысқасы, біз 
сұраған мәліметтің бәрін тізіп бересің. 
Алжан басын салбыратып отырып қалды. Ауыр соққыдан 
кеудесі ауырсынып, әрең дем алды. Кӛзінің алды қарауытып 
кетті.
- Әйелім мен балаларымды кӛргім келеді, - деді ол терең 
күрсініп.
- Міне, мына телефонды ал, жаныңнан тастаушы болма! – 
деп ескертті әскери адам. Смартфонның ар жағынан әйелі 


мен балаларын жүзін анық кӛрді. Тӛсек тартып жатырмын 
деген Уәтайдың жүзі жадыраңқы. Қол бұлғап қояды. Бейне 
байланысты әскери адам кілт үзді.
Алжан амалсыз Қазақстанға қайта қайтты. Міне, ұялы 
телефонына хабарлама келіп жатыр. «Біз бәрін ғарыш 
арқылы бақылап тұрмыз. Әр қорапта белгі беретін 
қондырғы бар. Сен үш жерге ғана тауарды жеткіздің. 
Қораптарды елді мекендерге жақын жерге таста! 
Тапсырманы орындамасаң, Ұлы жерде ӛмір сүріп жатқан 
отбасың мен туыстарыңның жанын кӛзіңше суырып 
аламыз!». Ар жағынан әйелі мен балаларын қамауға алған
бетперде киген біреудің сұлбасы кӛрінді.
Есбол шындап қорқа бастады. Әсіресе, артында отырған 
бейтаныс жолаушының қолындағы кеңсе пышағы кӛз 
алдынан кетер емес. Сәл қиқаңдаса, тамағынан орып 
жібермек. Сосын мұның мәйітін терең сайға домалата 
салып, рӛлге ӛзі отырады. Есболдың кӛз алдына үйіне 
келгенде қуана жүгіріп шығатын үш қызы келді. Ӛздері 
сондай сүйкімді. Әйелі мұның соңынан ұрпақ жалғастырар 
ұл туып бергісі келеді-ақ. Әзірге бұйырмай жүр. «Қапелімде 
мынаның қолынан шейіт болып кетсем, мұрагерсіз қалатын
болдым ғой» деген ой келуі мұң екен, денесі түршігіп кетті.
Қыз бала жақсы, әрине. Бірақ ұлдың орны бӛлек қой. 
Ертеңгі күні кең-байтақ қазақ жерін кім қорғайды?
Таксист аман қалудың жолын іздестіре бастады. Әр сәт 
сайын тамағына ӛткір пышақ тақала түскендей алқынып, 
ӛне-бойы терлеп кетті. Құдды жанында жан алғыш қанышер 
отырғандай, ӛмірінің ең соңғы секунттары кӛз алдында 
сырғып ӛтіп бара жатқандай сезінді. Ӛткір кездік ӛзіне 


тақала түскендей біресе жолға, біресе қарсы алдындағы 
айнаға сәт сайын кӛз қиығын салып келеді.
*** 
Бұл кезде жиырма шақты қораптан шыққан улы 
ӛрмекшілер қазақтың сайын даласын бетке алды. Қара 
қораптан шыққан мыңдаған, быжынаған бүйілер тау мен 
тастың арасына жасырынып, енді бірі шӛп-шалаңға қойып 
кетті. Қызыл қораптан шыққан қарақұрттар Арқарлы 
асуынан әрмен асып, қаперсіз отырған қазақ ауылдарына 
қарай жӛңкілді. Сары қораптан шыққан сарышаяндар 
Қапшағай маңайындағы түнгі ойынханалардың маңын 
паналады.
Дәп осы кезде қарасирақ балалар ауыл шетіндегі ӛзенге 
суға түсіп, күнге қыздырынып жатыр еді. Кішкентай 
балалар судың жағасында бір-біріне су шашып ойнап, еш 
уайымсыз, сақылдап күледі. Мектепке барып жүрген ересек 
балалар суға қойып кетті де, тӛрт-бес жастағы балалар 
жағалауда дымқыл құмнан қамал жасап ойнауға кірісті. Сәл 
әріректе жалаңбұт жүрген сәбилер сусыма құм үстінде 
саусақтарымен сурет салып, үлкендердің суға жүзгенін 
қызықтаумен болды. Таяқ тастам жерде кішкентай 
балаларға қарай ондаған қарақұрт зымырап келе жатты. 
Бұлар 
улы 
қарақұрттардың 
ерекше 
түрлері 
еді. 
Қараниеттілер қарақұрттарды арнайы жертӛлелерде ӛсіріп, 
түрлі тәжірибе жасады. Адамды шаққанда уы қанша 
уақытта денеге тарайтыны, неше минутта ӛлетінін егжей-
тегжей зерттеді. Ӛлім жазасына кесілген қылмыскерлерге 
сан мәрте сәтті тәжірибе жасады. Сайтани сана сіңген 


ғалымдар, арахнология саласының білгір мамандары аса 
қауіпті улы қарақұрт тұқымын ӛсіру үшін жылдар бойы 
тырбанып, тер тӛкті.
Аяққармауыштар жақындай түсті. Ұсқынсыз кейіпімен 
жолда кездескен құрт-құмырсқа, кесірткені үркітіп, жол 
ашып келеді. Сәл тоқтап, аңдысын аңдығандай қайта алға 
ӛршеленеді. Міне, қарақұрттар мен алаңсыз ойнап отырған 
сәбилердің арасы тым жақындай түсті. Күнге қызған құмды 
қолмен кӛсіп алып, жерге отырған бойда алдына созып 
жіберген аяқтарын кӛмгенін қызықтаған балалар ту 
сыртынан келе жатқан улы ӛрмекшілерді байқамай қалды. 
Бұғып жатқан екі-үш қарақұрт шӛптің арасынан шығып, 
алаңсыз ойынға кіріскен сәбилердің қасынан табылды. Бес-
алты қадам аттаса, шағып алмақ. Кенет бір бала теріс қарап 
отырып, арт жағынан құм алмақ болды. Сол сәтте қолына 
жыбырлап бір нәрсе мініп кеткенін сезіп, оқыс бұрылып, 
бақырып жіберді. Жанұшыра айғай басқан сәбилер 
жағалауды азан-қазан қылды. Ересек балалар жағаға қарай 
малти жӛнелді.
*** 
Есболдың ӛне бойын тер басты. Айнаға қарап кӛзі талды. 
Ӛзінің тым қатты шаршағанын сезді. Сайдан жоғары 
кӛтеріле бергенде қарсы алдынан зымыраған бір кӛлік атып 
шықты. Қас-қағым сәтте сасқалақтап, рӛлді оңға бұрып 
жіберді. Жылдам бұрылған кӛлік шайқатылып, аударылып 
кете жаздап, қайта қалпына түсті.
- Ой, әкең! – Есбол айғайлап жіберді. – Бұлардың бәрі 
праваны сатып алған... 


Мұнысы абырой болған екен, бойындағы қорқынышы 
сейіліп, ӛзіне деген сенімділік пайда болды. Айнаға қарап 
еді, дәу қара да мазасызданып, түтігіп кеткендей кӛрінді. 
Тұтқадан мықтап ұстап, міз бақпай отыр екен. «Кӛлікті 
қатты жүргізуім керек. Сонда маған шабуыл жасауға жүрегі 
дауаламас. Егер пышақ кезенсе, тежегішті қатты басып 
қаламын» деп ойлады Есбол.
Сүт пісірім уақыттан соң кӛлік аудан орталығына келіп 
жетті.
- Қазір, мен темекі алып келейін, - деп Есбол сыртқа 
шығып кетті. Бұл маңай тұтас базар болатын. Құжынаған 
адамдар әрі-бері сабылады. Таксист сапырылысқан кӛліктер 
мен адамдардың арасына сіңіп кетті. Полиция учаскесіне 
кіріп келді. Жүзі әлемтапырақ.
- Сіз кімсіз? Кімге келдіңіз? - деді автомат асынған 
қарауыл.
- Мен – таксистпін. Міне, құжатым. Менің кӛлігімде бір 
күдікті отыр. 
- Күдікті адам дейсің бе? Қазір, - түймені басып, учаскелік 
полицияларды шақырды. Іле пагон таққан екеу кӛрінді. 
Бірден тергеуге кӛшкен.
- Күдікті екенін қайдан білдің? – деді полиция ӛкілдері.
- Ол менен жолда адам алмауымды сұрады. Алматыдан 
отырды.
- Содан... 
- Ол жол бойы кӛліктен бірнеше рет түсіп, жүктерін сайға 
қарай лақтырып келеді. Түрлі-түсті қораптар... 
- Қораптар дейсің бе? Жүр, тексерейік! Алдыға түс, - деді 
лейтинант шеніндегі отыздар шамасындағы жігіт. Үшеуі 
кӛлікке таяп келді.


- Әне, анау «Ауди». Мен жақындамай-ақ қояйын. Оның 
қолынан пышақ кӛрдім. Ол сіздерді ертіп әкелетінімді сезіп 
қойса, маған пышақ кезенуі мүмкін. 

Жарайды, бірақ алысқа ұзама. Осында күт. 
Құжаттарыңды сосын аласың. 
Полицияның 
екі ӛкілі жеңіл кӛлікке жақындап, 
жолаушыдан құжатын кӛрсетуді сұраған. Еңгезердей жігіт 
ағасы қашып кете алмасын білген соң амалсыз 
жанқалтасына қолын созып, тілдей жеке куәлігін ұстатты.
- Так... Түсінікті... Қазақстанға қашан кӛшіп келдіңіз? 
- Былтыр, - деп күнк ете қалды шойын қара. 
- Жүгіңізді кӛрсетіңіз, не алып келесіз? 
- Жүгім жоқ. – Жолаушының ӛне-бойын тер жауып кетті.
- Кӛліктен түсіңіз. Багажды кӛрейік. 
Шойын қара кӛліктен шығып, қинала жүксалғышты ашты.
- Мына қораптарда не бар? 
- Білмеймін. Бұл менікі емес.
- Жүргізуші қайда? 
- Темекі алам деп кеткен.
Жас полиция ӛкілі қораптың бірін ашып жіберіп еді, 
ішінен аяққармауыш шығып кете жаздады.
- Ох, ты тварь... – Жас полицей шошып қалып, бетін қайта 
жаба салды. Қара күш иесі екеуін бір-біріне итеріп жіберіп, 
қаша жӛнелді. Бірақ қорбиған денесімен ұзаққа бармай, 
тұтылды. Лейтинант суық кӛзімен сұқтана қарап, шойын 
қараның қолын артқа қайырып, кісен салды. Есбол терең 
тыныс алды. Арқасынан ауыр жүк түскендей бойы жеңілдеп 
сала берді. Шойын қараны полиция учаскесіндегі темір 
торға қамап тастады. Лейтинант мұның құжаттарын 
қайтарып беріп жатып: 


- Сіздің кӛлігіңізге мінген жолаушы бірнеше қорап улы 
ӛрмекшілерді 
тасымалдаған. 
Жетісу 
жеріне 
улы 
қарақұрттарды жайып жіберген.
Есбол үстіне қарақұрт ӛрмелеп кеткендей дір етті. Терісі 
тітіркеніп кеткен. Ашуы басына шапты. 
- Ох, хайуан! Қазақ па ӛзі? 
- Қазақ. 
- Қазақтан садаға кеткір!
*** 
Үстіне қарақұрт ӛрмелеген бала ойбай салып, жандәрмен 
қағып жіберді. Кішкентай балалар бақырып, маңайға аттан 
салды. Бірі басы ауған жаққа қашты, қалғаны суға қойып 
кетті. Қатты шошынған бала алды-артына қарамай, жүгіріп 
келеді. Ботадай боздап, ащы айқайға басқан. Ересек балалар 
судан атып шығып, қарақұрттарды таспен, су мүжіген 
томарлармен ұрып, ӛлтіре бастады. Тал түбіндегі 
арқандаулы аттар ащы дауыс шыққан жаққа мойын бұрып, 
басын шұлғыды. Ешкімнің зардап шекпегенін кӛрген ересек 
балалар бауырларын атқа мінгізіп, ауылға қарай шауып 
кетті. 
Кешке қарай қарақұрттар қаптаған жерге бақташы 
ауылдың қой-ешкісін жайып жіберді. Қой-ешкілер ӛзен 
жағасындағы жасыл шӛпті қырқып, қарақұрттарды қырып 
салды. Улы қарақұрттардың біразы ауылдан алысқа қаша 
жӛнелді... 
Бұл кезде қара бүйі, түкті тарантулдер, құршаян мен 
сарышаяндар Балқаш кӛлін айналып ӛтіп, Шу арқылы 
Сарыарқа құмына жетті. Осы ӛңірдегі аудандық газеттер 


қарақұрттардың күрт кӛбейіп кеткенін, одан сақтану 
шаралары жайында мақалаларды үзбей жариялап жатты. 
Қарақұрт шаққан, ауруханада жатқан адамдар жайлы хабар 
теледидар арқылы желдей есті. Тек қарақұрттан кӛз жұмған 
сәбилер жайында ешкім тіс жармады.
Иен далаға тарыдай шашыраған жүздеген қарақұрт 
бейтаныс жолаушының отбасы мен ағайындары тұрып 
жатқан ауылға қарай бет алды... 
 
Асхат Өмірбаев 
 
 

Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Асхат Ӛмірбаевтың «Қарақұрт» әңгімесінде тың оқиғалар баяндалады. 
Қарапайым кейіпкерлердің тағдыр тармағында ӛрбіген тартысты оқиғаның 
жігі кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Шығармадағы «қарақұртты» әркім 
ӛзінше бағдарлайды. Ол біреулер үшін жаман мінез, енді біреулер үшін жат 
діннің жетегінде кеткен жан, ал енді біреулер үшін ел іргесіне қауіп тӛндірер 
ӛзге пиғылды адам. 
Шығармаға терең мән бере отырып оқуыңызды сұраймыз 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет