Мазмұны Кіріспе -3 1.1 ҚР-да сапа менеджментінің даму перспективасы -6 1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы -14 1.3 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі
бағыттары -19
Қорытынды -24 Қолданылған әдебиеттер -27
Кіріспе
Жаңашыл өзгерістерді – тек
жетілген басқару алып келеді.
У.Эдвард Деминг. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Бұл реферат тақырыбының өзектілігі ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекегеқабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның және өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың интенсивті дамуына, отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігін және елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.
Өнімнің сапасын көтеру – кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.
Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады: 1. Өнімнің бағасы
2. Өнімнің сапасы
Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мәселе болып отыр.
Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Кез-келген кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: «өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға» болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: «нарықтық баға - өндірістік және тарату шығындары = пайда»
Сапа – бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория болып табылады. Әдетте біз сапаны – белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа – бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті.» (ИСО 8402-94)
Сапа түсінігімен келесідей түсініктер тығыз байланысты: өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері, сапа ілгегі және т.б.
Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы – экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX–шы ғасырдың 80-ші жылдары бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мән берді. Мәселен: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылғы Қазақстан халықтарына жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды». Бұл жұмыстың мақсаты осы стратегияға байланысты отандық кәсіпкерлердің бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату тәсілдерін іздеу. Өнімнің сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесін қолдану, оның ішінде ИСО 9000 сериялы стандарттарын енгізу қажеттілігін айқындау.