Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу.
Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар. Оқыту әдістерін таңдау критериі. Оқытудың "әдісі" мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылығы. Тарихты оқыту процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі. Ауызша материал рөлі: әңгіме, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық және аналитикалық сипаттау, түсіндіру , талдау.
Мектеп лекциясы. Лекция ұғымы. Лекция сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмалыр. Мектептегі лекцияның түрлері:
Нұсқама, лекция - диалог, ғылыми кұрылымдық, проблемалы, ақпаратты, пресс-конференциялар, телелекция, жалпы пәндік лекция, визуальды лекция түрлері.
Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың
ерекшеліктері. Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны. Оның хронологиялық шеңбері, кезеңдері. Курс құрылымы. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Оқыту материалдарын таңдау критериі. Оқулықтың кернекілік және деректік материалын пайдалану. Алғашқы деректі қолдану. Эгей әлемінің пайда болуы мен құрылуы, крит, треон және микен мәдениетінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның күйреуі,эллиндік дәуірдегі Жерорта теңізі.Ішкі пәндік және пәнаралық байланыстар. Антикалық жане Ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны.
Орта ғасырлар тарихын оқыту ерешеліктері. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұны, хронологиялық шеңбері мен кезендері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Азия және Африка, Америка, Еуропа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама. Ерте орта ғасыр, орта ғасырлық гүлдену кезеңі. Орталыктанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Еуропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. Еуропа елдерінің кейінгі отағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік және мәдени дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі өзгерістер. Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық және саяси дамуға географиялық және климаттық ерешеліктердің ықпалы. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасын орындауда оқулық материалдарын пайдалану. Тұрмыс, салт-дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер тұлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға көңіл аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |