1.2 Әмір Темір құрған мемлекет
Темірдің мемлекеттік билікке үлкен көңіл бөлінгендігі байқалады. Мемлекетте бас кеңседен бөлек жергілікті жерлерде басқару аппаратында да кеңселері болды. Оларды дивандар деп атады. Дивандар басқару мәселесіне қатысты бөлімдерге басшылық жасады. Оларда арнайы дафтарлар жүргізілді. Дафтарларға кіріс және шығыс шығындарға байланысты барлық мағлұматтар тіркелді. Олар түрік және тәжік тілдерінде толтырылып отырды. Бұл мағлұматтар тек тарихшылардың ғана емес, экономистердің де заңгерлердің де қызығушылығын туғызып отыр. Белгіленген кездерде тексеру орын алып отырған. Мемлекеттің мүддесін өзінің жеке басының қамы үшін қолданған адамдарды, мейлі ол өзінің туыстары, жақын адамдары болсын, қатал жазалап отырған. «Тюзик-Тимур» атты деректе Темірдің мемлекетті басқаруға байланысты негізгі ойлары айтылған (Рахманалиева, 1992).
Темір мемлекетінің негізі тірегі –оның өзіне сенімді әскері болды. Әскери тарих Темірді әлем тарихында ерекше орны бар қолбасшылар қатарына жатқызады. Темір әскерін Әмір қожа Сейфуддин, Әмір Сүлеймен хаш, Әмір Оқ Бұға, Әмір Сарыбұға, Әмір Бұрындық, Худойдот Хусейн Бахадур, Шей Әли Бахадур, Темір Тош, Баратходжа, әмір Дауат Барлас, Омар Аббас, Махмудшах Бұхари, Әмір Муаийд Арлад, Туман Бердібек және т.б. қолбасшылар басқарды. Әмір Темір мемлектінің нығаюына, аяққа тұруына оның ұлдары Әмірзада Мұхаммед Жехангер, Омар-шейх, Мироншах, Шухрух және немересі Әмір Заде Пірмұхаммед Мұхаммед Сұлтанның да қосқан үлесі зор болды. Оның сүйікті немересі Жаһангер мұрагер болып есептелді. Оның әскерінің ең үлкен жеңістерінің бірі 1402 жылы Анкара түбіндегі жеңісі болып есептелді. Темірдің Биязиттерді жеңуі, оны Батыс Еуропа елдерінің мойындауына септігін тигізді (Рахманалиева, 1992).
И.И.Умняковтың зерттеулерінде Темірдің Англия және Франция корольдеріне және олардың Темірге жауап ретінде жазылған дипломатиялық келісімдеріне көңіл бөледі. Корольдар Темір мемлекетімен дипломатиялық қатынастар және сауда-саттық қатынастар орнатуға қызығушылық танытқанын аңғартады (Умняков, 1960). Сол дәуірлердегі негізігі сауда, халықаралық қатынас жолы болып есептелетін Жібек Жолының негізігі трассаларына бақылау орнатқан Темір, бұл жол арқылы өтіп жатқан сауда керуендерінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге тырысады. Бұл жол өзінің бастауын Үндістан мен Қытайдан бастап, Шығыс және Батыс Еуропаға дейін созылып жатты. Бұл салада Темір өзін шебер дипломат ретінде байқатып, Византия, Венеция, Генуя, Испания, Франция сияқты заманының дамыған елдерімен экономикалық қатынастар орнатуға талпынады. Биязидті жеңуі оның осы аталған мемлекеттерде беделінің өсуіне тікелей септігін тигізеді.
Шебер саясаткер бола отырып, ол өзінің мемлекетін басқаруда негізгі тірегі ислам екеніне аса көңіл бөлді. Мемлекеттің негізі дінге сүйенген тұста ғана бірігіп, нығаятынын түсінді. Өзінің билігін нығайту үшін де діни басшылыққа арқа сүйегені мәлім.
В.В. Бартольдтың зерттеулері негізінде ғылымда Әмір Темір Самарқандтан басқа өңірдің өркендеп гүлденуіне ешқандай септігін тигізбеген деген ой ішінара қалыптасқан (Бартольд, 1963). Бірақ бұл оймен кейбір зерттеушілер келіспейді (Муминов, 1968). Шараф ад-дин Әли Йездидің мәліметтеріне сүйенсек Темір Бағдат қаласын қалпына келтіріп, гүлдендіру жұмысын Әмір заде Әбубәкірге бұйырады. Сондай-ақ ол Баилкан қаласын бір айдың көлемінде қалпына келтіргені туралы мәлімет бар. Кабул және Муган даласында суару жүйесінің салынуына да өзінің септіін тигізеді.
Әмір Темір дәуірінде қолданылған «Жарғыларды» зерттеудің тарихта маңызы зор. Осы «Жарғыларды» кейбір зерттеушілердің пайымдауынша жазған Темірдің өзі десе, келесі топтағы зерттеушілер оларды Темірдің бұйрығымен дайындаған деген пікірлер бар. Осы мәселені зерттеген ғалымдардың бірі Н.П.Остроумов. Зерттеушілердің ойынша бұл ережелер ең алғашында түрік тілінде жазылған, оның алғашқы атауы «Тюзик-и Тимур» деп аталған дейді. Түрік тілінде жазылуының себебі, түріктер бұл мемлекетте биліктің басында болған. Онда қолданылған көп терминдердің де түрік тілінде жазылғандығы осыны дәлелдейді (Муминов, 1968).
Әбу-Талиб Хусейннің мәліметіне сүйенсек, бұл «Жарғының» Йемен пашасы Жафардың кітапханасындағы түпнұсқасынан 1610 жылы Әбу-Талиб парсы тіліне аударған. Оның аудармасын 1783 жылы Оксфордте майор Дэви мен профессор Уайт аударған. Осы ағылшын аудармасынан Лянглэ оны 1787 жылы француз тіліне аударады. Осы француз аудармасынан «Жарғы» орыс тіліне аударылған.
Осы тарихи шығарманы Н.П.Остроумовтың орыс тілінде басып шығаруы тарих ғылымының дамуына үлкен сепігін тигізді. Бұл шығарманың негізінен түрік тілінде осы ұлттың өкілдерінің жазуы оның тарихи құндылығын арттырады. Себебі бұл еңбек арқылы Темірдің жеке тұлғасын, оның жасаған іс-әрекетін объективтілік тұрғысынан баға беруге мүмкіндік туады. Себебі ол басып алған жерлердің өкілдері ол туралы мейлінше жек көрінішпен, оны залым ретінде сипаттайды. Ал бұл шығармадан басқа деректерде кездеспейтін мәліметтер табамыз. Мысалы: «Утомленный трудами этого дня, Тимур лег в постель, когда привели в его палатку Баязеда со связанными рукми и ногами. При неожиданном виде этого государя взволнлванный победитель не мог удержаться от слез: он пошел к Баязеду навстречу и , приказавши освободить его от оков, ввел его в приемную залу
Тогда посадив своего пленника около себя Тимур сказал: «Баязед! Обвиняйте самого себя за свои несчастья: это –шипы того дерева, которое вы посадили. Я просил у вас только легкого удовлетворения, а ваш отказ заставил меня поступить с вами так, как я вовсе не желал... Я не только не хотел вредить вам, но и намеривался помочь вам в ваших войнах против неверных. Ваше упорство все погубило. Увы! Если бы успех был на вашей стороне, то я знаю, как бы вы поступили со мной и с моей армией. Тем не менее будьте спокойны: вам нечего бояться; спасением вашей жизни я хочу возблагодарить небо за свою победу» - деген мәліметтер бар (Лянглэ, 1890).
Осы сөздерінен кейін Темір Баязедке өзінің шатырының жанынан арнайы шатыр тігуге бұйрық беріп барлық сый құрметін ұсынады. Ал араб, грек және түрік авторларының мәліметтері бұл келтірілген деректерге мүлдем керіғар. Олар Темірді өз еліне көрсеткен қытыгездіне күйініп, ол жайында тек теріс пікірлер білдіреді. Лянгленің мәліметтерінен Темірдің ғалымдарға, шын сөйлеген адамдарға, тарихшылар мен философтарға үлкен құрмет көрсеткендігін байқаймыз. Неміс зерттеушісі Ф.Шлессер: «Счастливый воин, новый завоеватель мира, бывшии в то же время законодателем самого отдаленного Востока, соеденил в Азии тактические и стратегические познания с умением приковывать к себе хищные орды. Подобно предводителям средневековых наемников, он возвысился тем, что, продовая услуги князьям, являлся к им испытанными войнами....
Проводя жизнь в походах, Тимур часто возвращался в Бухару и Самарканд и дал своему новому государству Уложения и законы, представляющие разительное противоречие со зверством, жестокостями и разрушениями, призводимые по его повелению татарскими ордами.
По нашему мнению, не стоит даже обращать внимание на то, что говорят о государственной мудрости Тимура, о нравственных и политических его принципах и о книгах, содержащих в себе его гении Мы передаем только действительное, ищем прозу, истину и историю, а не поэзию и романтизм, и призираем то, что пищут льстецы. Не известно, что Тимур возбуждал в своих ордах кровожадность и зверство, что его монголо-татары, походившие на тигров, истребляли людей тысячами, что его сыщики шныряли во всех странах, что у него была организована целая система шпионства, причем ему необыкновенно деятельно помагали всякие дервишы, факриы и и даже христианские монахи»- деген ой айтады (Всемирная история, 1890).
Енді тарихшы Г.Ваберидің Темірге қатысты айтқан ойларына тоқталайық : «Тимур был безчеловечно жесток с врагами, но имел великие таланты полководца, правителя и законадателя, ненавидел ложь, не был лишен любви к знаниям; в его стане находились толпы поэтов, ученых, музыкантов и мистиков (суфи).... Тимур прошел по Азии как разрушителный ураган, низвергающи все, встречаемое им. Он оставлял за собой пепелища и пирамиды, сложенные из человеческих голов. Но в спокойном настроении духа он был справедливым судьей, другом образованности, покравителем художников и ученых, с которыми любил беседовать. Залитое кровью царство Тимура скоро распалось.
Тимур был ужасен своей свирепостью, все-таки он и как человек, и как правитель стоял выше Баязеда, который думал только о завоеваниях, пренебрегал всеми другими делами, предоставил управлеие государством своему алчному и развратному великому везиру Йли Паше, отдал области на произвол корыстолю бивых и продажных судей и правителей» - деген өзінің ойын білдіреді (Вамбери, 1992).
Темір жайында оның қас жауы тарихшы Арабшах төмендегідей мәлімет қалдырған: «Темірдің дене бітімі сымбатты, бойшаң, ашық маңдайлы үлкен басты, үні жуан және қатты дауысы оның күшіне сай болды. Ақ құба өңінде үнемі қызғылт тартқан өңі өзіне келісімді. Ол кең иықты, жуан саусақты, бұлшық еті күшті еді. Ол үнемі ұзын сақал қойып жүрді; оның оң аяғы мен оң қолының мүлкісі болды.
Оның көзқарасы мейрімді болды. Ол өлімнен қорықпады, 80 жасқа сәл жетпей қайтыс болды, бірақ ол өзінің жігері мен қайратын сақтап қалды. Ол өтірікті ұнатпады: қалжыңдар оны қызықтырмады. Өзі отырған жерде қарақшылық, ұрлық, зорлық жайында әңгіме қозғағанды ұнатпады. Қандай ашшы болса да ол шындықты бетке айтуды талап етті. Оның көңіл күйіне жақсы да жаман да жетістіктер ерекше әсер етпеді. Ол өзі әскерлерінің жақын досы бола отырып, оларды өзіне мүлтіксіз бағындыра алды және өзін өзгелерге құрметтете алдыратын қабілеті болды.» деген мәліметтер береді.
Барлас руынан шыққан бек Тарағайдың жанұясында Ходжа-Ильгар қышлағында Темірдің дүниеге келуі кездейсоқ оқиға болды. Бірақ дәл осындай тұлға сол заманның, мемлекеттің талабына сай келді. Оның тұлғасы мемлекеттік қайраткер ретінде өзі өмір сүріп жатқан Мауереннахр мемлекетінің саяси жағдайының өзгеруіне септігін тигізді. Темірдің жүргізген саясатының нәтижесінде осы өңірде біршама уақытқа тұрақтылық орнады. Бұл тұрақтылық елдің экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен өнерінің, әдебиетінің дамуына септігін тигізді. Осы аталған қызметтер Темірдің Орта Азия тарихында алатын орнын айқындай түсетін сияқты.
Өздерінің мемлекеттеріндегі экономика мен мәдениетті дамытуға бағытталған үрдісті одан кейін билікте болған Ұлықбек, Мырза Абу Саид, Сүлтан Ахмед, Хусейн Байқара, Бабыр және Үндістанда билік құрған Ақбаршах сияқты билеушілер жалғастырды.
Әмір Темірдің тұлғасына байланысты көптеген зерттеулер бар. Темірдің өмірінен мәлімет беретін барлық деректер ыждахаттықпен жинақталған. Бірақ сонда да Темірдің кезеңі оның тұлғасына байланысты барлық сұрақтар жауабын толық тапты деп айту әлі де болса ерте. Көптеген зерттеушілер Темірдің жорықтарына оның әлемді билеуге деген құштарлығы себеп болды деп біржақты түсіндіреді. Бірақ бұл мәселені қарастыру барысында ортағасырға тән ерекшеліктерді ескеріп қорытындылар жасағанымыз дұрыс. Біз әлі күнге дейін сол дәуірлерде қоғамда тектіліктің алған орны қандай болды деген сұраққа жауап таба алмай отырған сияқтымыз. Оған дәлел қаншама мемлекеттерді жаулап алса да, Темір өзін әмір деңгейінен ары қарай көтермеуі. Темір билікті Шағатай ұрпағының өкілдерімен бөлісіп отырған. Шыңғысханның заңына сәйкес тек шыңғыс ұрпақтары ғана билікте бола алды. Сондықтан Темір әмір атағын өзіне қанағат тұтты. Оның тұсында хан тағында Шыңғысханның ұрпағы Суюргатмыш (1370-1388 жж) және оның ұлы Махмуд отырды.
Орта ғасырлық тарихтың әлі де болса аз зерттелген мәселелерінің бірі генеология және мұрагерлік мәселесі екені белгілі. Осы мәселе жан-жақты зерттелсе, онда Әмір Темір дәуірі және оның билікке келу жолдары, неге ол өзін хан жарияламағандығы айқындала түсер еді. Қазіргі таңда Алтын Орда мемлекеті және шыңғысхан ұрпақтарының тақты мұрагерленуінің мазмұны мен мағынасына байланысты азды-көпті зерттеулер орын алуда. Бұл мәселенің шешілуі Әмір Темірдің билікке келу мәселесін де жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бере алады деп есептпейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |