Мазмұны I. Кіріспе



бет2/8
Дата18.10.2023
өлшемі305,02 Kb.
#117795
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-113890

III.Зерттеу бөлім
3.1 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
3.2 Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар
IV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер тізім
І. Кіріспе
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас.
Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе.
Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.
Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің жоғары болуына байланысты адамның табиғатқа әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы, жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту, дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.
Зерттеудің өзектілігі
Өркениеттің барлық артықшылықтары үшін, адамзат өзінің денсаулығын, болашағын тәуекелге қояды. Бүгінгі таңдағы экологиялық мәселе біз үшін ең өзекті де, өткір тақырыптың біріне айналып отыр. Қазақстанның, әлем елдерінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары – ғаламдық міндеттер қатарында тұр.
Мақсаты:
Ғаламдық экологиялық мәселе – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер жиынтығы. Жай ғана, ауыз ауырып, жақ талғанша айтып қоя салатын нәрсе емес екенін бәріміз де білеміз. Тіпті бұл проблеманың адамзат үшін аса қауіптілігі соншалық, табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы секілді сұрықсыз көріністерге тап болуымыз ықтимал. Сол себептен де жаһан елдерінің ынта-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру қажет. Жаһандық экологиялық қор сарап­шыларының пікірінше, алдағы онжылдықта үш әлеуметтік-экономикалық тенденция – халықтың өсуі, ғаламдық орта тап және урбандалу жер экожүйелеріне қауіпті жүктемелерді күшейтпек.
Қазақстанның экологиялық мәселелері ұзақ жылдар бойы шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұл мәселелерді түбегейлі шешу үшін Қазақстан көптеген экологиялық бағыттағы аймақтық, сонымен қатар халықаралық ұйымдарға мүше болды, түрлі табиғатты қорғау шараларына атсалысып келеді.
Міндеті:

  • Адамдардың табиғатқа жауапкершілікпен қарамауы салдарына­н табиғатқа тікелей және жанама әсер молаюда, табиғат ресурстарын пайдалану қарқынының күрт артуынан сарқылатын ресурстар азаюда,;

  • Табысты сала саналатын туризмнің төрі – «Байқоңыр» ғарыш айлағы десек қателеспейміз. Мұнда да экологиялық қауіп жоқ емес. Көкке ұшқан зымыран қалдықтарының жерге түсуі мен сәтсіз ұшырылған ғарыш кемелерінен төгілген гептилдің өзі экологиямызды ластап отыр;

  • Тілсіз табиғаттың мұң шаға алмайтынын ескерсек, тіршілік үшін адамдар қоршаған ортасының «жауызына» айналып барады. Әрине адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет