Мазмұны Кіріспе -3 1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6



бет8/9
Дата06.10.2023
өлшемі188 Kb.
#112947
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды

Технологиялардың жоғарғы қарқынмен дамуымен қатар тұтынушылардың талғамы да артуда. Бұл құбылыс арқылы сапа көрсеткіштерінің маңыздылығы өсіп келеді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдерінде халықаралық стандарттарды енгізу талабы қойылды.


Халықаралық деңгейдегі сапаға қойылатын талаптар ИСО 9000 сериясымен анықталады. 1987 жылы Стандарттау жөніндегі ХҰ және АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен ИСО 9000 сериялы 5 Халықаралық стандарт бекітілді. Бұл стандарттарда өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі талаптар, өнімді дайындау, ұйымдық бақылау және өнімді сынақтан өткізу, өнімді қолдану, сақтау және тасымалдауда қолданылатын талаптар жасалып бекітілді.
Американдық маман А. Фейгенбаумның пікірінше: «сапа бұл эвангелизм емес, рационалды ұсыныс емес, бұл өмір сүру образы».
Американдық фирмалар барлық назарды өнімнің сапасын бақылауға аударады. Өнімнің сапасын басқаруда арнайы бөлімшелер өндірісті сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін өндіріске кететін шығындарды зерттеп, талдап отырады. Өнімнің сапасын жетілдіруде американдық фирмалар орташа шамамен өнімді өткізілген соманың 3-5%-ын жұмсайды. Ал, фирма басшылары өзінің жұмыс уақытының 50%-ын сапа төңірегіндегі сұрақтарға бөледі.
Батыс Еуропалық елдерде өнімнің сапасын қамтамасыз етуде ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің ұлттық стандарттары және 29 000 сериялы EN Еуропалық стандарттары қолданылады. Белгіленген стандарттар жоғары сапаның кепілі болып табылады.
Еуропалық нарықта кәсіпорындар бірқалыпты қызмет жасауы үшін, өндірілетін өнімдер тәуелсіз ұйыммен сертификатталады. Сонымен қатар өнімнің сапасын бақылауды және бағалауды жүзеге асыруда сынақ зертханалары және қызметкерлер аккредитациядан өткізіледі.
«КТЗ» ААҚ - ның стратегиялық мақсаты ҚР-да үнемі шығарылатын өнімнің сапасын жетілдіру арқылы өткізу нарығын жоғарылату, тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндірістік және менеджменттің алдыңғы қатарлы технологиясын енгізу. Бұл мақсатқа жету үшін осы кәсіпорында ISO 9001:2000 халықаралық стандарттарға сай сапа жүйесі енгізілді. Компанияның негізгі мақсатының бірі ТМД нарығын жаулап алу. Қазіргі кезде бұл кәсіпорынның өнімдері Әзірбайжан, Түркменстан, Ресейге таралуда.
2006 жылға арналған кәсіпорынның алдына қойған негізгі мақсатына:

  • Өнімнің 1 жылдық тауар өндірісін 3 млрд. теңгеге жоғарылату;

  • Кәсіпорынды басқаруда ұйымдық тиімділікті арттыру;

  • Өндіріске жаңа технологияларды енгізу;

  • Өндірілетін өнімдерге өзгерістер енгізу және жаңа өнімдерді өндіру;

  • ISO 9001 халықаралық стандарттарға сай сыртқы аудиторлық тексеруге дайындалу.

Зерттеліп отырған кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесін, сапаны қамтамасыз ету инженері Кудеров Л.М. басқарады. Оның негізгі мақсаты кәсіпорынның қызметін ISO 9001:2000 стандарттарына сәйкестендіру.
Кәсіпорынның өндірістік және сынақтау базасы өнімді өндіруде прогрессивті технологиялық процесстер мен жаңашыл технологиялық құралдармен қамсыздандырылған. Өнімді сынақтау, ұлттық және халықаралық стандарттар мен тапсырушылардың талаптарына өнімді сәйкестендіреді. Кәсіпорында тұтынушылардың өнімді қабылдауы және олардың қанағаттануы сапа менеджменті жүйесі жұмысының бір көрсеткіші ретінде бақыланады.
«КТЗ» ААҚ 40 – жылдан астам бойы электротехникалық тауарларды өндіріп, тұтынушыларына жеткізуде. Кәсіпорын жыл сайын нарықтағы жағдайы туралы маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады. Бұл зерттеулер кәсіпорынның алдағы уақыттағы перспективалы дамуын және нарықтағы үлесінің деңгейін көрсетуде. Өнімдердің тұтынушылар талабына сәйкестігі, өнімнің икемді бағасын, өнімнің сапасы, осы факторлар тұтынушылардың осы кәсіпорынның өнімін тұтынуына алып келеді. Бұл құбылыс кәсіпорын пайдасының өсуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне бақыланатын және бақылан байтын факторлар әсер етеді. Зерттеліп отырған кәсіпорынның күшті жақтарына:

  • тұтынушының тұрақты деңгейі

  • өзіндік құнның төмендігі

  • бұл өнімге сұраныстың артуы

  • өндіріс дамуының перспективасы ұзақ мерзімді болып табылады.

Отандық кәсіпкерлердің өнім сапасын жетілдіру Қазақстан экономикасы үшін өзекті мәселе болып табылады. Әлемдік нарықта бәсекелесу үшін отандық таурлар мен қызметтердің сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы қажет.Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттарды енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, 2010 жылға дейін отандық кәсіпорындарындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасы және т.б. Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет