Мазмұндамалар жинағы 5-6 сыныптар үшін «Қазақ тілі»


Диктанттар (5-сынып үшін)



бет4/17
Дата18.12.2023
өлшемі3,19 Mb.
#140712
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Диктанттар
(5-сынып үшін)
Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріледі. Жұмыртқаны қатты пісіріп, оған қабығын уатып, қосып берген де жақсы. Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі. Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады. Балапандарға жем беретін астаушаларға бор, көмір және ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады. Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға, жемді бойына сіңіруге көмектеседі. Балапандарға екі айға дейін күніне алты-жеті рет, одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. Жас балапандар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың орындары жылы және құрғақ болуы тиіс. (91сөз)
Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.
 (91сөз) С.Бақбергенов
Асан мен Үсен
Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төмен жағы көл екен. Көлдің айналасы да, іші де құжынаған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Бұларды көріп балалар қырдан түсті. Жүгіріп малға келді. Сөйтсе, өз ауылының малдары екен.
Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. (93сөз) Ы.Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет