Мазмұны I шағатай ұлысының ҚҰлауымен, орнына қҰрылған екі дербес мемлекеттің ҚҰрылуы



бет7/21
Дата07.01.2022
өлшемі413,8 Kb.
#19371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Жоба нақты

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

I ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫМЕН, ОРНЫНА ҚҰРЫЛҒАН ЕКІ ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ (МӘУЕРЕННАХР, МОҒОЛСТАН)

1.1 Әмір Темірдің билік жолындағы күресі

1251 жылдары Шағатай ұлысына қарайтын Орта Азия территориясы аз уақытқа олардың қол астынан шығып кетті. Алтын Орда ханы Батый Төленің баласы Мөңкемен бірігіп, Үгедей мен Шағатайға қарсы одақ құрған еді. 1251 жылы Қарақорымда болған құрылтайда Батыйдың қолдауына сүйенген Мөңке, моңғол империясындағы билікті қолына алады (1251-1259 жж.). Рашид ад-Диннің дерегінде бұл оқиға егжей-тегжейлі, жан-жақты сипатталған. (Рашид ад-Дин, 1998). Өзіне қарсы шыққан Шағатай және Үгедей ұрпақтарын Мөңке хан қырып жіберді. Осындай оқиғалардың нәтижесінде Батый хан және Берке хан (1256-1266 жж.) тұсында Мауереннахр территориясы Алтын Орданың бір бөлігіне кірді. Мөңке хан тұсында монғол империясында болған ірі саяси оқиғалардың қатарына оның бауыры Хулағудың Иранға жасаған жорығы болды. Ол 1254 жылы өзінің шатырын Самарқанд түбіне тігіледі. Жергілікті ақсүйектер 40 күн бойы оған сый-сыйяпат, ілтипат білдіріп күтеді. Хулағудың осы жорығының нәтижесінде Иран бағынады. 1258 жыл Хулағу хан Бағдатты басып алып, аббасидтік халифтің көзін жояды. Көп кешікпей Иран орталығы Тербезде орналасқан Хулағу мемлекетіне бағынышты болады. Ал 60 жылдары Шағатайлық Алғуй Мауереннахрдан алтынордалық билеушілерді қуып жіберіп, Шағатай ұлысын қалпына келтіреді. Жошылықтарға көмек көрсеткен билеушілерді қатты жазалап, Мауренахрдағы билікті Масудбекке береді.

Оған Мауереннахр өңірінен бөлек ұйғырлардың қалалары, Ферғана және Хорезм қалалары да бағынышты болады. Ол осы өңірлерден салықтарды шағатайлықтарға жылма-жыл ұқыпты жинап беріп тұрды. Шағатайлықтар исламға оң көзбен қарамады. Мубарак-шах тұсында осы өңірлерге түркіленген монғол тайпалары қоныстана бастады. Жалайрлар Ангрен, барластар Кашка-Дария өңірлеріне қоныстанды. Кейіннен олар отырықшы шаруашылыққа көшіп, өздеріне тән мәдениеттен, өмір сүру салтынан алшақтай бастады. Оларды Жетісуда қалған көшпелілер «қараунас» деп атаса, олар енді жетісулықтарды кемсітіп тағы ретінде «жете» деп атай бастады. Осындай ой алшақтығының нәтижесінде Шағатай ұлысы екі бөлікке: Мауереннахр және Моғолстанға бөліне бастады (Пищулина, 1977). ХІҮ ғасырдың екінші жартысы ХҮ ғасырдың басы Орта Азия мен Шығыс халықтарының тарихында орын алған үлкен тарихи оқиға -Әмір Темірдің жаулап алу жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл жорықтар жаулап алынған мемлекеттердің шаруашылығына, саяси ақуалына, экономикасына, мәдениетіне қатты әсерін тигізді. Әмір Темірдің алғашқы жаулап алу жорықтары, осы мемлекеттің көршілері Алтын Орда, Ақ Орда мен Моғолстан мемлекетіне бағытталды (Бартольд, 1963). Себебі бұл мемлекеттерде орын алған түрік және түріктенген монғол ақсүйектерінің арасындағы ішкі қайшылықтар, бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, ішінара осы мемлекеттерде орын алған монғол үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күрестер, аталған мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпақтары мемлекетінің батыс бөлігі – Мауереннахрда ХІҮ ғасырдың ХІҮ 50-60 жылдарында ірі монғол-түрік көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Билеушілер арасындағы қырқыс әсіресе қарапайым халыққа қатты әсер етті. Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекеті қалпына келтіруді көздеген Моғолстан хандарының Мауереннахрға жасаған жорықтары халық бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауіп-қатері Мауереннахрдың ақсүйектері мен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық-азатық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар монғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темірді осындай басшы деп таныды.

Мауереннахрда ХІҮ ғасырдың 50- 60 жылдардың басында саяси аренаға Темірдің тұлғасы ерекшеленіп, көріне бастайды. Бұл кезде Шағатай ұлысында тақ үшін тартыста осы әулетті басқарған соңғы Шыңғыс ұрпағы Қазан-хан қайтыс болып, оның орнына әмір Қазаған билікке келген еді. Ол 1346-1358 жылдары билік құрды. Бірақ көп ұзамай ол Моғолстан ханы Тоғлық Темір ноянының қолынан қаза табады. Бұл кезеңде Мауереннахра фоедалдың бытыраңқылық басым болды. Шахризабс, Бұхара, Термез, Бадахшан, Ходжен, Шаштың басшылары бірін-бірі мойындамай, араларында қырқыс орын алды. Осындай тұрақсыздық, экономикалық құлдырау жергілікті халықтың, мемлекеттің әлеуметтік жағдайына қатты әсерін тигізді. Осындай қырқыстарға Темір де қатысып, өзінің тұла бойына тән талантының және ептілігінің арқасында өзін шебер әскери басшы ретінде мойындата алды.

Әмір Темір бин Тарагай Бахадурдың өмірі мен қызметі екі ерекше кезеңге бөліп қарауға болады: бірінші кезең 1360-1386 жылдар. Бұл кезде ол елді біріктіруді көздеген түрік және тәжік ақсүйектерімен бірігіп, Мауереннахрды Монғол империясының бұғауынан босатуды көздеді. Сондай-ақ осы өңірлерде бір орталыққа біріккен мықты мемлекет құруға қарсы майда бектер мен сұлтандарды да бағындыра алды. Екінші кезең: 1386-1402 жылдарды жатқызуымызға болады. Бұл кезеңді оның жылнамашы Шарафуддин Али Йездидің жеткізген дерегіне сүйенсек тарихта үш жылдық, бес жылдық, жеті жылдық деген атпен қалған жорықтары кезеңімен сипаттасақ болады.

1370 жылы құрылтай шақырылды. Бұл құрылтайда ақсүйектер мен билеуші тап өкілдері жиналып, хан тағына Шыңғыстың тікелей ұрпағы Құбыла Шах Оғланды отырғызады. Бірақ көп ұзамай Темір өзінің қарсыласын тақтан құлатады. Бұл кезеңге дейін ол өзінің әскерін біршама күшейтіп, санын арттырып алған еді. Оның әскерінің құрамында монғолдардың саны да көп болды. Енді ол өзін хандық билікке ұсына бастады.

Сол 1370 жылы Темір Мауереннахрдың әмірі атағына ие болған еді. Шыңғысыхан ұрпақтарының атынан Сыр мен Амудария өңірлерінде өзінің билігін жүргізу құқығына ие болды. Оның бұл өңірдегі негізігі тірегі жергілікті ақсүйектер, әскери адамдар және мұсылман дін басылары болды. Өзінің астанасы етіп Самарқанд қаласын таңдады.

Жаулап алу жорықтарын бастамас бұрын Темір өзіне сенімді мықты әскер құруды мақсат етті. Осындай әскер құруда ол монғолдардың және Шыңғысханның әскерлерге және әскери іске қоятын талаптарына сүйеніп, өзінің негізгі ұстанымына айналдырды (Муминов, 1992).

Темір өзінің билік үшін күресін өзіне сенімді 313 әскермен бастаған және соларға арқа сүйеген болатын. Сол әскердің өкілдері Әмір Темір әскерінің қолбасшылық бөлімінің негізін құрады. Олардың жүз адамы ондықтардың, жүз адамы жүздіктердің, жүз адамы мыңдықтардың басында қолбасшы болып тұрды. Темірге адал қызмет еткен және сенімді, берілген адамдар жоғарғы қолбасшылық лауазымдарға көтерілді. Темір әскери қолбасшыларды тағайындау ісіне өте ұқыптылықпен қарап, оған үлкен мән берді. Ондықтардың басшысын ондықтардың өздері белгілеп, өздерінің арасынан шыққан ең мықтыларын тағайындап отырды. Ал бірақ жүз басы және мыңбасыларды Темір өзінің қалауы бойынша бекіткен. «Билігі қамшы мен таяқтан әлсіз билеуші, билік құруға тұрмайды» - деп есептеді ол.

Оның әскерінің Шыңғысхан мен Батый хан әскерінен ерекшелігі, оларға жалақы төленіп отырды. Қатардағы әскер екіден төртке дейінгі аттың құнына тең жалақы алып отырды. Әскери қызметтің бағасы жүргізіліп жатқан жұмыстың мөлшеріне және сапасына қарай анықталып отырды. Онбасына төленетін жалақы, оның ондығының алатын жалақысына байланысты болды. Сондықтан олар өздерінің әскерлерінің жақсы әскери қызметті өтеуін қатты қадағалады. Жүз басының жалақысы алты онбасының жалақысына тең болды. Барлық әскери құрылым және лауазымдар бір-бірімен тығыз байланыста болды.

Шайқастарда және әскери қызметте ерекше көзге түскен адамдар әмірдің қолынан сыйлық және мақтау алу құрметіне, немесе айлығына қосымша жалақы қосуға, құнды асыл тастармен өрнектелген қару жараққа, батыр немесе бахадур атағына ие болды. Тәртіп бұзылған жағдайда жалақысының оннан бір бөлігі ұсталып отырды. Бұл тәсілмен жазалау кең орын алған еді.

Әмір Темірдің әскерінің негізін атты әскер құрды. Олар ішінара ауыр және жеңіл атты әскерге бөлінді. Жай атты әскерлердің өздерімен кем дегенде садақ, 18-20 жебе, 10-ға жұық жебенің үшын, балта, ара, бігіз, ине, арқан, су құятын торсықтар және астыларында аттары болуы керек еді. Ең таңдаулы әскерлер ауыр атты әскерде қызметін өтеді. Оның әрбір мүшесінде міндетті түрде қалхан, темірден тоқылған киім және қорғаныс саймандары, қылыш, сауыт, садақ және артық екі аты болуы тиіс болды. Осындай бес әскерге бір шаңырақ берілді. Өздеріне жорықта керек болатын басқа да заттарын олар арнайы аттарға тиеді.

Монғол әскерінде Темір тұсында жеңіл жаяу әскер пайда болды. Олар шайқас басталар алдында өздерінің әскерлерінен түсіп қарсыластарына садақтан оқ жаудыратын еді. Бұл тәсіл әсіресе қорғаныста шайқасқанда және бекіністерді алуда өзінің тиімділігін көрсетті. Олар мерген садақ атқыштар болды.

Темір әскерлеріне тән ерекшелік - олардың тәртіпті қатал ұстануы және алдын ала ойластырылған әскери әдістерге қатал сүйенуі болды. Әрбір ондық, жүздік, мыңдық шеп құрамында және шайқас кезінде өзінің орнын жақсы білді. Жекелеген әскерлерді олардың киімдерінің түсіне, астындағы аттарына, туына, әскери сауытына қарап бөліп, тануға болатын еді. Шыңғысханның заңына сәйкес әрбір жорық басталар алдында оларды міндетті түрде тексеруден, шеруден өткізу керек болды.

Әскери жорықтары кезінде Темір күтпеген шабуылдарға ұшырамас үшін ескери қорғаныс мәселесіне көп көңіл бөлді. Бес шақырым жерге арнайы кезекші күзет қойды. Бұндай күзет жорық кезінде де әскердің алдында жүріп, барлап отырды. Олардан бөлек бақылау мұнаралары орнатылды.

Атты әскерінің шабуылына және шайқасына ыңғайлы жерді таңдауға көп көңіл бөлді. Ол шайқасқа үнемі мүмкіндігінше тегіс және суы жақын, шөбі мол жерлерді таңдап отырды. Әскер шебін орналастырғанда садақ атқыштардың көзіне күн сәулесі түспейтіндей орынды таңдап, орналастыруға көп көңіл бөлді. Себебі атқыштардың көзіне күн сәулесі шағылысса, олардың нысанаға дәл тигізу мүмкіндігі нашарлайтындығын түсінді. Шабуыл кезінде міндетті түрде қосымша флангта әскер ұстап тұру оның әскери тактикасының ерекшеліктерінің бірі болып есептелді.

Шайқас басталар алдында ол міндетті түрде жеңіл атты әскерді жіберіп отырды, олар садақпен оқ жаудырды. Одан кейін атты әскерді үстін-үстіне шабуылдатып жіберіп отырды. Қарсылас жақ әлсірей бастаған кезде, шайқасқа қосылмай тұрған әскерді қосатын болған. Ол әскер ауыр атты әскерден тұратын еді. Темірдің «Тоғызыншы шабуыл жеңіске жеткізеді» деген сөздері, негізігі ережелерінің қатарына қосылды.

Темір өзінің жаулап алу жорықтарын 1371 жылдан бастады. 1380 жылға дейін ол тоғыз үлкен жорық ұйымдастырды. Осы жасаған жорықтарының нәтижесінде көршілес өзбек елді мекендері, қазіргі Ауғанстан территориясының бір бөлігі Темір империясының құрамына қосылды. Кез келген қарсылық қатты және қатал түрде жазаланып отырды. Өзіне бағынбаған адамдардың басынан үйінділер жасау Темір жорықтарына тән құбылыс болды.

Темірдің Индияны, Иранды, Закавказьені, Египетті, Турцияны, Ресейдің оңтүстік өңірлеріне жасаған жорықтары басқыншылық, тонаушылық сипатта болды. Оған дәлел - осы кезеңге байланысты халық жадында сақталған халық ауыз әдебиетінің туындылары, жылнамалар мәліметтері, тарихи туындылар. Шарафуддин Али Йездидің шығармасында Әмір Темірдің жорықтары кезінде қиратылған қалалар, елді мекендер, қырылған адамдар жайында мәліметтер жан-жақты сипатталған. Бұл автордың шығармасы кейінгі ұрпақ осы оқиғалармен танысу барысында өзі әділ бағасын бере алатындай сипатта жазылған. Али Йезди мүмкіндігінше шынайы баға беру арқылы оқиғаларды баяндауды өзіне мақсат еткен (Клавихо, 1992).

1360-1361 жылдары Қашқар оазисінің билеушісі Әмір Хаджа Барлас Тоғлық Темір әскерінен жеңіліс тауып, Хорасанға қашып бара жатқан жолда, оның серігі Темір елін тастап кету дұрыс шешім емес екендігін түсінеді. Ол Әмір Қожа Барласқа өзінің осында қалғаны, уәлаятты қираудан аман алып қалу жолдарын қарастырғаны орынды екендігін айтады. Елде билік әлсіреп кетпеу үшін ханның қол астына қызметке кіргені дұрыс екендігіне көзін жеткізеді. Ол: биліксіз қалған ел жансыз денемен тең, ал жансыз дене өліммен тең деп есептейді. Еліне деген өзіне тән сүйіспеншілігі, саяси-әлеуметтік жағдайларға өзіндік көзқарасы 25 жасар жас жігіттің билікке келуіне үлкен септігін тигізді. Осы жылдары оның әкесі Әмір Тарағай қайтыс болады. Ол жергілікті түркілік билеушілердің ішінде өзіндік беделі бар адам еді.

Шараф ад-дин Әли Йездидің мәліметтеріне қарағанда Әмір Темір мен Қазағанның немересі Әмір Хусейн арасында одақ құрылады. Бұл одақ оның Хусейннің қарындасына үйленуімен бекітіле түседі. Ол Мауереннахрға басып кірген Тоғлық Темірдің ұлы Илияс Қожаға қарсы тұру үшін сарбадарларды өзінің жағына тарта біледі. Темірдің әйелі қайтыс болғаннан кейін Әмір Хусейнмен қарым-қатынас үзіле бастайды. Ол енді Хаттулянның билеушісі Кайхисрофпен қарым-қатынас орната бастайды. Ондағы мақсат Әмір Хусейн мен Кайхисроф арасындағы қақтығысты шешу еді. Бірақ ол түбінде Әмір Хусейнді өлтіреді. Самарқанттағы Сарбадарлардың басшысын жазалап, Мавлон-заденің өмірін алып қалады. Темірдің Сарбадарлардың кейбір басшыларымен байланысы болғаны туралы тарихнамада айтылады.

Бұл байланыс негізінен екі жақтың да монғол үстемдігіне қарсы күрес нәтижесінде орнауы да мүмкін еді. Сарбадарлардың идеологы және көсемі болған Мавло-заде Темірді әсіресе алғашқы билеу жылдарында қолдап, көмек көрсетіп отырды. Темірдің алғашқы саяси аренаға шыққан тұстағы негізігі мақсаты, әлсіреп ыдырай бастаған Шағатай ұлысының орнына бір орталыққа бағынған мықты мемлекет орнату болған. Осы мақсатқа жету үшін ол уақытылы құрылтай жиналысын шақырып тұрды. «Зафар-наме» дерегінде Қаршыда, Қарабақта, Самарқандта болған құрылтай жиналыстары жақсы сипатталған. Бұл құрылтайларға ханзадалар, басшылар, әскери қолбасшылар ақсүйектер қатысатын болды. Бұл құрылтайларда мемлекеттің өмірінде маңызы бар келісім шарттар, әскери іс-шаралар, шаруашылық мәселелері талқыланды. Үлкен мәселелерді шешу барысында ол міндетті түрде ғұлама ғалымдармен кеңесіп, олардың айтқан ойларын ақыл таразысына салып отырған. Темір математиктермен, астрологтармен, әдебиетшілермен, ақындармен, тіл мамандырымен, теологтармен мемлекеттік мәселелерді шешу барысында, мемлекетінің аумағын кеңейту мәселесіне байланысты ақыл-кеңес алған. Ғалымдар Темір сарайында үлкен құрметке ие болған. Әсіресе әдебиет саласын қатты құрметтеген. Оның сарайында заманының ғұлама ақындары Атоий, Саккоки, Лутфи секілді ақындар өмір сүрді. Олар жайында үлкен құрметпен Әлішер Науаи еске алған. Ескеретін жайт, Темір дәуірінде әсіресе түркі тіліндегі әдебиет, поэзия жан-жақты дамыған.

Осы кезеңде Самарқантта үлкен архитектуралық ғимараттар дүниеге келді. Бұл жағдай осы кезеңге қатысты барлық деректерде сипатталған. Ортаазиялық мәдениетті зерттеуші мамандар Л.И. Риммельдің және Г.А.Пугаченковтың мәліметіне сүйенсек, осы кезеңде Мауереннахрда, әсіресе Самарқандта Орта және Таяу Шығыс елдерінің мәдениетінің синтезінде Темір мемлекетінің жаңа архитектуралық мәдениеті қалыптасты деп бағалайды (Пугаченкова, Ремпель, 1955).

Бұл өзгерістер сол дәуірлерде Мауереннахрдың Орта және Таяу Шығыс елдерінің орталығына айналуымен тығыз байланысты болды. Сәулет өнеріндегі осындай өзгерістер заманының ең алдыңғы қатарлы ойларына негізделіп құрылды. Сәулет өнерімен қатар декоративтік өнер де өркендеді. Әмір Темір дәуірінде Самарқантта Көк-Сарай, Бибіханым медресесі, Шахи-Зиндан мавзолейі, Самарқанд төңірегінде Баги-Шынар, Баги-Шамал, Баги-Дилькушо, Баги-Бехишт, Баги-Нов сияқты керемет бау-бақшалар дүниеге келді. Бұхарада, Ферғанада, Шахризабста, Туркестанда иррегациялық жүйелер іске қосылды. Қалаларды салу қарқыны өсті. Бұл іс-шаралардың барлығына тек жергілікті қолөнер және сәулет өнерінің өкілдері араласып қана қойған жоқ, жаулап алынған елдерден алып келінген көптеген шеберлердің де еңбегінің нәтижесі болды. Бартольдтың айтуы бойынша Темір Самарқандты әлемдегі бірінші қала дәрежесіне көтеруді өзіне мақсат еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет