Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ, ағылшын тіл білімінің морфология саласында сөз таптарының бірі – орынбасар сөз саналатын есімдіктер, олардың түрлері, тақырыптық, семантикалық топтары мен прагматикасы сараланып, арнайы зерттеліп отыр. Сонымен қатар зерттеу жұмысында есімдіктің тақырыптық, лексика-грамматикалық топтарының өзіне тән семантикалық ерекшеліктері түрлі өзгешеліктермен талданды.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізіне Резник Р.В, Гордон Е. М., Крылова И, Вейхман Г.А, Рубцова М. Г. Беркнер С. С., Пеньков Б.В, Верховская И. П., Расторгуева Т. А., Бармина Л, Израелевич Е.Е., Качалова К.Н, Ильиш Б. А, Клоуз Р, Коблов Г. Я, Михельсон Т. Н., Успенская Н.В, Редфорд Э, Смирнова Л.Н., Грузинская И, сонымен бірге қазақ тіл біліміндегі А.Ысқақовтың, Қазақ тілі энциклопедиясы т.б, зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |