Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты Әмір Темірдің Кіші Азияға жорығы, соның ішінде Анкара түбіндегі шайқасына тоқталу. Әмір Темірдің жүргізген сыртқы саясатын зерттеу барысында, осы мемлекеттің әлемдік тарихтағы орнына баға беру және маңызын ашып көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойдық:
- Әмір Темірдің билікке келуінен бастап маңызды тарихи оқиғаларға тоқталу;
- Әмір Темірдің билікке келу жолдарын қарастыру барысында оның кейінгі кезде жүргізген сыртқы саясатының кейбір тұстарына түсініктеме беру;
- Жаулап алған мемлекеттерде жүргізген саясаттарының аясын анықтау;
- Әмір Темірдің көрші мемлекеттерге жүргізген жаулап алу жорықтарының барысын анықтау арқылы осы мемлекеттің сыртқы саясатындағы бағыттарды көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |