Осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс.
Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.
Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс. Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қамтамасыз ету тетіктеріне баса назар аударуға тиіспіз.
Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтік жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жасау арқылы үлгі көрсетуде. Мұндай тәжірибе дамыған елдердегі сияқты бизнес-орта үшін қалыпты жағдайға айналуы керек.
Мәселен, экономика үшін білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі компаниялар үшін де, тұтастай алғанда бүкіл еліміздің мүддесі үшін де пайдалы болмақ.
Әлбетте, бұл жерде байыпты түсінік жұмыстарының жүргізілуі және бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағдарламасы қажет етіледі.
Бізге бизнестің әлеуметтік есептілігінің жалпыға ортақ ережесін әзірлеп, жалпыұлттық міндеттерді шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын уақыт келді деп ойлаймын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стандарттары БҰҰ-ның Жаһандық шартында айқындалған.
Мен бүгін сіздердің назарларыңызға өзіміз алдағы уақытта шешетін міндеттерді белгілеп, Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қоғамдастығынан орын алуына мүмкіндік беретін Стратегияны ұсындым. Астана, 2006 жыл 1 наурыз.
Отандық тауарлардың бәсекеқабілеттілігін арттыру, өндіріске халықаралық стандарттартты енгізумен байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-ға кіргеннен соң әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Қазіргі таңда Қазақстанда, өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялық артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Республиканың индустриалды-инновациялық даму стратегиясы кәсіпорындарға жаңа технологияларды қолдануға және ғылым саласын көп талап ететін өндірістік салаларға орта және ұзақ мерзімді, төмен пайыздық несиелерді беретін мемлекеттік даму институтын құру қажет. Отандық кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуы үшін әлемдік стандарттарға, оның ішінде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын енгізу қажет. Бұл стандарттар қазіргі таңда әлемдегі ең танымал және ең көп таралған халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Бұл стандарттар әмбебап болып табылады, яғни кез-келген өндірістік және өндірістік емес салаларда қолдануға болады.
ИСО 9000 стандарттары негізінде құрылған сапа жүйесінің негізгі мақсаты - өнімнің сапасын қамтамасыз ету, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру, сапаны қамтамасыз етуде кәсіпорынның мүмкіншілігін анықтайды. Жыл сайын бүкіл әлемде 2 500 кәсіпорын сапа жүйесін сертификаттайды.
Сапаны басқару жүйесі – қатаң және қызметтің регламенттелген тәртібімен, айқын міндеттемелерді нақты бөлістіріп, ол міндеттемелер атқарылған жағдайдағы жауапкершілік кешендерін анықтайды. Тек осы процесстер сақталған жағдайда ғана сапа менеджменті күтілген нәтижені береді. Осымен Қазақстандағы сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындарға талдау жасағанда, бұл кәсіпорындардың табысы 10%-дан 20%-ға дейін артқан.
Тауар маркасы мен сапа жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады және бұл байланыс тауар өндіруден, оны таратуға дейінгі аралықтағы ИСО 9000 стандарртар талаптарын сақтай отырып өнім сапасын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Тауар белгісін әлемге әйгілі ету үшін бірінші кезекте сапаны басқару сертификатының болуы, бұл сертификат сыртқы нарықта отандық өндірушілердің біліктілігін, профессионалдылығын сипаттайды.
Біздің еліміз экономикалық позициямызды жақсартуда және әлемдік нарыққа интеграциялануға потенциалды болып табылады. Бұған себеп ҚР-ның ДСҰ кіру бағдарламасы, Әлемдегі бәсекегеқабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, 2010 жылға дейін отандық кәсіпорындарындарында ИСО 9000 халықаралық стандарттарын енгізу бағдарламасы және т.б.
Бірақ осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін сапа мәселесін шешуді және оны арттыруды кешенді түрде қарау керек. Ол үшін бәсекеқабілеттілігі мықты дамыған елдердің сапа менеджменті жүйесінен Қазақстанға үлгі алу қажет.