Мазмұны I. Кіріспе



бет5/8
Дата18.10.2023
өлшемі305,02 Kb.
#117795
1   2   3   4   5   6   7   8
III.Зерттеу бөлім
3.1 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары

Соңғы жылдары экология мәселесі қоғамда ең көп талқыланатын және әлеуметтік­ резонанс тудыратын сұрақтардың біріне айналуда. Жалпы, елімізде І катего­риялы 2000-нан астам ірі кәсіпорын тіркелген. Республика бойынша жылына шамамен 2-2,5 миллион тонна зиянды қалдықтар қоршаған ортаға тасталады. Сондай-ақ, экологиясы нашар қалалар ретінде ең бірінші ірі өндірістік аймақтар санатында еліміздегі Қарағанды­, Павлодар, Өскемен, Атырау облыстарын айта аламыз. Еліміздегі зиянды заттардың 50 пайызының үлесі осы облыстарға тиесілі. Кәсіпорындар тарапынан жасалған жұмыстың өзі жеткіліксіз көмектесуде.


Елімізде бірнеше жылдан көмір­тек­тік экономикаға көшу жөнінде арнайы стратегия жасалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы БҰҰ аясында өткен климаттық саммитте Қазақстан 2060 жылы көміртектен арылу бойынша міндеттемені толық орын­дап бітетінін атады. Яғни, бала­малы энергияны дамыту, ірі өндірістік кәсіпорындарды модернизациялау, қолжетімді жаңа технологиялар енгізу қажет.
Қазірде экология министрлігі тара­пынан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жоба 7 бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл жобаның ерекшелігі – 2025 жылға дейінгі кешенді іс-шаралар ескерілген. Су тапшылығы келешек әлем елдерімен қатар, Қазақстанда да болатын мәсе­ленің бірі. Себебі сарапшылар мәлім­де­месінде 2040 жылға қарай су жетіспеушілігі мәселесі шығуы мүмкін екені айтылған. Биыл болған оңтүстік, батыс аймақтардағы қуаңшылық – соның бір куәсі. Бұл мәселені қалай ше­шуге болады? Біріншіден, су ресурс­тары­ның ластануын қатаң бақылау керек. Екін­шіден, суды пайдаланғанда цифрлан­дыру секілді технологияларды ес­керіп, тиімді жұмсауымыз тиіс. Бұдан бөлек, елімізде су қоймалары мен арнайы гидротехникалық құрылғылар бар. Осылардың жұмысын үнемі бақы­лауда ұстау маңызды.
Біздің жұмысымыз қоршаған ортаны қорғаумен ғана шектелмейді. Жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектесе отырып, әл-ауқатымыз бен тұрақты экономикалы­қ өсуге қажет табиғи капиталды ұлғайту арқылы қамтамасыз етеміз. Біздің алдымыздағы міндеттің ауқымдылығы көптеге­н институттар бірлесіп жүзеге асыратын­ жаңа тәсілдер мен стратегияларды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет