Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы



бет13/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Зат есімді есімдік

Тәуелдік есімдігі зат есім ретінде абсолюттік түрде қызмет етеді. Әдетте тәуелдік есімдігінің абсолюттік түрі зат есімді қайталамас үшін пайдаланылады. Мәселен: his car was broken, so he took my car орнына жай ғана his car was broken, so he took mine деп айтуға болады.

Its есімдігі абсолюттік түрде сирек пайдаланылады. Yours Sincerely yours, Truly yours т.б. сөздер сияқты баяндауыштың қысқартылған түрі ретінде сөйлемнің соңында пайдаланылады.

Тәуелдік есімдігінің абсолюттік түрінің алдында жиірек «of» көмекші сөзі пайдаланылады: He is a friend of mine –Ол менің досым.

She didn’t know it was that neighbour of his.- Ол (қыз) оны өзінің сол көршісі екенін білген жоқ. Осы тәуелдік есімдігінен кейін, зат есім ешқашан қойылмайды, себебі олар зат есімнің қызметін өздері атқарады. Сөйлемде олар бастауыш, толықтауыш және баяндауыштың атаулы бөлігінің қызметін атқарады: This is not my pencil, mine is blue – Бұл менің қаламым емес, менікі- көк. My car is not working. Can I use yours? –Менің машинам жұмыс істемейді. Сенікін алуға бола ма? That house is mine –Сол үй - менікі.

Тәуелдік есімдігінің абсолюттік түрі (көбіне mine есімдігі) поэзияда, әзілдер мен ирониялық баяндауларда, дауысты дыбыс алдында h алдында пайдаланылады: O mistress mine! – Менің ханшам! Dear mine! –Қымбаттым (ирноиялық мәнер). With mine own hand. – Өзімнің осы қолыммен. Mine eyes.- Менің көздерім.

Ұлыбритания графтықтарының ағылшын тілінің көптеген диалектілерінде тәуелдік есімдігінің абсолюттік түрі–n: mine, thine, hisn, hern, ourn, yourn, theirn жалғауларын жалғау арқылы пайда болады. Сондай-ақ абсолюттік тәуелдік есімдігінің екі жақты түрін пайдалану кездеседі: mine’s, hersen, she’sn, we’sn.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет