2.2. Тәуелдік есімдігі (Possessive pronouns).
Жекеше есімдікке тиістілікті білдіріп кімдікі? сауалына жауап беретін тәуелдік есімдігіне сәйкес келеді. Тәуелдік есімдігінің екі түрі бар: біріншісі – сын есімді есімдік, екіншісі зат есімді есімдік болып қызмет ететін абсолюттік түр.
Мысалы:
Түр/Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
1
|
Mу
|
Our
|
2
|
Your
|
Your
|
3
|
His/her/it
|
Their
|
Мұндай түрде тәуелдік есімдігі, өздері жататын зат есім алдында тұрады. Зат есімнің анықтауышы бола отырып, осы зат есімнің алдында артикльдің болуына жол бермейді: My pencil is on the table –Менің қаламым үстелдің үстінде. He gave me his address – Ол маған адресін берді.
Егерде зат есімнің алдында басқа да анықтауыштар болса, онда тәуелдік есімдіктері олардың алдына қойылады: Where is my red pencil? – Менің қызыл қаламым қайда? His elder brother lives in Leningrad –Оның үлкен ағасы Ленинградта тұрады.
Тәуелдік есімдігі артикль сияқты all мен both сөздерінен кейін қойылады: All my pencils are in that box – Менің барлық қаламым анау жәшікте. Both his brothers live here –Оның екі ағасы да осында тұрады.
Е.М.Гордон және басқала да ғалымдардың пікірі бойынша «көбіне тәуелдік есімдігі туысқандық, дене бөлігі, киім және адамға қатысты тағы да басқа заттарын белгілейтін зат есімнің алдындағы артикльдің орнын алмастырады»: Bob nodded at his wife as if he wanted to say “you see?”- Боб әйеліне «түсініп тұрсың ба?» дегендей басын изеді. He bit his lips, but said nothing. – Ол ештеңе айтпастан ернін тістеді[1].
Кейбір идиоматикалық фразаларда есімдіктің орнына белгілі артикль қолданылады.
I have a cold in the head –Мен басыма суық тигізіп алдым.
He was shot through the heart – Оқ оның жүрегінен өте шықты.
He got red in the face – Оның беті қызарып кетті.
He took me by the hand – Ол менің қолымнан ұстады
Түр Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
1
|
Mine
|
Ours
|
2
|
Yours
|
Yours
|
3
|
His/hers/its
|
Theirs
|
Көптеген диалектілерде тәуелдік есімдігі ілік септігінің «s» формантын атау септігінде де, объектілік септікте де қосу жолымен қалыптасады: we’s, us’s (our); thoo’s, you’s (your), him’s, she’s, them’s (his, her, their). Шығыс Англияда әдеби that’s орнына his, her, its пайдаланады: that wagged that’s tail.
Г.А.Вейхман көркем әдебиетте тәуелдік есімдігінің түсіп қалатындығын айтады: Shultz shook head –Шултц басын шайқады [8].
Достарыңызбен бөлісу: |