Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы


КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Документ Microsoft Word

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлап, әрі тілдің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін қажет. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады. Сондай–ақ, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселерді алсақ, оларды сөз таптарына байланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Солай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық құрылымының негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында да тереңірек үңілсек, сөз таптары грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыратын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірін, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең басты мәселесі.

Тіл біліміндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық берлігеріне қарай ең алдымен үш үлкен топқа бөлінеді. Олар – атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер.

Аталған үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі негізгі ұйытқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайы да, негізі де болып табылатыны – атаушы сөздер.

Атаушы сөздерді, ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, оларды ең алдымен, есімдер және етістіктер деген екі салаға бөлуге болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінара ұқсас үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын.

Есімдік және орын алмастырушы сөздер әрбір тілдің құрамдас бөлігі, сөз таптарының бірі болып табылады [1,1.]. Зерттеуші А.Ысқақов еңбегінде «есімдік» терминіне былай анықтама берілген: «Есімдік - зат есім, сын есім, сан есімді сөздердің кең шеңберіне қатысты қолданылады. Есімдіктердің контексте немесе сөздік жағдайда нақтыланатын назар аударғыш мағынасы болады. Мәселен, «ол» жіктеу есімдігі қандай болмасын сөздің орнын алмастырады. Зат есімнің орнына қолданылады. «Қандай, сондай т.б.» сөздері қандай да болмасын белгіні білдірсе, ал сонда, қайда, қашан, қалай есімдіктері – іс-әрекеттің орнын, уақытын, жүру сипатының мәнінің жағдайын білдіретіндігі белгілі. [6,33.]. Осылайша, сілтеу мәнін білдіретін сөздер қатарындағы есімдіктердің ішінен жіктеу есімдігі бөлінеді, яғни есімдіктердің орнын алмастырғыш сөздер (зат есімдік, сын есімдік және есептік сан есім) мен есімдік үстеулері т,б.

Сонымен заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары– субсантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары – аттрибутивтік есімдер деген екі салаға бөледі.

Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болмағанмен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивті есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивті есімдіктер дәл өз маңғынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды [6,35]. Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет