Мазмұны: Кiрiспе 1 тарау. Геометриялық салулар теориясының кейбiр мәселелерi 1



бет5/31
Дата07.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#48014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Салу есептерін шешу әдістері бойынша оқу - әдістемелік құрал

4. Қарапайым геометриялық салулар
Қарапайым есептердің шешулерін негізгі салуларға келтіру үшін де көптеген логикалық қадамдар жасауға тура келеді. Ал қиынырақ есептерді шешудің логикалық структурасын тұрғызу одан да қиынға соғады. Сондықтан күрделі есептерде қарапайым салу есептерін біле отырып, салу қадамдарын үнемдеуімізге болады, яғни қарапайым салуларды болашақта негізгі салуларға келтірмей - ақ қолдана аламыз.
Күрделі есептердің бөлігі ретінде жиі кездесетін қарапайым геометриялық салулар мектеп курсының бірінші Оларға мыналар жатады:

  1. Берілген кесіндіні қақ бөлу

  2. Берілген бұрышты қақ бөлу (бұрыш биссектрисасын салу)

  1. Берілген кесіндіге тең кесінді салу

  2. Берілген бұрышқа тең бұрыш салу

  3. Берілген түзуге одан тысқары нүкте арқылы параллель түзу жүргізу

  4. Берілген түзуге одан тысқары жатқан берілген нүкте арқылы перпен-дикуляр тұрғызу.

  5. Берілген кесіндіні берілген қатынаста бөлу

  6. Берілген үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу

  7. Берілген қабырғасы мен сол қабырғаға іргелес екі бұрышы бойынша үшбұрыш салу

  8. Берілген екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы бойынша үшбұрыш салу

  9. Берілген шеңберге берілген нүкте арқылы жанама жүргізу

  10. Берілген гипотенузасы мен катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыш салу

5. Салу есептерін шешу әдістемесі
Конструктивті есептерді шешудің схемасын таңдау әдістемелік сұрақ болып табылады. Геометриялық салу есептерін шешу төмендегі схема бойынша жүргізілгенде ғана дұрыс деп саналады:
1) Берілгендерді таңдауда барлық мүмкіндіктерді қамтитын жағдайлардың ақырлы саны белгіленеді;
2) Әрбір жағдай үшін есептің шешуі болу - болмауы және шешімі болса, олардың саны анықталады;
3) Әрбір жағдай үшін есептің шешімі болса, көрсетілген геометриялық құралдардың көмегімен оларды салу тәсілдері беріледі немесе оның берілген құралдармен салынбайтындығы көрсетіледі.
Күрделі есептерде оны шешудің мүмкін болатын жағдайларын, барлық шешімдерін, шығарылу тәсілін және т.б. анықтау үшін қалай талдау жасау керектігі жөнінде сұрақ туады. Сондықтан конструктивті есептер мына схема бойынша шешіледі:

  1. Талдау

  2. Салу

  3. Дәлелдеу

  4. Зерттеу

Әрине, бұл схема міндетті және өзгеріссіз емес, оның кейбір сатыларын қатаң түрде ажыратып, көрсетілген қалыпта ғана орындау мүмкін бола бермейді. Алайда конструктивті есептерді шешуде бұл схеманың көмегі мол. Енді схеманың әр этаптарына жеке тоқталып өтейік:
1.Талдау. Бұл - салу есебін шешудің ең негізгі және «әзірлеуші» бөлімі, себебі есепті шешудің кілті осында. Талдаудың мақсаты – есептің ізделінді элементтері мен берілгендері арасындағы байланысты тағайындау арқылы оның шешу тәсілдерін іздестіру. Оған берілген мен ізделінді фигураларды есеп шартында көрсетілгендей қалыпта орналастыратын көмекші сызба арқылы қол жеткіземіз. Бұл сызбаны «қолдан» сызуға болады. Әдетте, талдау жасау «есеп шешілді делік» деген сөздермен басталады. Көмекші сызбаны, негізінен, берілгендерден емес, ізделінді фигуралардан бастап салған дұрыс. Мысалы, бір төбесінен жүргізілген медиана, биссектриса және биіктігі бойынша үшбұрыш салу керек болса, алдымен кез - келген үшбұрыш сызып, содан соң оның есеп шартында көрсетілген сызықтарын жүргізген ыңғайлы. Егер көмекші сызбадан ізделінді фигураны салудың тәсілдері анық көрінбесе, онда ізделіндінің бөлігін немесе оны тұрғызу кезінде қолданылатын қандай да бір фигураны табамыз.
2

.Салу.
Бұл бөлімде нәтижесінде ізделінді фигура шығатындай негізгі салу-лар (немесе бұрын шешілген, шығарылған есептер) тізімі беріледі. Салудың әрбір қадамы көрсетілген құралдың көмегімен графикалық көркемделіп отырылады. Мысалы, көршілес екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы бойынша параллелограмм салу есебінің салу жоспары төмендегіше болады (1-сурет):
1) кез - келген р түзуі
2) АDр кесіндісі
3) DАL бұрышы (-берілген)
4) АВАL кесіндісі (берілген қабырға)
5) В нүктесі арқылы t // р түзуі
6) ВСАD, ВСt кесіндісі
7) С, D нүктелерін қосамыз
АВСD-ізделінді параллелограмм.
3.Дәлелдеу. Дәлелдеудің мақсаты – салынған фигура шынымен де есеп шартын қанағаттандыратынын көрсету. Салудың әр қадамының орындала-тындығын дәлелдеу, әдетте, сөйлем түрінде беріледі. Дәлелдеуде мынаны ескеру керек: талдаудан шығатын салдар дәлелдеудің шарты болып табылады және, керісінше, талдаудың шарты дәлелдеудің салдары болады.
4.Зерттеу. Салу есептің қандайда бір жалғыз шешімін тұрғызумен шектеледі және ондағы барлық қадамдар орындалады деп есептелінеді. Ал есептің толық шешуін табу үшін мына сұрақтарға жауап беру керек:
1) берілген фигуралардың кез-келген орналасуында салу жоспары орындала ма
2) егер таңдалған салу әдісін басқа жағдайлар үшін қолдануға болмаса, ізделінді фигура қалай тұрғызылады
3) берілген фигуралардың әртүрлі орналасуында есептің мүмкін болатын шешулерінің саны қанша
Осы сұрақтардың әрқайсысына жауап беру есепті зерттеу болып саналады. Демек зерттеудің мақсаты – есептің шешілу шартын анықтап, оның шешімдерінің санын табу.
Зерттеу, негізінен, «салу бойынша», «салу барысында» сөздерімен басталады. Бұлай қабылдаудың негізгі мақсаты – салудағы әр қадамға тоқталып, ондағы іс - әрекеттердің әрдайым орындалу - орындалмауын тексеру, егер орындалса, неше әдіспен екендігін анықтау.
Есепті осылайша талқылаудың нәтижесінде берілген тәсілмен ізделінді фигураны салу мүмкіндігі белгілі болады. Бұл жерде «егер салудың қандай да бір тәсілін өзгертсе, есептің жаңа шешулері пайда болмай ма» деген сұрақ туады. Кейде есептің әрбір шешуі оның бұрын анықталған шешуімен сәйкес келетінін дәлелдеуге болады. Онда зерттеуді ары қарай жүргізіп қажет емес. Ал егер сәйкес келмейтіндігі дәлелденсе, онда басқа әдіспен анықталатын
шешулер болуы мүмкін болғандықтан, талдауға қайта оралып, берілген немесе ізделінді фигуралардың орналасуының басқа жағдайлары қарастырылады. Ал есеп айтарлықтай жеңіл болғанда, кейбір сатылар, мысалы талдау немесе зерттеу қарастырылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет