Мазмұны I. Кіріспе



бет3/8
Дата18.10.2023
өлшемі305,02 Kb.
#117795
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-113890

Зерттеу нысаны: Экологиялық мәселелерді зерттеу.
Зерттеу болжамы: Экологиялық мәселелерді шешу халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, деңгейін көтеру, табиғи тепе-теңдікті сақтау екенін түсіндіру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында әдістемелік – теориялық, тәжірибелік қағидалар басшылыққа алынды. Қажетіне қарай, сипаттама, салыстыру, жүйелеу, дәлелдеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайттар мен ғаламтордан, қосымша материалдардан мәліметтер мен деректер іздеп табу.
ІІ – практикалық. Зерттеу. Дереккөздерін іздеу.
ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, мәліметтерге түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама, презентация дайындау.


II. Негізгі бөлім.
2.1 Ғаламдық экологиялық мәселе

Ғасырлар бойы дамып, жаңа дәуірге бет бұрған өзгерістерге толы өркениеттің одан әрі дами түсеріне ешкімнің күмәні жоқ. Десек те, соқпақ-соқпақ жолдардан сүрінетін де кез болады екен. Қалай дейсіз ғой, өркениеттің жойылуына дейін апаратын «күш» – ғаламдық мәселенің дер кезінде және міндетті түрде шешім таппауы. Өзегінен қиылып түскелі тұрған мұндай мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ бір нәрсенің жетіспей қалуы жазылмаған дәстүрге айналып барады. Ол не десеңіз, үйлес­тірушіліктің жетіспеуі. Кей дереккөздерге сенсек, ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық мәселелер құрайды екен.


Себебі, ғаламдық экологиялық мәселе – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені.
Ауқымы бойынша ғаламдық экологиялық мәселелер бүкіл адамзатты, дүниежүзін қамтиды.
Маңыздылығы бойынша адамның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіреді.
Шешімінің күрделілігіне байланысты бірігіп күш жұмсауды талап етеді.
Жай ғана, ауыз ауырып, жақ талғанша айтып қоя салатын нәрсе емес екенін бәріміз де білеміз. Тіпті бұл мәселенің адамзат үшін аса қауіптілігі сол, табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның және әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы, шөлейттену, орман аумағының қысқаруы секілді сұрықсыз көріністерге тап болуымыз ықтимал. Сол себептен де жаһан елдерінің ынта-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру қажет. Жаһандық экологиялық қор сарап­шыларының пікірінше, алдағы онжылдықта үш әлеуметтік-экономикалық тенденция – халықтың өсуі, ғаламдық орта тап және урбанизация жер экожүйелеріне қауіпті жүктемелерді күшейтеді. Болжам бойынша әлем халқының саны 2050 жылға­ қарай 9 миллиардтан асады. Халық санының өсуі, дұрыс тамақтанбау және топырақ сапасының төмендігі табиғи ландшафтарды ауылшаруашылық мақсатта­ пайдалануға беру, тұщы су беру қысымын жоға­рылату да экожүйеге қосымша қысым түсірмек. Бұдан шығатыны, экологиялық мәселенің шиеленісінің күрделенуі.
Әлемдік экономиканың шарықтауымен орта тап халқы өседі деп күтілуде. Ал 2030-жылға қарай тағы 5 миллиард адам күнделікті тұтынуы 10-100 АҚШ доллары аралығында болатын адамдар санатына қосылады деген болжам бар. «Бұл өсімнің үштен екісі Азияда болады және энергия, тамақ, ғимараттар мен көлікке деген сұраныстың артуына әкеледі. Бұл тенденциялар климаттың өзгеруіне, био­әртүрліліктің жоғалуына, жердің тозуына, химиялық ластануға, ауыз судың азаюы мен орманн­ың жойылуына қауіп төндіреді» деп дабыл­ қағуда эколог мамандар.
Рас, халық санының өсуінің көп бөлігі қалалық жерлерде, сондықтан 90 пайыз ластанудың көзі қалалық жерде болып табылады. Мәселен, парниктік газдың дүниежүзілік шығарындыларының 70 пайыздан астамы қалалық жерлерде. Өркениетке еру, қалалануға көшу экономикалық тұрғыдан ұтымды, дегенмен мәселенің екінші ұшы экологияға тірелетінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан халықтың тұтынған тауары мен тұрмыстық қалдықтарын қалдықсыз игеру мәселе­сі айтылып жүр. Қазақстан Республикасы индустрия және инновациялық даму министрлігінің мәліметінше, елімізде қалдықтардың 22 миллиардтан астам тоннасы жинақталған. Оның 16 млрд тоннасы – техногенді минералды құрылымдар, 6 мыңға жуық тоннасы – өндіріс орындарынан шығатын қауіпті қалдықтар. Бір ғана Алматы қаласының өзінде қоқыстың жылдық көлемі 1 миллион тоннаға жуық. Алматы облысының аумағында 8,7 миллион тоннадан артық қалдық жиналып қалған. Міне, осындай әр ауыл, қала, ірі қаладан туындаған мәселе ғаламдық сипат алып, бүгінде ғаламдық экологиялық мәселе қатарын көбейтіп, өршітіп отыр.
Дүниежүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет