Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы


Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің басқа сөз таптарымен арақатынасы



бет9/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
1.2. Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің басқа сөз таптарымен арақатынасы. Морфологиялық тұрғыдан алғанда, есімдіктер басқа сөз таптары сияқты септелуіге, көптелуге бейім. Соның өзінде есімдікке тән айырмашылық бар. Мысалы: зат есімде көптік мағынаны білдіру лексика, морфологиялық сол сияқты синтаксистік тәсілмен де болып жатады. Ал есімдіктерде көптік жалғау арқылы көптік мағынаны білдіру барлық түрлеріне тән құбылыс болса, лексикалық тәсіл тек сұрау есімдіктерінеде болады. Сондай –ақ, лексикалық тәсілмен көптік мағынаны білдіру жіктеу есімдіктеріне соның ішінде, бірінші және екінші жақтағы есімдіктерге ғана тән. Есімдіктердің көпшілігі септелгенмен, қайсы бірі дәстүрлі жалғауды “қабылдамайды”: маған (менге емес), саған (сенге емес), менен (меннен емес), сенен (сеннен емес), оған (олға емес), онымен (олмен емес), сонымен (солмен емес) т.б. Сөз тудыру тұрғысына келгенде есімдіктердің өздерінен жаңа сөз жасау өте сирек кездеседі. Лексика-семантикалық және грамматикалық өзгешеліктеріне байланысты есімдіктер жеті топқа жіктеледі: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық [6,41].

Ал зерттеуші Ахмеди Ысқақов тақырыпқа қатысты есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақытылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемде немесе жалпы сөйлем аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С.Ерубаев) 6,43 т.б.

Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді. Оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда пайда болған, демек, соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады. Алғашқы топқа мен, сен, ол, біз, сіз, қай, кім, не, міне, бұл т.б. сияқты қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады. Есімдіктердің кейінгі тобына мынадай үш түрлі есімдік сөздер жатады. Мысалы. Бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты (араб, парсы т.б.) тілдерден ауысып келген сөздер жатады.

Семантикасына қарай есімдіктерді жеті топқа (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері) бөліп көрсететінін көреміз [6,41].

Сонымен есімдік деп, зат есім немесе сын есім орнына пайдалананылатын сөйлем бөлігі аталады. «Есімдік сөйлемде зат есімнің немесе сын есімнің орнын алмастыратын сөздер тобынан тұрады» [1, 268].

Қорыта айтқында есімдіктердің қыр-сырын қарастырып жүрген зерттеушілердің есімдік сөз табына теориялық нақты анықтама беруі қиынға соғатынын аңғарамыз, себебі есімдіктің зат есім мен сын есімнен айырмашылығы, есімдік қандай да болсын бір затты немесе сапаны атамайтындығында, тек оған сілтеп, мегзеп, сұрау т.б. мағыналарын білдіретіндігінде.

Сонымен есімдік белгілі бір контексте немесе оқиғада түсіндірілетін қорытынды мағынаға ие дегіміз келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет